БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ Әділет министрлігі Google-дан Chrome-ды сатуды талап етуде

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
АҚШ Әділет министрлігі Google-дан Chrome-ды сатуды талап етуде

АҚШ үкіметі Google-ден Chrome браузерін сатуды талап етіп, оны интернеттегі іздеу монополиясын шешудің ең тиімді жолы деп есептейді. Минюсттың мәлімдеуінше Chrome арқылы өтетін іздеу сұранымдарының көптігі Google-ге миллиардтаған доллар пайда әкеледі. Егер браузерді бөліп сатса, бәсекелестер бұл сұранымдарға қол жеткізіп, Google-мен шынайы бәсекелестікке түсе алады.

Толығырақ

Әділет министрлгі соттан Google-ді жасанды интеллект саласында монополияға айналдырмауды сұрайды. Әсіресе, Gemini чат-ботының дамуына байланысты бұл мәселені ертерек шешу маңызды деп есептейді. Сонымен қатар аталмыш министрлік  Google-дің іздеу жүйесін әдепкі етіп орнатуға төлем жасауды тоқтатып, іздеу нәтижелері мен жарнама алгоритмдерін бәсекелестермен бөлісуді міндеттеуді ұсынады. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, тіпті Google-дің Android операциялық жүйесін сатуға мәжбүрлеуді қарастыру керек дейді.

Google адвокаттары бұл шараларға қарсы шығып, сотты тек компанияның Apple, Samsung және басқа серіктестермен жасаған келісімдерін қарауға шақырды. Олар Google-дің бәсекелестеріне артықшылық беру мақсатында қолданылатын ұсыныстарды орынсыз деп атады.

Акциялар бұған қалай жауап берді

22 сәуірдегі сауда-саттық кезінде Google-дің бас компаниясы Alphabet-тің акциялары шамамен 2%-ға өсті. Соған қарамастан жыл басынан бері компанияның нарықтық құны 20%-дан астамға төмендеді. Салыстыру үшін АҚШ-тың негізгі қор индексі S&P 500 сол уақыт аралығында екі есе аз шығынға ұшырады.

Контекст

Google-ге қарсы антимонополиялық шағым 2020 жылы берілген болатын. 2023 жылы судья Амит Мехта сегіз апта бойы тыңдаулар өткізіп, Әділет министрлігі компанияны өз іздеу жүйесін Apple, Samsung және басқа өндірушілердің веб-браузерлері мен смартфондарына алдын ала орнату туралы келісімдер арқылы бәсекелестікті әлсіретті деп айыптады. 2021 жылы Google осындай келісімдерге $26,3 миллиард жұмсағанын сот анықтады.

Сотта Google өз өнімдерінің сапасына байланысты таңдалатынын және келісімдерден тәуелсіз екенін дәлелдеуге тырысты. Компания даму үшін салған инвестицияларын алға тартты. Алайда сот компанияның бәсекелестікке қарсы тәжірибелерді әдейі қолданғанын және интернет жарнамасы нарығында үстемдік еткенін мойындады. Енді сот компанияға қандай жаза қолдану керектігін және бәсекелестікті қалай қалпына келтіру керектігін шешуі керек. Ақырғы шешім, ол Google жұмысында елеулі өзгерістерге және бүкіл технологиялық нарыққа әсер етуі мүмкін, жазда жарияланады деп күтілуде.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары