БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Supermicro есебі мен техгиганттар үміті: Nvidia акциялары арзандады

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Supermicro есебі мен техгиганттар үміті: Nvidia акциялары арзандады

Чип өндірумен айналысатын AMD мен Broadcom акциялары да арзандады.

30 сәуірдегі сауда-саттықта Nvidia акциялары шамамен 5%-ға төмендеді. Бұған екі себеп бар: біріншіден, инвесторлар Meta Platforms пен Microsoft сәрсенбі күні жариялайтын қаржылық есепті күтіп отыр. Екіншіден, сервер өндірушісі Supermicro табыс пен кірістің болжанғаннан әлдеқайда төмен болатынын ескертті. Олардың бұған аландауы бекер емес. Өйткен Supermicro серверлерінде Nvidia чиптері жиі қолданылады.

Толығырақ:

30 сәуір күні Nvidia акциялары 4,5%-ға түсіп, 104 долларға дейін арзандады. Ал жыл басынан бері компанияның нарықтық құны 22%-ға азайды. Салыстыру үшін айта кетейік, АҚШ-тың негізгі S&P 500 индексі осы уақытта 5,5%-ға ғана төмендеді.

Жоғарыда айтқанымыздай Nvidia акцияларының арзандауы Meta мен Microsoft-тың есептеріне және Supermicro-ның көңілсіз болжамына байланысты. Бұл екі компания санаулы сағаттан соң есептерін жариялайды. Инвесторлар болса Nvidia-ның инфрақұрылымға арналған капиталдық шығындарына ерекше назар аударып отыр. Акция иелері екі компания жасанды интеллект инфрақұрылымына инвестиция салуды жалғастыратынын немесе арттыратынын мәлімдейді деп үміттенеді.

Supermicro 29 сәуірде тоқсандық есебін жариялап, нәтижесі бойынша көптің көңіл күйін түсіріп алды. Салдарынан бүгін олардың бірден 20%-ға құлдырады. Бұл Nvidia-ға қатысты да алаңдаушылық тудырды, себебі оның чиптері Supermicro серверлерінде кең қолданылады.

Басқа чип жасаушылардың акциялары да құлдырады. Мысалы, AMD акциялары 4%-ға, Broadcom акциялары 3,5%-ға арзандады.

Supermicro компаниясына не болды?

Компания алдын ала болжанған кірістен әлдеқайда аз табыс алатынын мәлімдеді. Қазір олар 4,5–4,6 млрд доллар табыс күтуде. Ал бұрынғы болжам 5–6 млрд болған еді. Barron’s қаржылық журналы жариялаған FactSet дерегіне сүйенсек, Уолл-стрит те компания 5,4 млрд доллар табыс табады деп күткен.

Түзетілген акцияға шаққандағы пайда да екі есеге жуық төмен болады: 29–30 цент қана, ал компанияның өзі бұрын 46–62 цент болады деп болжаған еді, ал талдаушылардың күтімі — 53 цент болған.

Supermicro мұндай табыс төмендеуін клиенттердің платформа таңдауда шешім қабылдауын кешіктіруімен түсіндірді. Ал акцияға шаққандағы пайданың азаюын — қоймада ескірген тауарларды есептен шығаруға қосымша қор бөлумен байланыстырды.

Barron’s дерегінше, мәселенің бәрі клиенттердің Nvidia-ның жаңа Blackwell чиптеріне ауысуына байланысты. Бұл — қазіргі ең қуатты жасанды интеллектінің чиптері. Nvidia олардың бәрі сатылып кеткенін айтқан. Сондықтан Supermicro-ға бұрынғы Hopper чиптері мен ескі жад модульдерін қоймадан шығарып тастауға тура келді.

Evercore ISI аналитигі Амит Дарьян да Supermicro клиенттері жаңа чиптерді күтіп, сатып алуды кейінге қалдыруда деп есептейді. «Supermicro әлі Hopper чиптеріне сүйенеді, ал тұтынушылар Blackwell-ге қызығып отыр. Бұл — ескі чиптер қоры көп өндірушілер үшін үлкен тәуекел», — дейді ол Barron’s-ке берген пікірінде.

Evercore ISI сарапшыларының айтуынша, осындай пікірді өткен айдағы тоқсандық есеп беру кезінде сервер мен деректер орталығы жабдықтарын шығаратын HPE компаниясы да айтқан. Олар жасанды интеллект серверлерінен түскен табыстың шамамен 70%-ы Blackwell чиптері орнатылған платформаларға тиесілі болғанын, ал AI өнімдерінің қоры әдеттегіден көп болғанын мәлімдеген.

 

 

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары