Дэн Айвз Еуропадағы төрт техакцияны атады. Сатып алуға тұрарлық па?

Wedbush Securities компаниясындағы жаһандық технологиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Дэн Айвз өзі «бұқалы» көзқарас танытатын төрт еуропалық акцияны атады. Уолл-стриттегі ең танымал технологиялық оптимистердің бірі саналатын сарапшы CNBC-ке берген сұхбатында Еуропадағы бұл сектор «беріктігін сынайтын кезеңді» бастан өткеріп жатқанын айтты. Айвздің пікірінше, өңірдің ірі технологиялық ойыншыларды қалыптастыру қабілетіне қатысты инвесторлар арасында күйзеліс күшейгенімен, назар аударуға тұрарлық бірнеше компания бар. Міне, ол бөліп көрсеткендер.
SAP — Германияның ірі софтверлік алыбы. Биыл компанияның котировкасы шамамен 13% төмендегенімен, сарапшылар айтарлықтай өсім әлеуетін көріп отыр. MarketWatch деректеріне сәйкес, SAP-тың америкалық депозитарлық қолхаттарын 28 сарапшы қадағалайды. Сатып алуға — 22, ал сатуға — 3 сарапшы ғана кеңес берді. Орташа мақсатты баға — $283, бұл 12 желтоқсандағы жабылудан 16% жоғары өсім білдіреді. CNBC атап өткендей, Франкфурт биржасында саудаланатын акциялар бойынша консенсус-таргет ағымдағы бағадан 35% жоғары. Bank of America SAP-ты 2026 жылға арналған ең үздік 25 акцияның қатарына қосып, коммерциялық динамиканың жақсаруын және операциялық тиімділіктің артуын күтеді.
ASML — Нидерландтағы жартылай өткізгіш жабдықтарын жеткізуші. Айвз оны ЖИ саласындағы негізгі ойыншы деп атады. Компанияның Амстердамдағы капитализациясы 2025 жылдың басынан бері 36%, ал Nasdaq-та 56% өсті. Bank of America сарапшысы желтоқсанның басында ASML-ды 2026 жылға чиптер секторындағы басты таңдауы және негізгі фавориттердің бірі ретінде атады. Биылғы раллиден кейін Уолл-стрит ASML котировкасының тағы 9% өсуін күтеді — бұл MarketWatch жасаған орташа таргеттен көрінеді. Сонымен қатар 39 сарапшыл қадағалап отыр. Оны сатып алуға — 28 сарапшы кеңес берді, ал «аюлы» рейтингтер небәрі — 2.
Klarna — Швецияның финтех-компаниясы, клиенттерге «қазір сатып ал — кейін төле» қызметін ұсынады. CNBC есебінше, қыркүйекте Нью-Йорк қор биржасында IPO өткізгеннен бері Klarna акциясы 19% төмендеген. Соған қарамастан, листингтен кейінгі алғашқы тоқсандық есепте компания табыстың сарапшылар күткеннен жоғары өскенін хабарлады — негізінен АҚШ-тағы күшті нәтижелердің арқасында. Уолл-стрит Klarna акциясының 45%-ға дейін өсу әлеуетін бағалап отыр. Ал оны 19 сарапшы қадағалап отыр. Оны сатып алуға — 14 сарапшы кеңес берді. Сатуға кеңес жоқ.
Spotify — швециялық музыкалық стриминг сервисі. Оның акциясы 2025 жылы Нью-Йорк қор биржасында шамамен 34% қымбаттады. Қараша айының басында компания үшінші тоқсан бойынша мықты есеп жариялап, табыстың жылдық есеппен 12% өскенін көрсетті. Алайда, болжам нарық күтіміне сай келмей, котировка төмендеді. Соңғы бір айда акция 6,5%-дан астам арзандады. Соған қарамастан, сарапшылар қағазды сатып алу жөніндегі рейтингін сақтап отыр: MarketWatch дерегіне сәйкес, Spotify-де қазір 33 «бұқалы» рейтинг бар (бір ай бұрын 32 болған). Акцияны ұстап тұруға — 8, ал сатуға — 2 сарапшы кеңес берді. Орташа мақсатты баға — $658, бұл соңғы жабылудан шамамен 10% өсім әлеуетін білдіреді.








