БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Басты жаңалықтар: алтын жаңа рекорд орнатты, мұнай бағасы өсуде

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Басты жаңалықтар: алтын жаңа рекорд орнатты, мұнай бағасы өсуде

Алтын тарихи максимумға жетіп, бір унциясы $3570-тан асты, ал күміс Дональд Трамптың қысымынан кейін бір жыл ішіндегі ең жоғары деңгейіне жетті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $69-ға дейін өсті. Бұл ОПЕК+ отырысы алдында орын алған жағдай, кезекті отырыстың нәтижесінде мұнай өндіру көлемі сол қалпында қалдырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, АҚШ Ресей мен Үндістанға шикізат жеткізіліміне байланысты қысымды күшейтіп жатыр. Осы және өзге де маңызды оқиғалар туралы — 2 қыркүйектегі таңғы шолуымызда.

Алтын жаңа рекорд орнатты

MarketWatch басылымының мәліметінше алтын фьючерстері тарихи максимумға жетіп, бір унциясы $3578,40-ты құрады, күміс те жылдық шегінен асты. «Қауіпсіз активтерге» деген сұраныстың артуы — Дональд Трамптың ФРЖ-ға жасаған қысымынан және ол Федералды резерв басқарма мүшесі Лиза Кукты орнынан түсіруге тырысып, сотқа дейін барған жағдайдан туындаған алаңдаушылықпен байланысты, деп жазады басылым. Сонымен қатар, Ақ үй енгізген жаһандық тарифтердің заңдылығы да белгісіз күйде қалып отыр және бұл мәселе Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін.

Аптаның басында Dow Jones, S&P 500 және Nasdaq индекс фьючерстері әртүрлі бағытта қозғалды, ал биткоин бағасы қайтадан $109 000-нан асты. Инвесторлардың үмітін ФРЖ-ның алдағы отырысында мөлшерлемелерді төмендетуі нығайта түсуде және бұл алтынды облигациялармен салыстырғанда тартымды етуде, деп атап өтті MarketWatch.

SPI Asset Management басқарушы серіктесі Стивен Иннесс: «Мәселе раллидің жалғасу жалғаспауында емес, нарық тыныштық иллюзиясы жойылған кезде стрессті қалай өткеретітінде болып отыр» ,— деп жазды. Оның пікірінше жылдың соңына дейін қалпына келудің алдында 5–10% түзету болуы мүмкін.

Трамп Үндістанды сауда шектеулері үшін қатты сынға алды

CNBC-дің хабарлауынша АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістанды әділетсіз сауда саясаты үшін тағы да айыптап, екі ел арасындағы қарым-қатынасты «біржақты апат» деп атады. Оның айтуынша Нью-Дели тарифтерді жоюға бағытталған ұсыныстарын дайындап тым ұзақ жүріп алды, ал Вашингтон болса әлдеқашан 50% кедендік баж енгізіп, оның үстіне Ресейден мұнай сатып алғаны үшін қосымша 25% жазалау шарасын қолданған.

Дүниежүзілік сауда ұйымының дерегі бойынша 2024 жылы Үндістанға АҚШ тауарларына орташа кедендік мөлшерлеме 6,2% болса, АҚШ тарапынан бұл көрсеткіш 2,4% болған.

Сауда шиеленісінің ушығуы аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Тяньцзиньде өткен ШЫҰ саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті және серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Вашингтонда Делидің Пекинмен жақындасуына қатысты алаңдаушылық бар. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент бұл кездесуді «нәтижелі белгі» деп атады, деп жазады CNBC.

Телеарнаның хабарлауынша Қытаймен байланысты нығайту Үндістанға индустрияландыру үшін қажетті технологияларға жол ашады. Алайда, бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктер толыққанды одақ құруды қиындатады.

Robinhood пен FanDuel даулы event contracts нарығына шықты

Yahoo Finance-тің жазуынша Robinhood пен FanDuel компаниялары event contracts деп аталатын өнімдерді іске қосқандарын мәлімдеді — бұл спорттық матчтардан бастап алтын немесе биткоин бағасына дейінгі оқиғалардың нәтижесіне арналған бинарлы келісімшарттар.

Бұл өнімдер «сұр аймақта» орналасқан. Яғни олар не құмар ойын, не инвестиция болып саналмайды және оларды классикалық биржалық сауда немесе ойын бизнесі емес, оны Тауарлық фьючерстік сауда жөніндегі комиссия (CFTC) реттейді. Америкалық ойын бизнесі қауымдастығы (AGA) мұндай келісімшарттарды бәс тігудің бір түрі ретінде тануды талап етіп, бұл заңдарды айналып өту қаупін тудырады деп есептейді.

Robinhood Невада мен Нью-Джерси реттеушілеріне қарсы талап-арыз түсіріп, оларды өнімді бұғаттауға тырысты деп айыптады.

ОПЕК+ отырысы алдында мұнай қымбаттауда

Bloomberg-тің хабарлауынша Brent маркалы мұнай бағасы $69-ға жақындап, WTI $65 шамасында сақталуда. Трейдерлер алдағы демалыс күндері өтетін ОПЕК+ отырысын күтуде — онда мұнай өндіру көлемін бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданады деп күтілуде. Агенттіктің пікірінше баға $65–70 диапазонында саудалануда — бұған ұсыныстың артып кетуі және сауда шиеленістері салдарынан сұраныстың әлсіреуі себеп.

Назар аударылатын тағы бір тақырып — Ресейдің мұнай жеткізілімі. АҚШ Мәскеуге қысымды Үндістан арқылы күшейткісі келуде, ал Нью-Дели Владимир Путинмен достық кездесулер өткізіп жатыр. АҚШ Қаржы министрлігі жаңа санкциялар дайындауда, бірақ сарапшылардың айтуынша Украина шабуылдары ресейлік инфрақұрылымға әсер етіп, бағалардың күрт құлауына жол бермей отыр, ал ұсыныс профициті өсуге кедергі келтіруде, деп жазады агенттік.

Қор нарығындағы ахуал

— Жапондық кең Topix индексі 0,5%-ға өсті.

— Nikkei 225 бенчмаркі 0,25%-ға көтерілді, бірақ кейін өсуін жоғалтты.

— Оңтүстік Кореяда Kospi индексі шамамен 1%-ға, ал шағын компаниялар индексі Kosdaq — 1,04%-ға нығайды.

— Австралиялық S&P/ASX 200 0,1%-ға төмендеді.

— S&P 500 фьючерстері 0,1%-ға арзандады, Nasdaq Composite фьючерстері — 0,2%-ға төмендеді, ал Dow Jones Industrial Average келісімшарттары іс жүзінде өзгеріссіз қалды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары