БастыЖаңалықтар
Бөлісу

UBS: АҚШ шектеулерінен кейін Nvidia мен AMD өсім әлеуеті қысқарады

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
UBS: АҚШ шектеулерінен кейін Nvidia мен AMD өсім әлеуеті қысқарады

UBS инвестбанкі жасанды интеллектке арналған чип өндірушілер — Nvidia мен AMD акцияларының өсім болжамын төмендетті. Бұған АҚШ-тың Қытайға чип экспортын шектеуінен туындаған ірі қаржылық шығындар себеп болды. Nvidia бұл шектеулерден $5,5 млрд, ал AMD — $800 млн жоғалтуы мүмкін екенін мәлімдеді. Шектеулер Nvidia H20 және AMD MI308 чиптеріне қатысты, олар арнайы Қытай нарығы үшін әзірленгенімен, енді бұл нарыққа жете алмайды.

Мәліметтер

UBS сарапшысы Тимоти Аркури Nvidia акциялары бойынша мақсатты бағасын $185-тен $180-ға дейін төмендетті. Жаңартылған болжамға қарамастан, бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 80%-ға дейінгі өсімді көрсетеді. Аркуридің айтуынша, бұл шешім Nvidia-ның H20 чиптерін Қытай мен басқа елдерге жеткізе алмауына байланысты $5,5 млрд шығын болатыны туралы ескертуінен кейін қабылданды.

AMD акцияларының мақсатты бағасы да $175-тен $155-ке дейін түсірілді — бұл қазіргі деңгейден 76% өсімді білдіреді. Аркури AMD-ге шектеулердің әсері тіпті Nvidia-дан да ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті.

Нарық реакциясы

17 сәуірдегі саудада Nvidia акциялары 4%-ға құлдырап, бір сәтте $100-ға дейін түсті. 6 қаңтардағы максимум — $149,43-пен салыстырғанда, құлдырау 32%-ға жетті. AMD акциялары 1,5%-ға төмендеп, $86,9 деңгейінде саудаланды. Жыл басынан бері олар 28%-ға арзандаған.

Nvidia-ға не әсер етті

Nvidia осы аптада АҚШ үкіметі H20 чиптерін экспорттау үшін арнайы лицензия алуды міндеттегенін хабарлады. Аркуридің айтуынша, бұл талаптар компанияның қаржылық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ, ол AMD мен Intel тарапынан күшейіп келе жатқан бәсекені, әрі жартылай өткізгіш индустрияның жалпы экономикалық циклдерге тәуелділігін негізгі тәуекел ретінде атады.

MarketWatch деректері бойынша Nvidia-ны бақылайтын 69 аналитиктің ешқайсысы акцияларды сатуға кеңес бермейді. 8 сарапшы — «ұстау», қалғаны — «сатып алу» рейтингін беріп отыр. Wall Street-тің консенсус бағасы — $165,1. Бұл қазіргі бағадан 58% жоғары.

AMD де шектеулер салдарынан миллиард долларлық табыстан қағылуы мүмкін

UBS сарапшысының мәлімдеуінше Advanced Micro Devices (AMD) компаниясының MI308 чиптері — АҚШ шектеулерін айналып өтуге бейімделіп, Қытай нарығына арнайы жасалған өнімдер — енді Nvidia H20 секілді лицензия талаптарына бағынатын болады. Және бұл лицензияның берілуі екіталай. Бұл шын мәнінде экспортқа тыйым деген сөз.

Осыған байланысты AMD шамамен $800 млн көлемінде шығын тіркеуді жоспарлап отыр. Бұл — қоймада жиналып қалған өнімдер, бұрын жасалған сатып алу міндеттемелері және есепке алынуы тиіс резервтермен байланысты. UBS сарапшысы Тимоти Аркури түсіндіргендей, бұл сома компанияның 50%-дық валдық маржасын есепке алғанда шамамен $1 млрд табыстан қағылумен тең.

MarketWatch мәліметіне сәйкес, AMD акцияларын бақылайтын 53 аналитиктің 35-і — «сатып алуға», 17-сі — «ұстауға», 1-еуі ғана — «сатуға» кеңес береді.

Уолл-стриттің орташа мақсатты бағасы $143,1 деңгейінде. Бұл — AMD акцияларының сәрсенбі күнгі жабылу бағасынан 62%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары