БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Алтын өндіруші Zijin Gold акциялары IPO-дан кейін шарықтады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Алтын өндіруші Zijin Gold акциялары IPO-дан кейін шарықтады

Zijin Gold акциялары Гонконг биржасында алғашқы сауда күні күрт қымбаттады. Бұған алтын бағасының рекордтық деңгейге көтерілуі себеп болды.

Компания Қытайдың ең ірі тау-кен холдингі Zijin Mining-ке тиесілі. Ол шетелдегі алтын кеніштерін басқарады. IPO барысында 3,2 млрд доллар тартылды. Бұл – 2025 жылғы әлемдегі екінші ең ірі IPO.

Сауда 30 қыркүйекте басталды. Акциялар 71,59 гонконг долларынан ($9,2) сатылды. Бір сағат ішінде баға 120 гонконг долларына жетті. Кейін 115 деңгейінде тұрақтады. Компанияның құны қысқа уақытқа 300 млрд гонконг долларынан ($38,6 млрд) асты.

Жиналған қаражаттың бір бөлігі Қазақстандағы Райгородок кенішін сатып алуға жұмсалады. Сома – 1,2 млрд доллар. Сондай-ақ компания алдағы бес жылда жаңа жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Сарапшылардың айтуынша IPO үшін уақыт өте қолайлы болды. Алтын бағасы өскен сайын инвесторлардың қызығушылығы артып жатыр. Zijin Gold бағасы нарықтағы ұқсас компанияларға қарағанда 26% төмен болды. Бұл ірі инвесторларға тартымды көрінді.

Зәкірлі инвесторлар қатарында Сингапурдың мемлекеттік қоры GIC, BlackRock, Hillhouse, Fidelity және Millennium Management бар. Олар акциялардың жартысын сатып алып, кемінде алты ай сатпай ұстамақ.

Алтын бағасы үшінші жыл қатарынан қымбаттап келеді. 29 қыркүйекте баға алғаш рет унциясына 3800 доллардан асты. Бұған доллардың әлсіреуі және АҚШ-тағы ықтимал шатдаун тәуекелі әсер етті.

Биыл алтын компаниялары бірінен соң бірі биржаға шығып жатыр. Индонезияда PT Merdeka Gold Resources IPO арқылы 280 млн доллар тартты. Қытайлық Shandong Gold Mining Гонконгта 500 млн доллар жинады.

2025 жылы ең ірі IPO әзірге қытайлық аккумулятор өндіруші CATL-ға тиесілі. Сома – 5,3 млрд доллар. Алайда қарашада АҚШ-тың Medline компаниясы 5 млрд долларлық IPO өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары