БастыЖаңалықтар
Бөлісу

ЖИ-бенефициарының барлығы дерлік ұтылды. Уолл-стрит ЖИ-ге сенімін жоғалтты ма?

Весна Педченко

Весна Педченко

Oninvest редакторы
ЖИ-бенефициарының барлығы дерлік ұтылды. Уолл-стрит ЖИ-ге сенімін жоғалтты ма?

Жаздың соңына қарай Уолл-стрит жасанды истеллектпен байланысты келісімдерден жаппай шыға бастады, деп хабарлайды Barron’s. 29 тамыз, жұма күнгі саудада ЖИ-бумынан пайда көріп жүрген ірі компаниялардың барлығы дерлік минуста болды.

Егжей-тегжейлі

29 тамыздағы саудада котировканың төмендеуі чип өндірушілеріне де әсер етті: Nvidia мен AMD акциясы тиісінше 3,6% және 3,3% арзандады. Негізгі аутсайдерлердің бірі бұлтты компания Oracle болды — оның құны бір күнде 6%-дан астам жоғалтты. Инфрақұрылымдық провайдер CoreWeave қағазы бір сәтте шамамен соншалықты төмендеді, бірақ сессия соңына қарай шығынның көп бөлігін қайтарды. Дата-орталықтарға электрмен жабдықтау және салқындату жүйелерін шығаратын Vertiv Holdings капитализациясы 5,3% қысқарды. Инвесторлардың сүйікті акциясның бірі саналатын азаматтық және әскери мақсаттарға арналған ЖИ әзірлеуші Palantir 1% төмендеді.

Трейдерлер ЖИ-мен байланысты келісімдерден жаппай шығып жатқан секілді, деп санайды Barron’s. Жартылай өткізгіш компаниялары мен бағдарламалық қамту әзірлеушілерінің акциясын қадағалайтын биржалық қор Technology Select Sector SPDR 1,7% төмендеді. Ал Bank of America ЖИ-инфрақұрылым индексі күннің ортасында 3,6% құлдырап, сәуірден бергі ең қатты төмендеуді көрсетті.

Жаппай сатылымның себебі неде?

Mizuho сарапшысы Дэн О’Риган инвестордың ЖИ-мен байланысты келісімдерге қызығушылығының төмендеуіне бірнеше себеп бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, сәрсенбіде әлемдегі ең қымбат компания — чипмейкер Nvidia жариялаған тоқсандық есеп жаңа өсімге түрткі болар жаңалық берген жоқ. «Есеп беру маусымы аяқталған соң, инвестор енді: ары қарай не болады?» деген сұрақ қоя бастады», — деп жазды ол.

Nvidia нәтижесі Уолл-стрит болжамынан асып, ЖИ үшін мықты перспектива бар екенін көрсеткенімен, деректер орталықтарына арналған ЖИ-чип шығаратын негізгі бөлімшенің күтілгеннен жоғары табысты көрсете алмады. Сондай-ақ компанияның болжамы да инвесторды ерекше әсерлендірген жоқ.

Қосымша қысым Қытайдан келген жаңалықтардан туындады. The Wall Street Journal жазғандай, Alibaba жасанды интеллектке арналған өз чипін жасап шыққан, ол Қытай нарығына шығаруға рұқсат етілген Nvidia H20 чипіне балама болуы мүмкін. «Бұл чиптің қаншалықты тиімді әрі сұранысқа ие болатыны әлі белгісіз, бірақ оның пайда болуының өзі Қытай ЖИ-экожүйесін жеделдетіп дамытып жатқанын көрсетеді», — деді О’Риган.

Сарапшы сондай-ақ АҚШ Сауда министрлігінің Samsung пен SK Hynix компаниясына Қытайға америкалық жабдық экспорттауға мүмкіндік берген лицензияларды жою шешімін еске салды. Оның бағалауынша, бұл Вашингтон мен Пекин арасындағы технологиялық қатынастағы шиеленісті күшейтуі мүмкін.

Алайда бұл жаңалықтарсыз да күн ЖИ-компанияларының акциясы үшін ауыр болар еді, деп жазады Barron’s. Көптеген трейдер еңбек күніне орай ұзақ демалысқа кетіп, сауда төмен өтімділікпен жүрді. «Мұндай жағдайда аз ғана сатылымның өзі котировкаға қатты қысым жасайды», — деп түсіндірді О’Риган. Ол сондай-ақ жұма күні айдың аяқталуына байланысты алгоритмдік қорлар портфельді қайта теңгерімдеуі мүмкін деген болжам барын қосты. «Белсенді басқарушылар тарапынан көлем аз болғанын ескерсек, бұл болжам қисынды», — деп қорытындылады сарапшы.

ЖИ-саудасында салқындау бар ма?

Инвесторлар ЖИ-бумның негізгі бенефициарының акциясымен сауда жасағанда барған сайын сақтық танытып жатыр, деп жазады Reuters. Бұл айда технологиялық қағаз, соның ішінде саланың негізгі компаниялары да шайқалды, оған қарамастан Microsoft пен Meta секілді алыптар ЖИ-ге арналған капиталдық шығынды ұлғайтқанын хабарлады.

«ЖИ — қазір акция нарығын қозғап тұрған негізгі фактор», — деді Reuters-ке BCA Research бас ғаламдық стратегі Питер Березин. Bespoke Investment Group дерегінше, жасанды интеллектпен байланысты 50 акциядан құралған тең салмақталған қоржын 2022 жылдың соңынан 2025 жылғы 25 тамызға дейін шамамен 170% қымбаттаған. ЖИ-ге артқан қызығушылық бұл қағаздардың бағасын тарихи деңгейден әлдеқайда асырып жіберді. S&P 500 индексіндегі баға мен пайда қатынасын көрсететін мультипликатор қазір 22,4 деңгейінде тұр — бұл соңғы төрт жылдан бергі максимумға жуық. Ал технологиялық сектор үшін бұл коэффициент 29,2-ге дейін көтерілді. «Қауіп бар: нарық сәл алға озып кеткен болуы мүмкін, қысқа мерзімді күтудің бір бөлігі ақталмауы ықтимал», — деп есептейді BCA сарапшысы.

Мультипликаторлар әлі де дотком дәуіріндегі деңгейден төмен, дейді Reuters. Алайда инвесторлар нарықтық индекстердегі техсектордың үлесі тым жоғары екенін, бұл нарықтың оның динамикасына тәуелділігін күшейтіп отырғанын айтады. Қазір технологиялық компаниялар S&P 500 индексінің нарықтық капитализациясының үштен бірінен астамын құрап отыр — бұл 2000 жылғы наурыздағы көрсеткішке жуық, дейді LSEG Datastream.

«Нарықтық шоғырлану қаупі шынайы және өсіп келеді», — деп атап өтті Ameriprise Financial стратегі Энтони Саглимбене.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары