БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Биткоин алғаш рет $120 мыңнан асты. Пайданы тіркейтін кез келді ме?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Биткоин алғаш рет $120 мыңнан асты. Пайданы тіркейтін кез келді ме?

2025 жылғы 14 шілдеде биткоин құны тарихи максимумды жаңартты. Өсімге биткоин-ETF-ке қаржының қатты ағылуы, криптовалюталарды компаниялар тарапынан белсенді сатып алу, сондай-ақ АҚШ-та криптовалюта нарығын реформалауға қатысты үміттер ықпал етті.

Егжей-тегжейлі

14 шілдеге қараған түні биткоин алғаш рет тарихта $120 мың деңгейінен асып, қазір $122 мыңнан жоғары бағамен саудалануда. Маусым айының басынан бері ол 13%-ға қымбаттады: бұл қатарынан үшінші «жасыл» айлық шырақ (свеча).

Cointelegraph мәліметінше ең ірі криптовалютаның өсуін институционалдық сұраныс, әсіресе BlackRock-тың споттық биткоин ETF-і қолдап отыр. Бұл қордың басқаруындағы активтер өткен аптада рекордтық $83 млрд-қа жетті. Қазіргі таңда BlackRock биткоин-ETF-і 700 мыңнан астам биткоинге ие – бұл Strategy қорына қарағанда 100 мыңға көп. CNBC дерегі бойынша 10 шілде күні АҚШ-тың биткоин-ETF-тері жыл басынан бергі ең ірі қаржылық ағынды тіркеді – $1,18 млрд.

Сарапшылар не дейді

«Біз биткоин өсімі ұзақмерзімді институционалдық сатып алушылармен байланысты деп санаймыз, бұл оны алдағы бір-екі ай ішінде $125 мыңға жеткізеді», – деді CNBC-ге BTSE криптобиржасының операциялық директоры Джефф Мэй.

«Трамптың ЕО, Мексика және басқа сауда серіктестерімен жүргізіп жатқан сауда даулары алдағы аптада түзетуге (коррекцияға) әкелуі мүмкін, бірақ институционалдық инвесторлар бұл тәуекелді модельдеріне алдын ала қосып қойған және биткоиннің әрі қарай өсетініне сенімді», – деп қосты ол.

Сарапшы Аксель Адлер биткоин желісіндегі белсенділік артып келе жатқанын, ал жаппай сатылым белгілері байқалмайтынын айтты. «[Биткоиндерді] белсенді сатудың белгілері жоқ, – деді Адлер. – Бұл фундаменталды және техникалық тұрғыдан алғанда да «аюға» емес, «бұқаға» тән көңіл-күйді күшейтеді».

Контекст

CNBC-дің хабарлауынша биткоинге деген қызығушылықты ірі компаниялардың қаржылық бөлімшелері тарапынан криптовалюта сатып алу белсенділігі де арттырып отыр. Нарыққа қосымша серпін беретін тағы бір фактор – заңнамалық айқындық болуы мүмкін: АҚШ Конгресі осы аптада криптовалюталарға қатысты бірқатар заң жобаларын қарауға кіріседі.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары