БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Delta үкіметтің шатдауны салдарынан қаржылай шығынға ұшырайтынын ескертті

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Delta үкіметтің шатдауны салдарынан қаржылай шығынға ұшырайтынын ескертті

Америкалық әуе компаниясы Delta Air Lines АҚШ үкіметінің жұмысындағы үзіліске (шатдаун) байланысты рейстер саны қысқарғанын және соның салдарынан осы тоқсанда қаржылай шығын болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ бұл жаңалық инвесторлардың көңілін түсірмеген сыңайлы. 12 қарашада Delta акциялары 4%-дан астам қымбаттады. Компанияның үміті — егер үкімет жұмысы осы аптада қалпына келсе, алғыс айту күніне дейін рейстер қалыпты режимге оралады.

Егжей-тегжейі

Delta Air Lines бас директоры Эд Бастиан Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында, АҚШ-та диспетчерлер тапшылығына байланысты рейстердің жаппай тоқтатылып, кешіктірілуі компанияның қаржысына елеулі әсер еткенін айтты.

«Бізде 2000-нан астам рейс тоқтатылды. Мұны бір тоқсан ішінде өтеп шығу мүмкін емес. Бұл бізге кері әсер етті», — деді ол.

Бастианның айтуынша, алғыс айту күні мен Рождество қарсаңындағы билеттерге сұраныс бәсеңдеген. Себебі жолаушылар рейстердің кешігуі мен тоқтатылуынан қауіптеніп отыр. «Брондау деңгейі 5–10%-ға төмендеді. Бұл — аса қауіпті емес, бірақ қалыптыдан төмен», — деді ол. Компания кей клиенттерге ақшасын қайтаруға мәжбүр болғанын да айтты.

12 қарашадағы саудада Delta Air Lines акциясы 4,8%-ға өсіп, $60,5-ке жетті. Инвесторлар компания басшылығының оң көзқарасына назар аударған болуы мүмкін. Bloomberg дерегінше, егер үкімет жұмысы 13 қарашада қайта басталса, Delta 15 қарашаға дейін қалыпты қызметке оралуға үмітті. Сонымен қатар, Бастиан CNBC эфирінде төртінші тоқсанда жақсы қаржылық нәтижеге жетеміз деп үміттенетінін айтты. Reuters жазуынша, ол рейстердің тоқтауы салаға да, экономикаға да шығын әкеліп жатқанына қарамастан, бұл Delta-ның тоқсандық табысын толық жоймайды деген.

Рейстер неге тоқтатылып жатыр және бұл қашан аяқталады?

Өткен аптада АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасы (FAA) елдегі ең жүктемелі 40 әуежайда рейстер санын уақытша қысқартуға шешім қабылдады. Бұл — шатдаун кезінде жүйеге түсетін қысымды азайту үшін жасалған шара. Barron’s басылымының мәліметінше, өткен апта соңында рейстер саны шамамен 4%-ға қысқарған. Осы апта соңына қарай бұл көрсеткіш 10%-ға жетуі мүмкін. Көп әуе компания ішкі бағыттарды қысқартты, бірақ халықаралық және ұзақ рейстерді сақтап қалуға тырысты.

Cirium аналитикалық компаниясының дерегінше, бұл шектеулер күшіне енгеннен бері 9000-нан астам рейс тоқтатылған. Bloomberg мәліметіне сай, шатдаун кезінде 13 000 әуе диспетчері мен 50 000 көлік қауіпсіздік қызметкері (TSA) жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 13 қараша күні 43 күнге созылған шатдаунды аяқтайтын заң жобасын дауысқа салады. Бұл — АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун. Заң мақұлданса, оны бұрын қолдаған Дональд Трамп қол қояды.

Сарапшылар не дейді?

— Fitch Ratings зерттеуінде: «Үкімет жұмысы қалпына келген күннің өзінде, диспетчерлерге жалақы кеш төленуі мүмкін. FAA шектеулерді алып тастау үшін кадр тапшылығы толық жойылуы керек. Сондықтан алғыс айту күніне дейін рейстер шектеусіз бола ма — белгісіз», — делінген.

— Deutsche Bank сарапшысы Майкл Линенберг: «Рейстер санының азаюы тұрақсыздық тудырып, бір рейске кететін шығынды арттырады. Бұл авиакомпаниялардың маржасына қысым түсіреді. Қазір маусымаралық кезең болғандықтан, бұл соққы жұмсақ болуы мүмкін. Бірақ егер шектеулер мереке кезінде де сақталса, әсіресе әлсіз компанияларға үлкен қаржылық соққы болады», — деді.

Delta акциялары 2025 жылдың басынан бері айтарлықтай өзгерген жоқ. Бірақ сарапшылардың көбі бұл қағазды сатып алуға кеңес береді: MarketWatch дерегінше, 25 сарапшының 19-ы «сатып алу», үшеуі «нарықтан жоғары», екеуі «ұстау», біреуі ғана «сату» деп бағалаған. Орташа мақсатты баға — $73,49. Бұл соңғы жабылу бағасынан 27% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары