BofA ASML акциясынан 20% өсем күтеді. Неге оны 2026 жылдың фавориті деді?

Bank of America жартылай өткізгіш жабдықтарын өндіруші ASML-ға қатысты «сатып алу» рейтингін растады және оны чип секторындағы басты таңдауы әрі 2026 жылдың негізгі фавориттерінің бірі деп атады, деп жазады CNBC.
Банк сарапшысы Дидье Семама ASML акциясының мақсатты бағасын $1134-дан $1331-ға көтерді — бұл соңғы саудадағы жабылудан 20% жоғары. Оның айтуынша, ASML акциясы литография қарқындылығының өзгеру нүктесінің арқасында өсуі мүмкін. Бұл компанияға DRAM жедел жад нарығындағы үлесін ұлғайтуға жол ашады. Оның бағалауынша, ASML үлесі 2028 жылға қарай шамамен 26%-ға жетеді.
3 желтоқсандағы саудада ASML акциясы 0,5% өсті. Жыл басынан бері қағаз шамамен 60% қымбаттаған.
BofA неге нарықтан бұрылыс күтеді?
Сарапшылардың айтуынша, соңғы 12–18 ай бойы литографияға жұмсалатын шығындардың үлесіне (яғни әлемдік чип өндірісіне салынатын жалпы инвестициядағы литографиялық жабдыққа кететін капекс көлеміне) қатысты талқылаулар жүріп келген еді, енді жағдай біртіндеп оң бағытқа бұрыла бастады.
Оның бағалауынша, бірнеше ірі тапсырыс берушілерге тәуелділік пен Қытай нарығына қатысты өзге де тәуекелдер де біртіндеп әлсірей береді.
«Жекелеген клиенттерге деген тәуелділік азайып келеді: Samsung қайтадан бәсекеге қабілетті бола бастады, Micron EUV-технологиясын (экстремалды ультракүлгін литография — Oninvest) жедел енгізуде, Intel тұрақтануда, ал ЖИ-чип өндірушілері ерекшелену үшін жаңа буынның озық нанометрлік техпроцестеріне көшіп жатыр», — деп жазды сарапшы.
Семаманың айтуынша, Қытайдың компания табысындағы үлесі шамамен 20% деңгейіндегі тұрақты межеге қайта оралады, бұл сұраныстың күрт құлдырауы немесе қатаң экспорттық шектеулер енгізілуі мүмкін деген алаңды төмендетеді.
Сарапшы енді ASML-дың 2027 жылы валдық маржасы кеңейеді деп күтеді, бұл акцияға қосымша импульс береді. Ол айтарлықтай жақсаруды компанияның өнімдік құрамының анағұрлым тиімді болуымен байланыстырады.
Басқа да сарапшылар пікірі
JP Morgan 1 желтоқсанда Амстердамда саудаланатын ASML акциясын «сатып алу» рейтингін растады және мақсатты бағасын €1000-дан €1100-ға көтерді. Бұл таргет акцияның соңғы жабылуымен салыстырғанда 17% өсуді білдіреді.
Жартылай өткізгіш жабдық өндірушінің акциясын 37 қадағалап отыр. Олардың көбі «сатып алуға» — 26 кеңес берді. Қағазды портфельде «ұстап тұруға» — 10 кеңес береді, ал «сатуға» — 1 ғана сарапшы кеңес берді.








