АҚШ акциялары соңғы үш жылдағы ең күшті алты күндік өсімді көрсетті

АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің бірі — S&P 500 көктемгі 2022 жылдан бері алғаш рет алты күн қатарынан ең үздік өсімді көрсетті: индекс шамамен 8% өсті. Мұндай серпінге АҚШ Сауда министрі Говард Латниктің тарифтерге байланысты шет мемлекетпен келісімге келдік деген мәлімдемесі әсер етті. Ал Дональд Трамп Үндістанмен сауда келісімі бойынша өз сенімін білдірді.
Толығырақ
S&P 500 индексі 2025 жылдың 29 сәуірінде 0,58% өсіп, 5560,83 тармаққа жетті. Бұл соңғы алты күндегі шамамен 8% өсіммен 2022 жылдың наурызынан бергі ең үздік алты күндік көрсеткіш болды. Индекс қатарынан алтыншы күн өсіп, бұл қарашадан бергі ең ұзақ өсу кезеңі болды.
Dow Jones Industrial Average индексі 0,75% өсіп, 40 527,62 тармаққа жетті. Бұл индекс үшін шілде 2024 жылдан бергі ең ұзақ алты күндік өсу кезеңі болды.
Технологиялық секторға бағытталған Nasdaq Composite индексі 0,55% өсіп, 17 461,32 тармаққа жетті. Nasdaq 100 индексі 2 сәуірден кейінгі барлық шығындарын өтеуге жақын қалды.
Nvidia акциялары 0,3%, Apple — 0,5%, Microsoft — 0,74%, Meta — 0,85% өсті. “Керемет жетілік” ішінде ең жоғары өсімді Tesla көрсетті: оның акциялары 2,15% өсті. Amazon акциялары Ақ үйдің сынынан кейін 0,17% төмендеді. Alphabet акциялары шамамен 0,3% арзандады.
Оптимизмнің себебі
АҚШ акцияларының көпшілігі сауда күні бойы тұрақты болды, бірақ АҚШ Сауда министрі Говард Латник CNBC эфирінде АҚШ-тың басқа елмен сауда келісіміне қол жеткізгенін хабарлағаннан кейін өсті. Латник келісімнің сол елдің премьер-министрі мен парламентінің мақұлдауын күтіп отырғанын айтты. Ол бұл елдің атын атамады, бірақ бұл Қытай емес екенін атап өтті.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Үндістанмен сауда келіссөздері “өте жақсы” жүріп жатқанын және жақын арада келісімге қол жеткізілетінін мәлімдеді. Бұған дейін Қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтонның Нью-Делимен келісімге “өте жақын” екенін айтқан болатын.
Инвесторлар тұтынушылар сенімінің бес жылдағы ең төменгі деңгейге түскеніне қарамастан, бұл деректерді елемеді. Тұтынушылар сенімі индексі қатарынан бесінші ай төмендеді.
Саоапшылардың пікірі
“Бұқалар” тобы Дональд Трамптың импорттық тарифтері тудырған күйзелістерге қарамастан, нарықтың өсуін қамтамасыз етті. Кейбір теориялар бойынша, инвесторлар нарықтың ерте қалпына келу кезеңін өткізіп алудан қорқып, инвестицияны одан әрі құюды. Федералды резервтің рецессияны болдырмау үшін пайыздық мөлшерлемелерді төмендету үміті тәуекелді инвестицияларды қолдауға себеп болды.
NatAlliance Securities вице-төрағасы Эндрю Бреннер Bloomberg-ке берген сұхбатында: “Қазіргі сәтте көтерілу мен құлдырауды тану қиын, бірақ біз ең нашар кезең артта қалды деп ойлаймыз”, — деді.
Алайда кейбір инвесторлар жағдайдың тұрақсыздығы туралы ескертуде. New York Life Investments аға нарық стратегы Лорен Гудвин: “Нарық үшін маңызды салалардағы белгісіздік деңгейі жоғары болып қалуда, сондықтан нарықтағы құбылмалылық сақталады”, — деп атап өтті.
Baird инвестициялық стратегы Росс Мэйфилд CNBC-ге берген сұхбатында: “Біз сауда саласындағы жағдайдың шешімін таппайынша, басқа ештеңе маңызды емес деп ойлаймын”, — деді.








