БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Apollo: Жасанды интеллектке қызығушылық доткомнан да асты. Алаңдайтын кез келді ме?

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Apollo: Жасанды интеллектке қызығушылық доткомнан да асты. Алаңдайтын кез келді ме?

Apollo Global компаниясының бас экономисі АҚШ акцияларының жасанды интеллектке (ЖИ) байланысты шарықтауы 1990-жылдардағы интернет-компаниялар дүмпуінен әлдеқайда асып түсуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі кезде S&P 500 индексіндегі он ірі компанияның нарықтық құны сол кездегімен салыстырғанда да жоғары. компанияларға тым көп ақша құйылып жатыр, әрі адамдардың олардан үміті де тым жоғары болып кеткен. Бұл әдетте қауіпті үрдіс саналады. Дегенмен, кей сарапшылар ЖИ көпіршігі туралы айтуға ерте екенін айтып, компаниялардың нақты қаржылық көрсеткіштері мен ЖИ секторында жаппай IPO-ның жоқтығын алға тартады.

Егжей-тегжейі

Apollo Global Management-тің бас экономисі Торстен Слек қазіргі ЖИ-ге қатысты ажиотаж 1990-жылдардың соңындағы дотком дәуірінен де ірі қаржылық көпіршікке ұласуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, айырмашылық мынада: қазіргі кезде S&P 500 индексіндегі он ірі компания бұрынғыдан да қымбат бағаланып отыр. Мысалы, 2000-жылдардың басындағы шарықтау кезеңінде аталған компаниялар акцияларының бағасы табыспен салыстырғанда (P/E көрсеткіші) шамамен 25 деңгейінде болса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 30-ға жуықтады.

Слек мұндай жоғары баға мен үміттердің акция құнына алдын ала қосылып кетуі 1990-жылдар соңындағы интернет-компанияларға деген маниакалды (асыра қызығушылық, шектен тыс әуестік) сұранысты еске түсіреді, тіпті одан асып түседі дейді. Сол кезде инвесторлар компаниялардың нақты табысына қарамастан, интернет акцияларын жаппай сатып алған болатын.

Экономист нақты компанияларды атамағанымен, Seeking Alpha мәліметінше, қазіргі Amazon, Alphabet, Microsoft, Meta, Nvidia, Apple және Tesla нарық көшбасшылары секілді ЖИ-дің арқасында S&P 500 индексінің негізгі қозғалтқышына айналды. Бұл компаниялардың қазіргі қаржылық жағдайы мықты болса да, Слек жоғары мультипликаторлар ұзақ уақыт бойы ақталмайтынын ескертеді. Бұл Investing.com дерегінен алынған.

Investing.com атап өткендей, бұл мәлімдемелер ЖИ-ге байланысты акция нарығындағы үдемелі өсім аясында жасалып отыр. Nasdaq Composite технологиялық индексі 2025 жылы тұрақты түрде S&P 500-ден алда келеді. Nvidia, Microsoft пен Meta сынды компаниялар рекордтық бағалауға жетті. Мәселен, Nvidia жуырда әлемде нарықтық құны 4 триллион доллардан асқан алғашқы компания атанды.

Басқа сарапшылар не дейді?

Дегенмен, Barron’s басылымының жазуынша, өзге сарапшылар ЖИ саласындағы көпіршік туралы айтуға әлі ерте екенін алға тартады. DataTrek Research компаниясының негізін қалаушылардың бірі Николас Колас акция бағалары расымен жоғары екенін мойындағанымен, бірқатар факторлар жағдайды жұмсартады дейді. Оның айтуынша, 1999 жылдан бері чиптердің есептеу қуаты 380 000%-ға артқан, бұл өз кезегінде компанияларды бағалау негізін өзгертті.

Сондай-ақ, 2025 жылы генеративті ЖИ саласында бар болғаны 20-ға жетпейтін IPO өткен, ал 1999 жылы интернет-компаниялардың IPO-сі 300-ге жуық болған. Колас бұл жайт қазіргі ЖИ секторында нақты табыс әлеуеті бар жария компаниялардың аз екенін көрсететінін айтты. Сонымен қатар, ол 1999–2000 жылдары АҚШ Федералды резерві пайыздық мөлшерлемелерді көтеріп, мұнай бағасы өскенін, ал қазіргі жағдайда бұл факторлар керісінше екенін еске салды.

Société Générale компаниясының АҚШ нарығына жауапты стратегия бөлімінің жетекшісі Маниш Кабра да осыған ұқсас көзқараста. Оның айтуынша, нарықтың келешегін бағалағанда мөлшерлеме деңгейінен бұрын оның бағыты маңызды. Қазіргішақта АҚШ акцияларындағы тәуекелдік сыйақы 3,3%-ды құрайды, бұл орташа көрсеткіш – 4,2%-дан төмен. Бұл инвесторлардың компания табысына және экономиканың мықтылығына сенімді екенін білдіреді. Кабраның пікірінше, нақты көпіршік тек S&P 500 индексі 7500 пунктке жеткен кезде ғана басталуы мүмкін. Бұл қазіргі деңгейден 20%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары