85,7 миллиард долларлық IPO: SpaceX екіншілік ұсыныс арқылы тартылған қаражатты арттырды

Фото: SpaceX / Unsplash
CNBC хабарлауынша, Илон Масктың аэроғарыш компаниясы SpaceX-тің бастапқы жария ұсынысы (IPO) үшін андерайтерлер бастапқы ұсыныс аясында қосымша акцияларды сатып алу опциясын ресми түрде пайдаланды. Нәтижесінде SpaceX-тің биржаға шығуы кезінде тартылған қаражаттың жалпы сомасы 85,7 миллиард долларға дейін өсті. Reuters мәліметі бойынша, SpaceX өзінің андеррайтерлері осы опция арқылы қосымша 83,3 миллион акцияны сатып алғанын хабарлады.
Бейсенбі күні ертеңінде SpaceX өзінің бастапқы жария ұсынысы (IPO) арқылы 75 миллиард доллар жинағаны белгілі болды. CNBC-ның түсіндіруінше, андеррайтерлер әдетте IPO-дан кейін акция бағасы көтерілгенде артық бөлу опциясын қолданады.
Сауданың алғашқы күні SpaceX акцияларының бағасы 19%-дан астамға өсті. 15 маусым дүйсенбі күні ол тағы 6,6%-ға өсіп, бір акцияның бағасы 171 долларға жетті. Нәтижесінде SpaceX-тің жалпы нарықтық капитализациясы 2 триллион доллардан асып, компанияны АҚШ-тың ең құнды жеті корпорация сының қатарына қосып, Илон Маскті әлемдегі алғашқы триллионерге айналдырды.









