БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ethereum бағасы жыл соңына дейін $10 000 болуы мүмкін. Fundstrat болжамы

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Ethereum бағасы жыл соңына дейін $10 000 болуы мүмкін. Fundstrat болжамы

Fundstrat Global Advisors талдау компаниясының инвестициялық стратегі Том Ли Ethereum-ды «Mag7 & Bitcoin» стратегиясына қосып, бұл криптовалютаны алдағы 10–15 жылдағы ең ірі инвестициялық бәс ретінде атады. Fundstrat-тың бағалауы бойынша Ethereum жыл соңына дейін $10 000-ға дейін қымбаттауы мүмкін, ал қолайлы жағдайда $12 000–15 000 аралығына жетуі ықтимал.

Егжей-тегжейлі

Fundstrat цифрлық активтер бөлімінің жетекшісі Шон Фарреллдің айтуынша Ethereum бағасы жыл соңында $10 000-ға жетіп, жақсы жағдайда $12 000–15 000 болуы мүмкін. Инвесткомпания бұл криптовалютаны «Mag7 & Bitcoin» инвестициялық стратегиясына қосып, оны алдағы онжылдықтағы басты макро-бәс деп атады.

Компания негізінен Уолл-стриттің блокчейнге көшуін негізгі өсім факторы ретінде көрсетеді. Бұл үрдіске жуырда қабылданған GENIUS заңы (стейблкоиндардың эмиссиясы мен қамтамасыз етілуін реттейтін) және Project Crypto бастамасы түрткі болды. Project Crypto блокчейн технологияларын ескеріп, қаржы нарығын реттеу ережелерін жаңартуды көздейді. Уолл-стриттегі стейблкоиндар мен блокчейн жобаларының басым бөлігі Ethereum желісінде жасалады, дейді Fundstrat негізін қалаушы Том Ли.

Project Crypto бастамасын шілде айының соңында АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа жөніндегі комиссия төрағасы Пол Эткинс таныстырды. Ол қызметкерлеріне криптоактивтерді тарату, сақтау және саудалау ережелерін «қарапайым әрі түсінікті» етіп дайындауды тапсырды. Бұл АҚШ қаржы жүйесіне криптоинструменттерді енгізуді және дәстүрлі активтерді токенизациялауды қамтиды.

Сәрсенбіде Ethereum бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге — $4729-ға жетті. Жыл басынан бері токен бағасы шамамен 40% өсіп, биткоиннің 27,7%-дық көрсеткішін басып озды.

Ethereum-ның өсуіне сенім беретін басқа да болжамдар

Standard Chartered банкі де Ethereum бағасына қатысты болжамын айтарлықтай көтерді. Олар токеннің осы тоқсанда-ақ 2021 жылғы $4866 рекордын жаңартатынын күтуде. Банк 2025 жылдың соңына арналған жаңа мақсатты бағасын $4000-нан $7500-ға көтерді. Ал 2026 жылы $12 000, 2027 жылы $18 000, 2028–2029 жылдары $25 000 болуы ықтимал деп болжайды.

Ethereum-ға сұраныс артуда

Бұқалық көңіл-күйге қарамастан, Bank of America-ның қор менеджерлері арасында жүргізген соңғы сауалнамасы көрсеткендей, олардың тек 9%-ы ғана криптовалютаға ие, ал алтынды — 48% ұстайды. «Біз әлі де өте ерте кезеңдеміз», — деп атап өтті Ли.

Оның айтуынша Ethereum-ға тікелей иелік етпей-ақ инвестиция жасағысы келетіндер Ethereum-ға арналған споттық ETF-терге немесе қазынасында бұл криптовалюта бар компаниялардың акцияларына ақша сала алады. Бұл стратегия биткоинмен жұмыс істейтін MicroStrategy үлгісіне ұқсайды. Мұндай ірі компаниялардың қатарында BitMine, Sharplink Gaming және Ethermachine бар.

BitMine 1,15 миллионнан астам Ethereum токеніне иелік етеді және осы аптада қосымша $20 млрд көлемінде акция шығарып, түскен қаражатты жаңа Ethereum сатып алуға жұмсайтынын мәлімдеді. Бұл да раллидің қозғаушы күшіне айналды.

11 тамыз, дүйсенбі күні Ethereum бағасын бақылайтын ETF-тер тарихтағы ең үлкен таза қаражат ағынын тіркеді — жалпы $1,01 млрд. Сол күні биткоин ETF-тері $178 млн тартты.

Glassnode деректері бойынша 7 тамызда биржалардағы Ethereum көлемі соңғы тоғыз жылдағы ең төмен деңгейге түсіп, 15,28 млн токен болды. Бұл 2016 жылғы қарашадан бергі ең төменгі көрсеткіш. Инвесторлардың активтерін биржадан шығару әдетте «бұқа» белгісі болып саналады, яғни оларды ұзақ мерзімге сақтауға ауыстырып жатқанын білдіреді.

Token Terminal платформасы дүйсенбі күні Ethereum желісіндегі стейкингке қойылған активтердің көлемі алғаш рет $150 млрд-тан асқанын хабарлады. Стейкинг — блокчейннің жұмысын қолдап, токен иелеріне табыс әкелетін инвестиция түрі.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары