Carlsmed IPO: ІІ-имплант өндіруші нарыққа шықты

Carlsmed компаниясының акциялары Freedom клиенттеріне арналған сауда жүйесінде қолжетімді. Бұл компания омыртқаға жасалатын жекелеген операцияларға арналған жасанды интеллект негізіндегі жабдық пен бағдарламалық жасақтама ұсынады. Құнды қағаздар CARL тикерімен орналастырылды. Nasdaq биржасында олар бірнеше сағаттан кейін пайда болады.
Егжей-тегжейлі
Калифорниялық Carlsmed компаниясы 6,7 млн жай акцияны әрқайсысын $15 бағамен орналастырды — бұл ұсынылған баға диапазонының дәл ортасы. Осылайша компания шамамен $100,5 млн тартты. Сондай-ақ андеррайтерлерге 30 күн ішінде қосымша 1,005 млн акцияны сатып алу құқығы берілді — бұл опция жүзеге асса, жалпы табыс көлемі артуы мүмкін.
Орналастыру бағасы негізінде Carlsmed компаниясының нарықтық капиталы $400 млн-ға жуық болды, деп есептейді Bloomberg.
Листингтің ұйымдастырушылары: BofA Securities, Goldman Sachs және Piper Sandler.
Компания неліктен қызықты
Carlsmed компаниясы омыртқаға операция жасауға арналған дайындықта жасанды интеллектіні қолданып, әр пациенттің анатомиясына дәл келетін 3D-импланттарды жасайды. Aprevo деп аталатын платформасы хирургке операцияны алдын ала модельдеуге, омыртқа құрылымының ерекшеліктерін ескеруге және 3D-принтерде бірегей имплант басып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл қайта операция қажеттілігін азайтып, науқастардың сауығуын тездетеді.
Технология қазірдің өзінде кеңінен қолданылуда: 2025 жылдың наурызының соңындағы жағдай бойынша компания платформасы арқылы 170-тен астам хирург бір немесе бірнеше операция жасаған. Былтыр бұл көрсеткіш 100-ге жуық болған. IPO-дан түскен қаражатты Carlsmed қолданыстағы бағдарламаны кеңейтуге және 2026 жылы мойын омыртқасына арналған операциялар нарығына шығуға жұмсамақ.
Компанияның 2024 жылғы кірісі $27,2 млн болды — бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. 2025 жылдың алғашқы үш айында компанияның таза шығыны $5,7 млн болды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары.
Сарапшылардың бағалауы
Freedom компаниясының сарапшысы Әлем Бектеміровтің айтуынша 2034 жылға қарай компанияның кірісі $1,2 млрд-қа жетіп, маржасы 25–32% аралығында болуы мүмкін. Осындай болжам негізінде Carlsmed акцияларының әділ құны $21,4 деп бағаланады — бұл орналастыру бағасынан 43% жоғары өсу әлеуетін білдіреді. Алайда Бектеміровтің айтуынша мұндай болашағы бар болғанымен, компания жетістігі технологиялық артықшылықтарын кеңейтіп, коммерцияландыру қарқынына тікелей байланысты. Ол сонымен қатар бизнес үшін Medtronic пен Johnson & Johnson сынды алыптармен бәсекелестік сияқты жоғары қауіптер бар екенін атап өтті.
IPO Edge талдау қызметінің жетекшісі Донован Джонстың айтуынша Carlsmed табысын тез ұлғайтып келе жатқанымен, әлі де ерте кезеңдегі өсімге тән негізгі қауіптерге тап болуда. «Компания омыртқа хирургиясы саласындағы біршама өсу қарқыны бар нарыққа шығып отыр, әрі халықаралық кеңеюге және өнім аясын арттыруға мүмкіндігі бар. Кіріс өсімі жоғары, бірақ операциялық шығындар сақталып отыр», — дейді ол. Сарапшы технологияның болашағы зор екенін, әсіресе дербестендірілген медицинаның жаһандық тренді аясында ерекше көрінетінін атап өтеді. Алайда инвесторлар жеткізу тізбегінің осалдығын, өнімдік әртараптандырудың болмауын және реттеу нормаларына тәуелділікті ескеруі тиіс.
Контекст
Carlsmed-тің IPO-сы медициналық технологияларға деген биржалық қызығушылықтың қайта оралғанын көрсетеді. Маусым айында жасанды интеллект арқылы ДНҚ зерттеп, онкологияны емдеуге арналған жекелендірілген жоспарлар жасайтын Caris Life Sciences IPO аясында 23,5 млн акцияны $21 бағамен сатып, $494 млн тартты. Қазір бұл компанияның акциялары $30-дан жоғары бағамен саудаланып жатыр. Алғашқы тоқсанда диабетке қарсы шешімдер әзірлеуші Beta Bionics және киілетін кардиоқұрылғылар өндіруші Kestra Medical биржаға шықты.
Сонымен қатар, медициналық өнім жеткізуші Medline де листингке шығу жоспарын жариялады. Медициналық құрылғылардың әлемдегі ірі өндірушілерінің бірі — Medtronic — диабетті емдеуге арналған бөлімшесін бөлек компания етіп шығарып, кейінірек IPO өткізуді жоспарлап отыр.
Freedom клиенттері Carlsmed акцияларын негізгі биржалық сессия ашылмай тұрып саудалай алады. Сауда АҚШ биржалары ашылардан 2–3 сағат бұрынғы ерте премаркет форматында басталады (Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығы). Қатысу үшін CARL тикерін басыңыз.








