БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Сейсмикалық өзгеріс»: Apple бас интерфейс дизайнері Meta-ға кетеді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
«Сейсмикалық өзгеріс»: Apple бас интерфейс дизайнері Meta-ға кетеді

Facebook пен Instagram желілерінің иесі Meta Platforms Apple компаниясының бас дизайнерлерінің бірін жұмысқа шақырып алды — ол пайдаланушы интерфейстері бөлімін басқарған Алан Дай, деп хабарлады Bloomberg. Бұл қадам Meta-ның жасанды интеллектке негізделген тұтынушылық құрылғыларды дамытудағы ниетін көрсетеді, ал Apple тағы бір менеджерді жоғалтты.

Егжей-тегжейлі

Meta-да Алан Дай 31 желтқсаннан бастап дизайн директоры қызметіне кіріседі, деп растады Bloomberg. Ол бағдарламалық жасақтама мен құрылғылардың дизайнына, сондай-ақ жасанды интеллектті интерфейстерге енгізуге жауапты болады. Дай Meta-ның техникалық директоры Эндрю Босуортқа бағынады. Ол басқарылатын Reality Labs бөлімшесі — смарт-көзілдіріктер, Ray-Ban Meta ақылды көзілдіріктері және виртуалды шындық гарнитуралары сияқты түрлі киілетін құрылғыларды әзірлейтін негізгі орталық.

Дайдың басты міндеті — Meta-ның тұтынушылық құрылғыларын ЖИ-функцияларға басымдық бере отырып қайта ойластыру, деп растады Bloomberg. Сонымен қатар, Meta-ға Дайдың орынбасары Билли Соррентино да ауысады — ол 2016 жылдан бері Apple дизайн бөлімінде басшылық қызмет атқарған.

Apple Bloomberg пен Reuters-ке берген түсініктемесінде Дайдың Meta-ға өткендігін растады.

Бұл Apple үшін не білдіреді? 

Reuters жазғандай, Дай Apple-де 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2015 жылдан бастап интерфейс дизайны командасын басқарды. Оның орнына компанияда 1999 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Стивен Леме тағайындалады, деп хабарлады Bloomberg.

Bloomberg Дайдың Meta-ға ауысуын Кремний алқабындағы «сейсмикалық өзгеріс» әрі Apple үшін «ірі жоғалту» деп атады. 2019 жылы аты аңызға айналған дизайнер Джони Айв кеткеннен кейін, операциялық жүйелердің, қолданбалардың және құрылғылардың сыртқы келбеті мен логикасын қалыптастыруда негізгі рөл атқарған тұлғалардың бірі дәл осы Дай болды, деп жазды агенттік. Ол Vision Pro аралас шындық гарнитурасының интерфейсін жасауды, iOS операциялық жүйесінің редизайнын, сондай-ақ Apple Watch пен iPhone X — компанияның алғаш рет экран астында кнопкасыз шыққан смартфонының дизайн әзірлемесін басқарды. Оның командасы Apple-дің жаңа «ақылды» үй құрылғыларына да жұмыс істеді.

Соңғы апталарда Apple-ден операциялық директор Джефф Уильямс пен ЖИ бағытының жетекшісі Джон Джанандреа да кетті. Өткен жылдың күзінде аппараттық бөлімнің бұрынғы басшысы Дэн Риччио қызметтен кеткен еді. Bloomberg дерегінше, процессор әзірлеу бөлімін басқаратын Джони Сруджи мен экологиялық саясат жөніндегі вице-президент Лиза Джексон да жұмыстан кету мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Акция ахуалы

3 желтоқсан, сәрсенбі күнгі саудада Apple акциясы 0,7% құлап, $284,1-ға дейін түсті. Meta қағазы да 1,2% төмендеп, $639,6-ға дейін түсті.

Apple акциясы 2025 жылдың басынан бері 13% қымбаттады. MarketWatch дерегінше, сарапшылардың ең танымал рейтингі — «сатып алу»: Buy — 24, және Overweight — 8 рейтингі бар. Алайда, «ұстауға» (Hold) — 15, «сатуға» (Sell және Underweight) — 4 сарапшы кеңес берді. Орташа мақсатты баға — $287,09, бүл ағымдағы бағадан сәл ғана жоғары.

Meta акциясы қазір 2025 жылдың басымен салыстырғанда 9% қымбат. Бірақ сарапшылар Meta қағазын Apple-ге қарағанда әлдеқайда жақсы бағалайды: «сатып алуға» — 63 (53 Buy және 10 Overweight), және «ұстауға» — 7 сарапшы кеңес берді. «Сату» бойынша бірде-бір рейтинг жоқ. Орташа мақсатты баға — $839,44, бұл соңғы жабылудан 31% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары