S&P 500 индексінің өсуін нарықтың бұрылыс белгісі деп қабылдамау керек — BofA

Bank of America инвесторларға осы аптадағы S&P 500 индексінің өсуін нарықтағы түбегейлі бұрылыс деп қабылдамауға кеңес берді. Инвестбанк пікірінше, акцияларды жаппай сату әлі аяқталған жоқ. Бұл үрдіс ФРЖ мөлшерлемені төмендетпейінше АҚШ пен Қытай сауда келісіміне келмейінше және тұтыну шығындары тұрақты сипат алмағанша жалғасады. Сондықтан BofA қазіргі белгісіз жағдайда сақтықты ұстануға шақырады. Өзі болса, құлдырау кезінде облигацияларды, шетелдік активтерді және алтынды сатып алып жатыр, деп жазады CNBC.
Толығырақ
Bank of America сарапшысы Майкл Хартнетттің айтуынша, S&P 500 индексіндегі компаниялардың акцияларын сату, осы аптадағы өсуге қарамастан, жалғаса береді. Оның инвесторларға жолдаған жазбасын CNBC келтіреді.
«Біз жылдың бірінші жартысында облигациялар, шетелдік активтер мен алтындағы түзетулерді сатып алуды жалғастырамыз, ал S&P 500 мен долларды ралли кезінде сатамыз», — деп жазды Хартнетт.
Bloomberg мәліметінше сарапшы доллардың ұзақ мерзімді құлдырау кезеңіне енгенін, ал акцияларды сату тренді жалғасатынын атап өтеді. Бұл ФРЖ мөлшерлемені төмендетпейінше, АҚШ пен Қытай келісімге келмейінше, тұтыну тұрақты болмайынша жалғасады. Сондықтан ол америкалық активтер мен валютаны ралли кезінде сатуға кеңес береді.
«Нарықта «Ұлы америкалық ерекше жағдай» деген сенімнен «АҚШ-тан алшақтау» кезеңіне өткендей күрт бетбұрыс болды», — дейді Хартнетт CNBC таратқан пікірінде.
Мысал ретінде ол мынаны келтіреді: «АҚШ-қа қарағанда, Испания қор нарығы жыл басынан бері 25% өсті (доллармен есептегенде) — бұл еуроаймақтағы қарыз дағдарысынан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Қазір капитал Майамиге емес, Мадридке қарай ағылып жатыр».
Сонымен қатар АҚШ доллары да құнсызданып жатыр. Хартнетттің айтуынша әлсіз доллар немесе облигация кірістілігінің төмендеуі арқылы немесе керісінше, жоғарылап кетуі арқылы көрініс беруі мүмкін. Бұған алтын бағасының күрт өсуі дәлел, деп жазады CNBC. Хартнетт АҚШ-тың технологиялық алпауыттарына сенімін жоғалтпаса да, көбірек шетелдік активтерге көңіл бөлу қажеттігін айтады.
«“Ғажайып жетіліктің” күйреуі туралы әңгіме асыра айтылған болуы мүмкін (олар жасанды интеллект тақырыбында әлі де орталықта), бірақ әлсіз доллар — әлемдегі **шикізат активтеріне деген қызығушылықты күшейтеді», — делінген BofA шолуында.
Нарықтағы жағдай
Хартнетттің бұл пікірі АҚШ нарығында сирек кездесетін өсу аптасының аясында айтылды. S&P 500 бір аптада шамамен 3,8%, Nasdaq — 5%, Dow Jones — 2% қосқан. Алтын бағасы жаңа рекордтан кейін аздап арзандады — бұған дейін ол алғаш рет $3500 шегінен асып кеткен. 10 жылдық АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі айтарлықтай өзгерген жоқ, ал доллар аптаны әлсіз өсіммен аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды CNBC.
Инвесторлар соңғы уақытта америкалық акциялар мен доллардан қашып, оның орнына алтынды таңдауда — себебі, әлемдік саудадағы белгісіздік пен АҚШ-тағы стагфляция қаупі күшейіп келеді.
25 сәуір күні Қытай билігі АҚШ-пен сауда келіссөздері әлі басталмағанын мәлімдеді, бұл уақытта Ақ үй өз ұстанымын жұмсарта түскен болатын.








