БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Amazon Alexa мен Kindle жобаларына жауапты бөлімнің қызметкерлерін қысқартуда

Евгения Ватаманюк

Евгения Ватаманюк

Oninvest тілшісі
Amazon Alexa мен Kindle жобаларына жауапты бөлімнің қызметкерлерін қысқартуда

Интернет-дүкендер алыбы және бұлтты қызметтер платформасының иесі Amazon құрылғылар мен сервистер бөліміндегі шамамен 100 қызметкерді қысқартпақ. Бұл бөлім дауыстық көмекші Alexa мен Kindle электронды кітабы секілді өнімдерге жауап береді.

Сейсенбі күні басқа да ірі технологиялық компания – Microsoft – шамамен 6 мың адамды жұмыстан босататынын мәлімдеді.

15 мамыр, бейсенбі күні таңертеңгі саудада Amazon акциялары арзандады.

Егжей-тегжейлі

CNBC мәліметінше Amazon құрылғылар мен сервистерге жауапты ірі бөлімінде шамамен 100 қызметкерді жұмыстан босатпақ. Бұл бөлімге Alexa, Echo құрылғылары, Ring бейнеқоңырау жүйесі, Kindle және Zoox роботтаксиі секілді жобалар кіреді.

Бұған дейін Reuters дереккөзге сүйене отырып қысқартулар туралы хабарлаған болатын, кейінірек Amazon бұл ақпаратты растады. Алайда қай жобаларда қысқарту болатынын нақтыламады.

«Біз командалар мен бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ өнімдік жоспарларымызға барынша дәл сәйкестену мақсатында бірқатар лауазымдарды қысқарту туралы қиын шешім қабылдадық», — дейді Amazon өкілі Кристи Шмидт (CNBC келтіреді).

«Біз мұндай шешімдерге жеңіл қарамаймыз және жұмыстан кететін қызметкерлерге өтпелі кезеңде қолдау көрсетеміз», — деп толықтырды ол.

Amazon бас директоры Энди Джесси 2022 жылдың басынан бері шығындарды қысқарту саясатын жүргізіп келеді. Сол уақыттан бері компания шамамен 27 мың қызметкерді жұмыстан шығарған. Құрылғылар мен сервистер бөлімі бұған дейін де, 2022 және 2023 жылдары қысқартуларға ұшыраған еді.

Өткен жылы Amazon корпоративтік құрылымын жеңілдетіп, басқару сатыларын азайтты. Бұл – басқару деңгейлерін қысқарту және ұйымды «жазық» ету мақсатында жасалған болатын. Биылғы қысқартулар ауқымы бұрынғыдан аз, бірақ жалғасып жатыр.

Акциялардың жағдайы не болды?

15 мамыр, бейсенбі күні премаркетте Amazon акциялары 1,3%-ға арзандады. Жыл басынан бері компания акциялары шамамен 4%-ға төмендеді.

Дегенмен MarketWatch дерегі бойынша қазіргі кезде ешбір сарапшы бұл акцияларды сатуға кеңес беріп отырған жоқ. Керісінше, 69 сарапшы «сатып алуға» немесе «үлесін арттыруға» кеңес береді, тек төртеуі ғана «ұстап тұру» ұстанымында.

Wall Street консенсус-болжамы — акция бағасы $239-ға дейін өседі, бұл 14 мамырдағы жабылу деңгейінен 13,5%-ға жоғары.

Контекст

Bloomberg хабарлауынша технологиялық алпауыттар жасанды интеллектке (AI) ірі инвестициялардың аясында шығындарды қайта қарап, қысқартып жатыр.

Мысалы, биыл Salesforce 1000-нан астам қызметкерін қысқартатынын мәлімдеген. 13 мамыр, сейсенбіде Microsoft та шамамен 6 мың адамды жұмыстан босататынын хабарлады. Бұл – басқару деңгейлерін азайту стратегиясының бір бөлігі.

Bloomberg мәліметінше Microsoft-тағы қысқартулар ең алдымен өнім жасаумен айналысатын қызметкерлерге әсер еткен. Тіпті бағдарламалық жасақтама жасаушылар да қысқартуға ұшырауда. Вашингтонда қызметінен айырылған 2000 адамның 40%-дан астамы – инженер-програмистер екен.

Сондай-ақ, жасанды интеллект жобаларымен айналысатын кейбір менеджерлер мен қызметкерлер де қысқартуға ілігеді, деп жазады Bloomberg.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары