БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Google үшін жаңа сынақ: ChatGPT-ге сауда жасау мен тауар салыстыру мүмкіндігі қосылды

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Google үшін жаңа сынақ: ChatGPT-ге сауда жасау мен тауар салыстыру мүмкіндігі қосылды

OpenAI өз чат-ботын «барлық

қызметті атқаратын қосымшаға» айналдыруды

көздеп, бәсекелестерінен озып шығуға

ұмтылуда.

OpenAI компаниясы ChatGPT

жасанды интеллектісіне тауарларды

іздеу және салыстыру мүмкіндігін қосты.

Енді чат-бот арқылы ұсынылған сілтемелер

арқылы бірден тауар сатып алуға болады.

Бұл жаңалық OpenAI мен басқа жасанды

интеллект жасаушылар арасындағы, соның

ішінде интернеттегі іздеу нарығында

үстемдік етіп отырған Google-мен бәсекелестікті

күшейтіп отыр.

Толығырақ

ChatGPT қолданушылары енді

чат-бот интерфейсінде тауарларды қарап,

салыстырып, кейін сыртқы сайттарға өтіп

сатып ала алады, деп хабарлады OpenAI X

әлеуметтік желісінде. Чат-бот тауарлардың

бағасы мен пікірлері көрсетілген

карточкаларды ұсынады.

OpenAI мәлімдеуінше,

ChatGPT-де табылған және салыстырылған

өнімдердің нәтижелері тәуелсіз таңдалады

және жарнама болып есептелмейді.

Жаңа сауда мүмкіндіктері

28 сәуірден бастап ChatGPT-нің ақысыз да,

ақылы да нұсқаларында қолжетімді болады.

Бірақ оны толық енгізу бірнеше күнді

алуы мүмкін.

Әзірге шопинг функциясы

электроника, сән, сұлулық және тұрмыстық

тауарлар сияқты шектеулі санаттарға

ғана қолданылады, деп хабарлайды

Bloomberg. Болашақта басқа да тауар санаттарына

кеңейту жоспарланып отыр. Бұл мүмкіндік

ChatGPT-дің 500 миллионнан астам белсенді

қолданушысына және жүйеге тіркелмеген

қолданушыларға да қолжетімді болады.

Бұдан бөлек, OpenAI енді

WhatsApp арқылы ChatGPT-ке хабарлама жіберіп,

нақты уақыттағы жаңалықтар мен спорттық

матч нәтижелерін алуға болатынын

хабарлады.

Неліктен бұл маңызды

OpenAI ChatGPT-дің іздеу

мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр, ал олар

компанияның ең жылдам дамып келе жатқан

қызметтерінің бірі саналады. OpenAI

деректеріне сүйенсек, кейінгі апта

ішінде чат-бот арқылы 1 миллиард іздеу

сұранысы жасалған. Айта кетсек, ChatGPT-де

интернет арқылы іздеу мүмкіндігі тек

2024 жылдың қазан айының соңында пайда

болған еді.

ChatGPT-дегі іздеу функциясы

Google (Alphabet компаниясына тиесілі) және

өзге дәстүрлі іздеу жүйелеріне тікелей

қауіп төндіріп отыр. Сарапшылардың

пікірінше, OpenAI-дың чат-боты Google-ды дәл

Kodak секілді күйге түсіруі мүмкін. Яғни

Kodak өз уақытында цифрлық камералардың

дамуынан кейін пленкалы фотокамералар

нарығынан ығыстырылған болатын.

ChatGPT-дегі тауар іздеу

және салыстыру функциясы оның басқа

жасанды интеллектілермен және тұтынушылық

кеңес беретін сайттармен бәсекелестігін

де күшейтеді, деп атап өтті Bloomberg. Мысалы,

ChatGPT жаңарса CNET пен The New York Times-тың

Wirecutter жобасы сияқты тұтынушыға бағытталған

шолу сайттарының тікелей бәсекелесіне

айналады. OpenAI өз чат-ботын іздеу жүйесі,

дауыс көмекшісі және бейне жасаушы

мүмкіндіктерін біріктіретін әмбебап

қосымшаға айналдыруды көздеп отыр. Бұл

қолданушылардың ChatGPT-де өткізетін

уақытын арттыруға және Anthropic, Google және

Илон Масктың xAI компаниясымен бәсекеде

оқ бойы озық болуға бағытталған қадам

саналады. Айта кетейік, тағы бір жасанды

интеллект стартапы Perplexity AI 2024 жылдың

қарашасында өз чат-ботына шопинг

функциясын енгізген еді.

Контекст

Google өз табысының негізгі

бөлігін жарнамадан табады. Әзірге

жасанды интеллектінің әсері компанияның

қаржылық нәтижелеріне теріс ықпал еткен

жоқ. Alphabet компаниясы бірінші тоқсандағы

есебінде жалпы табыстың 12%-ға өскенін,

ал іздеу жарнамасынан түскен табыстың

10%-ға артып, 50,7 миллиард долларға жеткенін

жариялады. Alphabet бас директоры Сундар

Пичаи бұл жетістікке жасанды интеллект

технологияларын енгізудің арқасында

қол жеткізгендерін атап өтті.

Сондай-ақ жасанды

интеллектті жарнамада қолданатын тағы

бір ірі технологиялық компания — Meta

Platforms (Instagram, Facebook және WhatsApp-тың иесі)

2024 жылы жарнама арқылы 160,63 миллиард

доллар табыс тапты. Бұл компанияның

жалпы табысының 98%-ын құрайды ($164,5 млрд).

Meta өздерінің бірінші тоқсандық есебін

30 сәуірде жарияламақ.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары