БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамп ФРЖ-ге Еуроодақты үлгі етуге кеңес беріп, Пауэллдің отставкасын асыға күтуде

Сәрсенбіде ФРЖ басшысы инвесторларды тыныштандыру үшін қор нарығына араласпайтынын аңғартты

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Трамп ФРЖ-ге Еуроодақты үлгі етуге кеңес беріп, Пауэллдің отставкасын асыға күтуде

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллді дереу пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге шақырып, оның отставкасын күтіп жүргенін мәлімдеді. Бұл пікірін ол Truth әлеуметтік желісіндегі жазбасында бөлісті.

Толығырақ

«Пауэллдің отставкасын асыға күтіп жүрмін!» – деп жазды Трамп 17 сәуірде, ФРЖ басшысының инвесторларды алаңдатқан мәлімдемесінен кейін. Оның сөздері АҚШ қор нарығындағы сатылымдарды күшейтті.

Bloomberg Трамптың нақты не айтқысы келгенін болжай алмады: ол Пауэллдің өкілеттігі аяқталғанын күтуде ме, әлде оны мерзімінен бұрын қызметтен босатпақ па – бұл түсініксіз. Пауэллдің төрағалық мерзімі 2026 жылдың мамырында аяқталады, ал Басқарушылар кеңесіндегі мүшелігі 2028 жылдың ақпанына дейін созылады. Пауэлл бұрын Трамптың талабымен отставкаға кетпейтінін және президенттің оны заңды түрде жұмыстан босата алмайтынын айтқан еді.

Ақ үй бұл мәселеге қатысты Bloomberg сұранысына жауап бермеді.

Өз жазбасында Трамп Пауэллді «Тым Кеш» (Too Late) деп атап, оны әрқашан кеш қимылдайды және қателеседі деп сынға алды. Ол Еуропа орталық банкіндей пайыздық мөлшерлемелерді әлдеқашан төмендету керек еді, бірақ енді міндетті түрде солай істеуі тиіс екенін жазды.

Еске салсақ 17 сәуір күні Еуропа орталық банкі негізгі мөлшерлемені тағы 0,25 пайыздық пунктке – 2,25%-ға дейін төмендетті. Бұл – соңғы бір жылдағы жетінші төмендету.

Пауэлл: Жоғары тарифтер инфляцияны күшейтіп, ФРЖ-ны қиын таңдауға итермелеуі мүмкін

16 сәуірде Чикаго Экономикалық клубында сөйлеген сөзінде АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл Трамп енгізген жоғары кедендік тарифтер инфляцияның өсуіне және экономикалық өсімнің баяулауына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл Федрезервтің қос мандатын – бағаның тұрақтылығы мен толық жұмыспен қамту тәрізді екі оттың ортасында қала алмайды, деді ол.

Пауэллдің айтуынша мұндай жағдайда ФРЖ алдында күрделі таңдау тұруы мүмкін – инфляциямен күресу немесе экономикалық өсімді қолдау. Ол Федрезервтің нарықтағы тұрақсыздыққа араласпайтынын, яғни инвесторлардың жаппай акция сатуларын тоқтатуға әрекет жасамайтынын да ашық айтты. «Қаржы нарықтары қазіргі күрделі жағдайда күткендей жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

ФРЖ тәуелсіздігін қорғайды

Сондай-ақ Пауэлл ФРЖ-ның тәуелсіздігін заңмен бекітілгенін еске салды. Оның сөзінше Федрезерв төрағасын қызметтен босату тек «құрметті себеппен» ғана мүмкін. Бұл мәлімдеме Трамптың Пауэллді сынаған постынан кейін айтылды.

Пауэлл Федрезервтің ақша-несие саясатына өзгеріс енгізбейтінін, әзірге тарифтер бойынша нақты мәліметтер түспейінше шешімдер де қабылданбайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол нарықтағы құбылмалықтың сақталатынын ескертіп, кәсіпкерлер мен инвесторларды дайын болуға шақырды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары