Дэн Айвз нарықта көпіршік жоқ дейді және ЖИ бойынша өзінің 10 фаворитін атады

Жыл соңына жақындаған сайын Wedbush жаһандық технологиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Дэн Айвз жасанды интеллект саласындағы революциядан пайда табуды көздеген инвесторлар үшін маңызды болып қала беретін он акцияны таңдады, деп жазды CNBC.
Телеарнаның атап өтуінше, биылғы нарық өсімінің басым бөлігін дәл ЖИ-сектор қамтамасыз еткендіктен, кейбір инвесторлар бұл қағаздардың түзелуі сөзсіз деп санайды. Алайда, Айвз «нарық әлі де ЖИ-революциясының ең ерте кезеңінде тұр» дейді. Оның айтуынша, технологиялық алпауыттар 2026 жылға қарай $550–600 млрд көлемінде капиталдық шығын бөлуге дайын. Сонымен қатар, мемлекеттер мен ірі корпорациялар да жасанды интеллектті дамытуға нағыз «ақша цунамиын» жасауға әзір.
Айвз сондай-ақ, ЖИ-салада «көпіршік» пайда болады дегенге сенбейді және оған бес себеп келтіреді. Біріншіден, оның ойынша, тұтынушылық ЖИ-революциясы әлі басталған жоқ; екіншіден, автономды технологиялар дамудың ерте сатысында; үшіншіден, робототехника жаппай қолдануға бірнеше жылдан кейін ғана шығады. Айвздың айтуынша, АҚШ-тағы компаниялардың 5%-дан азы ғана ЖИ-ді стратегиялық енгізуге нақты кірісті, ал жаһандық деңгейде ЖИ-революция енді ғана басталып жатыр.
Сарапшы инвесторлар арасында «аюлы» көңіл-күй байқалғанына қарамастан, технологиялық акцияларға қатысты оптимистік көзқарасын биылғы жыл соңына да, 2026 жылға да сақтап отырғанын атап өтті.
Айвстың ең үздік 10 тізіміне қандай акциялар кірді:
— Microsoft. Wedbush сарапшысы компанияны гиперскейлерлер ішінде корпоративтік ЖИ енгізуге ең жақсы позицияланған ойыншы деп атайды.
— ЖИ әзірлеушісі Palantir. Айвздың айтуынша, «ЖИ қолдану кейстері Карптан және оның компаниясынан басталып, солармен аяқталады» (Palantir бас директоры — Алекс Карп), деп жазды SeekingAlpha.
— Nvidia. Айвздың келесі фавориті — Nvidia. Сарапшы компанияны «ЖИ-революциясын қуаттандырып тұрған әлемдегі жалғыз чиптің өндірушісі» деп сипаттайды.
— Advanced Micro Devices (AMD). Wedbush пікірінше, AMD ЖИ «қарулану жарысында» нарық үлесін ұлғайтуға дайын, ал оның акциясы қазір тартымды көрінеді.
— Tesla. Айвздың айтуынша, компания автономдылық пен робототехника саласындағы болашақтың «табалдырығында тұр».
— Apple. Wedbush сарапшысы «тұтынушылық ЖИ-революциясы Купертино арқылы өтеді», яғни Apple негізгі драйвер болады деп есептейді.
— Meta Platforms. Айвздың сөзінше, инвесторлар жоғары капиталдық шығындардан қауіптенгендіктен, компания акциясы қатты артық сатылған. «Бірақ Meta тұтынушыларға арналған ЖИ-ді монетизациялаудың ерте кезеңінде тұр», — деді ол.
— Alphabet. Айвз бен оның тобы: «ЖИ-дің оң желі енді ғана білініп жатыр, ал Google-дың Gemini моделі — шын мәніндегі қуат», — деп атап өтеді.
Айвздың таңдаған топ-акцияларының тізіміне сондай-ақ CrowdStrike кірді. Сарапшы оны ЖИ қолданатын киберқауіпсіздік саласындағы ең үздік компаниялардың бірі деп санайды. Сонымен қатар Palo Alto Networks — сарапшының айтуынша, платформалану стратегиясы мен ЖИ-дің үйлесуі компанияның 2026 жылғы табыс өсімінің формуласын қалыптастырады.








