БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Bloomberg: Цукерберг метағаламға бөлінетін қаржыны едәуір қысқартпақ

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Bloomberg: Цукерберг метағаламға бөлінетін қаржыны едәуір қысқартпақ

Meta Platforms бас директоры Марк Цукерберг бұрын компанияның болашағы деп атаған метағаламға бөлінетін қаржыны едәуір қысқартуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап. Компания өкілі бұл туралы пікір білдіруден бас тартты.

Осы жаңалықтан кейін Meta акциялары Нью-Йорк биржасында сауда басталғанда 6%-ке жуық қымбаттап, қазан айының соңынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті.

Мұндай ұсыныстар 2026 жылға арналған жылдық бюджет жоспарлау кезінде қараша айында талқыланған. Дереккөздерге сенсек, Цукерберг әр бөлімшеге шығынды 10%-ке дейін қысқартудың жолын табуды тапсырған. Бұл тәсіл Meta-да соңғы жылдары қолданылып келеді.

Алайда метавселені дамытуға жауапты командадан одан да үлкен қысқарту талап етілген. Себебі компания бұл технологияны дамытуда күткендей бәсекелестік көрмеген, дейді Bloomberg сұхбаттасушылары.

Егжей-тегжейі

Bloomberg деректеріне сәйкес, Meta метағаламды дамытуға арналған бюджетті келесі жылы 30%-ке дейін қысқартуды қарастырып жатыр. Бұл топқа Meta Horizon Worlds виртуалды әлемі мен Quest виртуалды шындық құрылғылары кіреді. Мұндай қысқарту 2026 жылы қаңтарда жұмыстан босатуға әкелуі мүмкін. Алайда түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Неге метағалам сынға ұшырады?

Метағалам жобасы бірнеше жылдан бері сынға алынып келеді. Инвесторлар оны тым шығынды десе, реттеушілер балалар қауіпсіздігі мен жеке дерекке қауіп төндіреді деп айыптап жүр.

Бұл бөлім Reality Labs департаментінің құрамында. Reality Labs — Meta-ның ұзақ мерзімді жобаларын, мысалы, VR құрылғылар мен AR көзілдіріктерді әзірлейтін бөлім. 2021 жылдан бері Reality Labs 70 млрд доллардан астам шығынға ұшырады. Цукерберг соңғы кездері өз баяндамаларында метағаламды сирек айтып, жасанды интеллект пен оған байланысты құрылғыларға (мысалы, дисплейі бар Meta Ray-Ban көзілдірігі) көбірек назар аударып жүр, деп жазады Bloomberg.

Кейбір сарапшылар мен инвесторлар Цукербергке Reality Labs жобаларынан бас тартуға бірнеше рет кеңес берген. Олардың пікірінше, бұл жобалар компания ресурсын тауысып жатыр, бірақ табыс әкелмейді. Forrester зерттеу компаниясының вице-президенті Майк Пралюкс сәуір айында Meta 2025 жылдың соңына дейін Horizon Worlds секілді метажобаларын жабады деп болжаған. Оның айтуынша, Reality Labs — «түбі тесік шелек», ал метағаламды тоқтату компанияға Llama, Meta AI және ақылды көзілдіріктер сияқты ЖИ бағыттарына көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары