БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Британдық облигация кірістілігі 27 жылдық максимумда. ЕО бонды да шегіне жетті

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Британдық облигация кірістілігі 27 жылдық максимумда. ЕО бонды да шегіне жетті

Ұлыбританияның 30 жылдық мемлекеттік облигациясының кірістілігі 1998 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Параллельде Еуропадағы басқа елдердің де бонды көпжылдық максимумға жетті, ал британдық акция 2%-дан аса арзандады, фунт стерлинг долларға қатысты сәуірден бергі минимумға түсті. Мұның артында жай ғана жаңалық немесе қандай да бір статистикалық деректерден гөрі әлдеқайда маңызды әрі терең себеп жатыр, деп жазады Bloomberg.

Егжей-тегжейлі

Ұлыбританияның 30 жылдық қазынашылық облигациясының кірістілігі 2 қыркүйектегі саудада 5,7%-ға жетіп, 1998 жылдан бергі максимумды жаңартты, деп хабарлайды Bloomberg. 10 жылдық бонд кірістілігі 6 базистік пунктке өсіп, қаңтардан бергі максимумға көтерілді, деп қосты агенттік.

Осындай динамиканы сейсенбі күні Еуропа нарығындағы және АҚШ-тағы бондтар да көрсетті. Мысалы, Германия, Франция және Нидерландтың 30 жылдық облигацияласы 2011 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті, деп жазады CNBC. АҚШ-та 30 жылдық трежерис 6 базистік пунктке көтерілді, 10 жылдық қағаздар 7 пункттен артық өсті, ал екі жылдық облигациялар 4 пунктке артты. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы саудада америкалық индекстер 1%-дан артық құлады.

Ұлыбритания мемлекеттік облигацияларының кірістілігімен қатар FTSE 250 британ индексіндегі шамамен 220 акция арзандады. Әсіресе коммерциялық жылжымайтын мүлік пен тұрғын үй құрылысы саласындағы компания қағаздары қысымға түсті, деп жазады Bloomberg. Бұл акциялар пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы тұрғын үй нарығын қолдау перспективасының нашарлауынан зардап шекті. Сондай-ақ B&M мен Dunelm секілді банктер мен ритейлерлер минусқа кетті.

FTSE 250 индексі 2%-дан артық құлап, мамырдан бергі ең ірі төмендеуін көрсетті. FTSE 100-ден айырмашылығы — онда халықаралық корпорациялар басым болса, FTSE 250 британ экономикасына деген инвестор көзқарасын дәлірек бейнелейді, өйткені онда ішкі нарық компаниялары үстем, деп түсіндіреді Bloomberg.

Британ фунты бірден 1,5% арзандап, долларға қатысты $1,33-тен сәл жоғары деңгейде саудаланды. Бұл 4 сәуірден бергі ең ірі құлдырау болды.

Нарықтың ахуалы

Сейсенбі күні британдық мемлекеттік облигация кірістілігінің өсуіне айқын себеп болған жоқ: жаңа статистикалық деректер де, билік тарапынан мәлімдемелер де емес, дейді Bloomberg. Агенттік бұл қозғалысты психологиялық фактормен түсіндіреді.

30 жылдық бонд кірістілігінің өсуі инвесторлардың Ұлыбританияның фискалдық саясатына алаңдаушылығын көрсетеді, деп санайды Bloomberg. Елде бюджет тапшылығы бар: үкімет түсімнен көп шығынданып, айырманы жабу үшін қарыз алуға мәжбүр. Ал инвесторлар мемлекетке қарыз бергені үшін көбірек қайтарым талап етеді: Лондон үшін бұл — қарыз алу құнының өсетінін білдіретін белгі, деп болжайды агенттік.

Бюджет тапшылығы сияқты негізгі мәселемен тек Ұлыбритания ғана емес, басқа да еуропалық елдер бетпе-бет келіп отыр: әлсіз өсім мен қартайған халық жағдайында салық түсімдері шығындардың өсуіне ілесе алмай жатыр, деп толықтырды Bloomberg.

«Еуропа экономикасына жаңа егеменді тәуекел толқыны жақындап келеді, ал Ұлыбритания мен Франция ең әлсіз болып көрінеді. Себебі — фискалдық әлсіздік, саяси тұрақсыздық және облигация нарығына деген сенімнің төмендеуі», — деп атап өтті CNBC-дің баяндауынша Yardeni Research президенті әрі бас инвестициялық стратег Эд Ярдени.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары