БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Apollo корпоративтік софтқа қарсы бәс тігуде. Басты себебі не?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Apollo корпоративтік софтқа қарсы бәс тігуде. Басты себебі не?

Apollo Global Management соңғы он жылда private equity үшін ең тартымды бағыттардың бірі болған корпоративтік бағдарламалық қамтамасыз ету секторындағы үлесін қысқартты. Әлемдегі ең ықпалды инвесткомпаниялардың бірі көптеген B2B-софт әзірлеушілеріне жасанды интеллект (ЖИ) нақты қауіп төндіріп отыр деп есептейді.

Егжей-тегжейлі

Financial Times-тың дерегінше 2025 жылдың басында Apollo-ның private credit қорлары портфеліндегі бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілерінің акциялары шамамен 20% болған. Қазір бұл үлес екі есеге жуық азайған.

FT дереккөзіне сүйенсек, Apollo-ның басшысы әрі теңқұрушысы Марк Роуэн инвесторлармен жабық кездесуде бұл көрсеткішті жақын уақытта таза активтердің 10%-ынан да төмен деңгейге түсіргісі келетінін айтқан. Мұндай шешім софт компанияларына ИИ тарапынан төнетін тәуекелдер бағаланғаннан кейін қабылданған.

Сонымен қатар Apollo бәсекелестер берген несиелер бойынша қысқа позициялар ашқан. Олар үш IT-компанияның қарыздары арзандайды деп ставка жасаған: Internet Brands (онлайн-платформалар иесі), SonicWall (желіні қорғау шешімдері), Perforce (күрделі IT-жобаларды басқару өнімдері).

Apollo бұл компаниялардың қарыз қағаздары арзандағанда пайда табуды көздеген. Бұл стратегия 2025 жылдың едәуір бөлігінде қолданылғанымен, қазір барлық позициялар жабылған.

ЖИ неліктен қауіпті?

Apollo-ның пікірінше жасанды интеллект корпоративтік софт әзірлеушілер үшін түбегейлі тәуекел тудырып отыр. Себебі ЖИ бұрын арнайы бағдарламалар қажет болған көптеген міндеттерді өзі орындай алады: код жазу, клиенттерге қызмет көрсету, қаржылық және әкімшілік рутиналық операциялар.

Инвесторлардың алаңдаушылығын күшейтіп отырған тағы бір фактор — private capital қорларының бұл секторға шектен тыс көп қаржы салуы. Қазір ірі private credit қорлары портфелінің 25–33%-ы софт әзірлеушілерге тиесілі.

Ал 2020–2021 жылдары қарыз есебінен жүргізілген белсенді сатып алулар көптеген компаниялардың бағасын тым қымбат деңгейге жеткізген, деп жазады FT.

Blackstone президенті Джонатан Грей де ЖИ көптеген софт компаниялардың бизнес-моделін әлсіретуі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, инвесторлар жаңа технологияның бұзушы әлеуетін әлі де толық бағаламай отыр. Қазан айында Лондонда өткен конференцияда ол мәміле мамандарына ЖИ-ға байланысты тәуекелдерді инвестициялық меморандумдардың ең басына шығаруды тапсырғанын айтқан.

Акциялар қалай қозғалды?

2025 жылдың басынан бері S&P 500 Software Industry индексі 11% өсті. Сол кезеңде жалпы S&P 500 индексі 16% қосқан.

Ал Dow Jones U.S. Software индексі қаңтардан бері 10% ғана өсті, бұл негізгі Dow Jones Industrial Average индексінің өсімінен (+14%) төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары