БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Adobe акциялары сатуға ұсынылғаннан кейін құлдырады. Компанияға ЖИ бәсеке болуда

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Adobe акциялары сатуға ұсынылғаннан кейін құлдырады. Компанияға ЖИ бәсеке болуда

Adobe акциялары шамамен 4%-ға арзандады. Бұған Rothschild & Co Redburn аналитигі көп уақыттан кейін алғаш рет аталған қағаздарға «Сату» рейтингісін беріп, мақсатты бағаны төмендетуі себеп болды. Оның пікірінше, генеративті жасанды интеллекттің жаңа сервистері компанияның контент жасауға арналған бағдарламалар нарығындағы басты артықшылықтарын жойып, баға саясатына қауіп төндіруде.

Егжей-тегжейлі

Бағдарламалық жасақтама саласында қиындықтарға тап болған алпауыт Adobe акциялары сәрсенбі күні 3,5%-ға төмендеді. Бұл туралы Barron’s жазады. Бұған Rothschild & Co Redburn компаниясының сарапшысы Омар Шейхтың бағалау рейтингісін бейтараптан «Сату» деңгейіне дейін түсіруі себеп болды.

Шейхтың сараптамалық жазбасында  Adobe акцияларының мақсатты бағасын да $420-дан $280-ға дейін төмендетті. Бұл көрсеткіш 2 шілдедегі жабылу бағасынан 26% төмен. Соңғы 12 айда компания қағаздары 34%-ға, ал жылдың басынан бері 15%-ға жуық құлдыраған. Бұл ретте маусымда жарияланған екінші тоқсанға арналған қаржы есебі сарапшылардың күткенінен жоғары болды.

Сарапшы қандай мәселені негізге алып отыр?

Шейхтің пікірінше мәтінді суретке немесе видеоға айналдыратын генеративті ЖИ құралдарының кең таралуы компанияның нарықтағы позициясына қауіп төндіруде.

Barron’s басылымы атап өткендей, Photoshop және Acrobat секілді өнімдердің әзірлеушісі Adobe ұзақ уақыт бойы кәсіби пайдаланушыларға арналған контент жасау процесінің барлық кезеңін — идеядан бастап өңдеу мен жұмыс процесін ұйымдастыруға дейінгі аралықты — толық бақылады.

Алайда қазір Google Deepmind әзірлеген Imagen (сурет генераторы) және OpenAI ұсынған Sora (видео генерациялау моделі) секілді ЖИ платформалар креативті жобаларды бастаған кәсіби мамандар үшін басты құралға айнала бастады, деп жазады сарапшы.

«Өңдеу және жұмыс процестерін басқару — келесі кезекте бәсекелестік туындайтын салалар болады, бұл Adobe-тың баға саясатын ұстап тұру қабілетіне одан әрі күмән тудыруда», — деп жазды Шейх.

Бұл — баға өсімін табыс драйверіне айналдырған компания үшін үлкен проблема, деп атап өтеді басылым.

Соған қарамастан, Шейх Adobe-тың өзіне тән артықшылығы — мол ақша ағыны — арқылы ЖИ-ге қатысты стратегиялық шешімдер қабылдай алатынын да мойындады.

Атап айтқанда, компания генерациялау моделін сатып алып, өңдеу функциялары бар озық ЖИ үлгісін өзі жасап немесе қолданушылардың жұмыс процестерін басқаруға арналған ЖИ құралдарын әзірлей алар еді. Басшылық одан да батыл қадамдарға барып, мысалы, жаңа бәсекелестермен күреске бағытталған еншілес компания құрып немесе тіпті бүкіл компанияны сатуға дейін баруы мүмкін, деп болжайды сарапшы.

Басқа сарапшылар не дейді

Уолл-стриттегі сарапшылардың көпшілігі Adobe-қа қатысты оң көзқараста қалуда. FactSet сауалнамасына қатысқан 41 сарапшының 26-сы Adobe акцияларын сатып алуға немесе портфельде басым ұстауға кеңес береді. Ал Redburn сәуірден бері жалғыз өзі ғана «Сату» немесе соған балама рейтинг берген.

FactSet деректері бойынша Уолл-стриттегі Adobe акцияларының орташа мақсатты бағасы — $478,2. Бұл 2 шілдедегі жабылу бағасынан 26,5%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары