БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Биткойн бағасы 50 күн өзгеріссіз тұр. Неге «ірі ойыншылар» $130 000-ға өседі дейді?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Биткойн бағасы 50 күн өзгеріссіз тұр. Неге «ірі ойыншылар» $130 000-ға өседі дейді?

Қазір биткойнның құбылмалылығы тарихи минимумға жақын. Ең танымал криптовалюта екі айға жуық уақыт бойы тар бағалық диапазонда саудаланып тұр. Дегенмен, нарықта бұл тыныштық ұзаққа созылмайды деген сенім күшейіп келеді. Соның дәлелі — ірі ойыншылардың алдағы екі-үш айда биткойн күрт өседі деген болжаммен жиі бәс тіге бастауы.

Егжей-тегжейлі

Биткойн-трейдерлер қазір жиі жоғары деңгейде орындалатын колл-опциондар бойынша позицияларды ашып жатыр.Бұл — нарықта бағалардың қайта құбылуына дайындық барын көрсетеді, деп жазады Coindesk. Биткойн бағасы $100–110 мың аралығындағы диапазонда 50 күннен бері саудалануда. Оның өсуін криптовалютаны ұзақ уақыт ұстаған инвесторлардың сатуы тежеп отыр — олар ETF-ке құйылып жатқан қаражатты теңестіруде.

«Құбылмалылық тарихи минимум деңгейінде қалды. Бірақ егер биткойн $110 мың деңгейіндегі кедергіні бұзып өтсе, бағаның қозғалысынан пайда әкелетін келісімшарттарға (опциондарға) сұраныс қайта артуы мүмкін. Қазір кейбір ірі ойыншылар дәл осы сценарийге сай позиция алып жатыр», — делінген компания есебінде.

QCP Capital дерегінше, ірі ойыншылар биткойн бағасы күзге қарай өседі деп болжады. Олар бағасы $130 мыңнан жоғары көтерілсе пайда әкелетін келісімшарттарды сатып алып жатыр, сонымен қатар $115 мың мен $140 мың аралығындағы өсімге есептелген позицияларын да сақтап отыр. Компанияның айтуынша, бұл — инвесторлардың үшінші тоқсанға деген құрылымдық оптимистік (яғни, «бұқалық») көзқарасын көрсетеді.

Биткойнның өсуіне не ықпал етеді?

Нарық қатысушылары биткойнның өсуіне сенімді бола бастады. Себебі ірі орталық банктерден жаңа өтімділік құйылуы бағаның көтерілуіне түрткі болуы мүмкін, дейді Cointelegraph. Сарапшы Тед Пиллоустың айтуынша, ағымдағы нарықтық жағдайлар — ірі ойыншылардың биткойнды ақырын сатып алуы және АҚШ-тың кедендік баж салығын 1 тамызға дейін кейінге қалдыруы — инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығын арттырды. Бұл жағдайлар алдағы бірнеше аптада биткойн бағасының $120 мыңға дейін өсуіне “жасыл жарық” беріп отыр.

Контекст

Маусым айында инвестициялық алпауыт BlackRock биткойнға  $3,85 млрд құйды. Компания бұл қадамды абайлап жасады – ірі көлемдегі сатып алуды кішігірім бөліктерге бөліп, бірнеше транзакциямен жүзеге асырды, яғни бағаның күрт ауытқуына жол бермеуге тырысты. Бұл — тәуекелді басқарудың (тәуекел-менеджменттің) классикалық тәсілі: нарыққа қысым жасамай, позицияны біртіндеп қалыптастыру. AInvest платформасы жазғандай, мұндай тәсіл BlackRock компаниясының криптовалютаға ұзақ мерзімге келіп отырғанын көрсетеді.

Ірі қаржы ұйымдарының белсенділігі артқан тұста, AInvest жеке инвесторларға нарықтағы динамиканы мұқият бақылауға кеңес береді. Егер ірі ойыншылар криптонарыққа кіре берсе, биткойн тек алыпсатарлық актив болудан қалып, инвесторлар портфелінде әртараптандыру мен тәуекелді басқару құралына айналуы мүмкін.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары