БастыЖаңалықтар
Бөлісу

TSMC сәуірде клиенттердің баж салығынан қорқуынан рекордтық сатылым тіркеді

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

TSMC сәуірде клиенттердің баж салығынан қорқуынан рекордтық сатылым тіркеді

TSMC — әлемдегі ең ірі  чип өндіруші — сәуірде рекордтық түсім туралы есеп берді. Клиенттері, оның ішінде Apple және Nvidia, Дональд Трамптың жаңа сауда баждары күшіне енбей тұрып негізгі компоненттерді жедел сатып алған.

Толығырақ

TSMC-дің сәуір айындағы түсімі жылдық есеппен 48,1% өсіп, 349,57 млрд тайвань долларына ($10,76 млрд) жетті. Бұл компания тарихындағы ең жоғары айлық нәтиже. Бұрынғы рекорд – 314,24 млрд тайван доллары – 2024 жылғы қазанда тіркелгені жайлы Investing.com мәлімдеген. Сәуір айындағы өсім саапшылардың консенсус-болжамынан да асып түсті: Bloomberg сарапшылары екінші тоқсанға 38% өсім күтуде.

Сарапшылар не дейді

Apple мен Nvidia үшін негізгі жеткізуші ретіндегі TSMC жедел тапсырыстардан пайда көріп отыр: клиенттер АҚШ-тың 32% баж салығын шілдеге дейін кейінге қалдырғанын ескере отырып қор жинады. Bloomberg талдаушысы Чарльз Шум пікірінше, Трамп әкімшілігінің ЖИ-чип экспортын қолжетімді ету жоспары TSMC үшін қысқамерзімді мүмкіндік ашады — компания табысының 20% ЖИ-сегментінен келеді. Алайда Шум ұзақмерзімді перспективада жаңа экспорттық шектеулер Қытайдың ЖИ-чиптеріне жанама қолжетімдігін шектеуі мүмкін екенін ескертеді.

Контекст

Трамп әкімшілігінің өршіп бара жатқан сауда соғысы әлемдік ЖІӨ болжамдарын, оның ішінде IPhone-ға сұраныс, деректер орталықтары және бұлтты есептеулер тұрғысынан қайта қарауға мәжбүр етуде. TSMC жаһандық технологиялық шығындардың индикаторы ретінде жоғары тапсырыстарды және Nvidia-ның нейрожелілерді оқытуға қажет чиптеріне сұраныстың сақталып отырғанын көрсетеді.

Тайвандық доллардың рекордтық нығаюы қатер төндіруде: компанияның келісімшарттарының басым бөлігі АҚШ долларында жасалғандықтан, ұлттық валютаның 1% нығаюы операциялық маржаны 0,4 п.т.-ға төмендетеді.

Акциялардың жағдайы қалай

Сәуір айының деректері Тайвань биржасы жабылғаннан кейін жарияланып, Robinhood-тағы бүкіләлемдік сауданың алғашқы минуттарында TSMC депозитарлық қолхаттары 0,9% өсті — $179,9 деңгейіне жетті. Нью-Йорк премаркетінде ADR-ы 2% қымбаттады. 45 сарапшының 44-і TSMC акцияларын «сатып алуға» (Buy/Overweight) кеңес береді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары