БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Goldman Sachs рубльдің 48%-ға құлдырайтынын болжауда

Альфия  Зивере

Альфия Зивере

Редактор
Goldman Sachs рубльдің 48%-ға құлдырайтынын болжауда

Goldman Sachs өткен аптада доллар бағамына қатысты болжамын төмендетті. Олардың бағалауынша мықты доллардың негізі — табыстылық тұрғысынан ерекше американдық активтер — жаңа импорттық баж салықтары АҚШ компанияларының пайдасына және тұтынушылардың нақты табысына қысым жасай бастаған жағдайда әлсіреуі мүмкін.

Осыған орай, дамыған елдердің көпшілік валюталары, оның ішінде еуро мен иен, күшейеді деп болжанады. Ал дамушы елдердің валюталары, соның ішінде ресейлік рубль, қысымда қалады деп атап өтеді Goldman Sachs сарапшылары. Банк талдаушыларының пікірінше, инвесторлар келесі жағдайларды күтуі мүмкін:

Иена: 2028 жылға қарай 20%-ға нығаюы ықтимал

«Ең қауіпсіз баспана» — деп сипаттайды Goldman Sachs жапон валютасын. Иена, әдетте, АҚШ-тағы рецессия қаупі артып, облигациялардың табыстылығы мен акциялар бағасы қатар төмендеген кезде ең жақсы нәтижелер көрсетеді. «АҚШ саясатындағы белгісіздіктің артуы және рецессия қаупі иенаны ең күшті қолдауға ие етеді және нарықтағы қорқыныш біртіндеп басылса да, иенаны ұлғайту орынды шешім болады», — деп жазады Goldman Sachs сарапшылары. Қазіргі бағам 144 иена/доллар деңгейінде тұрса, олар келесі үш жыл ішінде шамамен 20%-дық нығаюды күтеді:

— 2026 жыл — 127 иена/доллар;

— 2027 жыл — 120 иена/доллар;

— 2028 жыл — 115 иена/доллар.

АҚШ еңбек нарығының жағдайының нашарлауының белгілері немесе нарықтық күйзелістің күшеюі байқалса, Goldman Sachs бағалауы бойынша  бағам 135 иена/долларға 12 айдан әлдеқайда ерте жетуі мүмкін.

Юань: қысымға қарамастан тұрақты

Сарапшылардың айтуынша юаньның бағамы төмендесе, қытайлық экспорттаушыларға әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтар береді. Бірақ Қытайдың Орталық банкі валютаның тым әлсіреуіне жол бермейді, себебі бұл шетелге капиталдың кету қаупін күшейтуі мүмкін. Goldman Sachs болжамы бойынша жақын уақытта юаньның бағамы шамамен 7,3 юань/доллар деңгейінде сақталады, ал кейіннен аздап нығаюы мүмкін:

— 2026 жыл — 7,3 юань/доллар;

— 2027 жыл — 7,1 юань/доллар;

— 2028 жыл — 6,9 юань/доллар.

Сонымен, юань 2028 жылға дейін шамамен 6%-ға нығаяды, бұл үдеріс біртіндеп жүріп, толықтай реттеуші бақылауында болады.

Евро: бір жыл ішінде 7%-ға нығайды

Goldman Sachs-тің айтуынша соңғы аптада еуропалық акцияларға рекордтық көлемде инвестиция тартылған. Шетелдік инвестициялар еуроаймақ активтеріне аз болғанымен, олар да осыған ұқсас бағытта дамуда. Сарапшылардың болжамы бойынша АҚШ-тан капиталдың кетуі мен еуроаймақ экономикасының тұрақтануы аясында еуро долларға шаққанда шамамен 7%-ға нығаяды, содан кейін ол тұрақталмақ:

— 2026 жыл — 1,2 еуро/доллар;

— 2027 жыл — шамамен 1,2 еуро/доллар деңгейінде қалады;

— 2028 жыл — 1,2 еуро/доллар.

Фунт: еуромен бірге нығаюда

Фунт долларға қатысты еуроның нығаюымен бірге қозғалады деп санайды Goldman Sachs сарапшылары. Олар британ экономикасы АҚШ-тың баж салығынан аз зардап шегеді деп болжайды. Сонымен қатар, тәуекелге деген қызығушылықтың біртіндеп қалпына келуі фунтқа қолдау көрсетеді. Банктің жаңартылған болжамы бойынша, келесі жылы фунт шамамен 5%-ға нығаюы мүмкін:

— 2026 жыл — 1,36 фунт/доллар;

— 2027 жыл — 1,34 фунт/доллар;

— 2028 жыл — 1,33 фунт/доллар.

Поляк злотыйы, венгр форинті, чех кронасы: 3-8% аралығындағы нығаюы ықтимал

Орталық Еуропа елдерінің валюталары макроэкономикалық тұрақтылықтың арқасында беріктік танытады. Венгр форинті, поляк злотыйы және чех кронасы 2026 жылға қарай шамамен 3-8%-ға нығаяды деп болжайды Goldman Sachs:

— поляк злотыйы (USD/PLN): ағымдағы 3,8 деңгейінен 2026 жылы 3,5 долларға дейін (шамамен 6%-ға өседі);

— венгр форинті (USD/HUF): 363 деңгейінен 333-ке дейін — 8%-ға нығаюы мүмкін;

— чех кронасы (USD/CZK): 22,4 деңгейінен 2026 жылы 21,7-ге дейін — шамамен 3%-ға нығаяды.

Саяси тәуекелдер мен жаһандық күйзелістерге осалдығына қарамастан бұл елдердің валюталары ЕО-дағы сұраныстың тұрақтануы мен ішкі саясаттың сақтығының арқасында ұтады.

Бразилия реалы, Колумбия және Мексика песолары: әртүрлі қарқын

Ұзақ уақыт бойы дамушы елдердің валюталары табыстылығы жағынан негізгі валюталардан асып түсіп келді. Алайда қазір бұл үрдіс өзгеруде. Goldman Sachs компаниясы АҚШ-тың «ерекше жағдайының» әлсіреуі мен сенімді активтерге сұраныстың артуы G9 елдерінің валюталарына тиімді әсер етеді деп болжайды. Сонымен бірге, дамушы нарықтардағы валюталарға сауда соғыстары және рецессия қаупінің өсуі қысым көрсетеді.

— Бразилия реалы — Орталық банкінің жоғары мөлшерлемесінің арқасында әлсіреуден ең жақсы қорғалған валюта. Goldman Sachs болжамы бойынша реал 2026 жылы 6%-ға, ал 2028 жылға қарай 10%-ға нығаяды.

— Колумбия песосы — мұнай бағасының құлдырауынан ең көп зардап шегетін валюта. Goldman Sachs келесі жылы оның доллармен салыстырғанда 1,5%-ға әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Алайда, 2028 жылға қарай 1 доллар үшін 4200 песо деңгейіне жетіп, песо 3%-ға нығаюы ықтимал.

— Мексика песосы — бұл аймақтағы басқа валюталармен салыстырғанда экономикалық өсудің нашарлауына қарамастан, салыстырмалы түрде тұрақты болып келді. Бірақ қысқа мерзімді кезеңде орталық банктің макроэкономикалық жағдайлар өзгерісіне жұмсақ реакциясын ескере отырып, инвесторлар абай болулары керек. Goldman Sachs болжамы бойынша, песо 2026 жылы шамамен ағымдағы деңгейде қалады, ал 2028 жылға қарай 7%-ға нығаяды.

Рубль: 2028 жылға дейін 48%-ға әлсірейді

Goldman Sachs болжамына сәйкес 2025 жылдың жазында доллар бағамы 100 рубльге жетеді. Бұл көрсеткіш сыртқы шектеулердің әсерін және ішкі макроэкономикалық мәселелерді көрсетеді. Банк келесідей болжам ұсынады:

— 2026 жыл — 120 рубль/доллар;

— 2027 жыл — 130 рубль/доллар;

— 2028 жыл — 130 рубль/доллар.

Рубльдің ағымдағы деңгейден (87,66) 130-ға дейін күтілетін әлсіреуі үш жыл ішінде 48%-дан астамды құрайды. Бұл Goldman Sachs-тың болжамындағы ең елеулі валюталық өзгеріс.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары