БастыReview
Бөлісу

Еуроаймақта экономикалық өсім бар, бірақ тарифтер қиындық туғызуда

Михаил  Завараев

Михаил Завараев

Тәуелсіз сарапшы
Еуроаймақта экономикалық өсім бар, бірақ тарифтер қиындық туғызуда

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Еуропа экономикасы соңғы екі жылдағы ең жоғары өсімді көрсетті. Бірақ бұл өсім – тек Еуроаймақ үшін жоғары саналады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өткен тоқсанмен салыстырғанда 0,4%-ға артты. Bloomberg сарапшылары бұған дейін 0,2% өсім болады деп болжаған еді.

Мұндай жақсы нәтиже көбіне Италия, Испания және әсіресе Ирландияның арқасында болды. Ирландияның ЖІӨ бір тоқсанда бірден 3,2%-ға өсіп, бүкіл Еуроаймақтың көрсеткішін 0,1 пайыздық тармаққа жақсартты. Бұл елдің экономикасы аса үлкен болмаса да, әсері айтарлықтай болды.

Ал Еуроаймақтың ең ірі екі экономикасы – Германия мен Францияның қсімі әлдеқайда төмен деңгейде қалуда: Германия 0,2%, Франция 0,1%. Бұл күтілген деңгеймен сәйкес.

Қуанышқа себеп жоқ

20 елден тұратын Еуроаймақ экономикасы бесінші тоқсан қатарынан өсіп отыр. Германия мен Франция рецессиядан құтылып, қайта өсімге шықты. Бірақ бұны тұрақты оң өзгеріс деп айтуға әлі ерте.

Мысалы, Францияда ЖІӨ өсімі ішкі сұраныс есебінен емес, қоймадағы тауарлар көлемінің артуынан болды – бұл тұрақты дамудың белгісі емес. Ал Германия экономикасы соңғы он тоқсанда өсу мен құлдыраудың ортасында қалып, соңғы алты жыл бойы нақты алға жылжи алмай келеді. Жаңа үкімет уәде еткен фискалдық ынталандырулар көмектесуі мүмкін, бірақ құрылымдық мәселелерді шешу үшін үлкен инвестициялар мен жылдар қажет.

Тарифтер қауіп төндіруде

Еуропа экономикасының өсімі күткеннен жақсы болғанымен, бұл үрдіс ұзаққа созылмауы мүмкін. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген сауда тарифтері мен Еуроаймақтың оған қарсы әрекеттері алдағы тоқсандарда қиындықтар туғызуы ықтимал.

Қазірше бұл «сауда соғысының» әсері бірінші тоқсанда көрінген жоқ. Бірақ алдағы уақытта АҚШ пен ЕО арасындағы тарифтік қақтығыс жаһандық экономикаға әсер етіп, Еуропаның да ЖІӨ тежей алады.

Бір үміт – арзандай түскен энергия мен инфляция

Дегенмен бұл жағдай Еуропа үшін бір жағынан пайдалы болуы да мүмкін. Сұраныстың азаюы бағаның түсуіне, соның ішінде энергия көздерінің арзандауына әкелуі ықтимал. Бұл – Еуропаның өнеркәсіп саласына серпін береді. Ал инфляцияның төмендеуі Еуропа орталық банкінің ақша-несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік береді.

Алайда сарапшылардың айтуынша жалпы нәтиже – теріс болады. Дегенмен ол бастапқыда қорқытқандай ауыр болмайды. Еуроаймақтың ЖІӨ-сі 2025 жылы тек 0,9%-ға өседі деп күтілуде. Еуропалық орталық банк маусымда бұл болжамды қайта төмендетуі мүмкін.

Еуроаймақтың АҚШ-қа экспорттайтын тауарлары оның жалпы ЖІӨ-нің небәрі 3%-ын ғана құрайиынын айтып өткен жөн. Сондықтан тікелей тарифтік соққы тым ауыр болмасы анық.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары