Evommune IPO-сы: атопиялық дерматитті емдеуші компанияның акциялары енді қолжетімді

Созылмалы қабыну ауруларын емдеуге арналған терапия әзірлейтін Evommune компаниясының акцияларымен алдын ала сауда Freedom Finance клиенттеріне арналған сауда жүйесінде басталды. Биотехнологиялық компания өздерінің екі негізгі препаратының маңызды ғылыми кезеңінде тұр. 6 қараша күні кешірек компания акциялары Нью-Йорк қор биржасында EVMN тикерімен саудаланатын болады.
Егжей-тегжейлі
Evommune IPO нәтижесінде $150 млн қаржы тартты. Компания 9,38 млн акциясын бір данасын $16 бағамен – белгіленген баға диапазонының ортасынан орналастырды. Осы баға мен ұсынылған көлем негізінде компанияның нарықтық құны шамамен $481,2 млрд деп бағаланды, деп жазады Bloomberg.
Аталған мәміленің ұйымдастырушылары — Morgan Stanley, Leerink Partners, Evercore ISI және Cantor.
Evommune компаниясының негізгі инвесторлары EQT Life Sciences және Pivotal bioVenture Partners болып табылады, деп жазады BiopharmaDive.
Бұл неліктен назар аударуға тұрарлық?
Evommune созылмалы қабыну ауруларына қарсы ауыз арқылы қабылданатын терапевтикалық препараттар әзірлейді. IPO арқылы тартылған қаражат компанияның екі басты препаратының әрі қарайғы зерттеуіне жұмсалмақ.
EVO756 — созылмалы есекжем (крапивница) мен атопиялық дерматит кезінде қышу мен қабынуды тудыратын рецепторды бұғаттайтын таблетка. Ол симптомдарды жеңілдетуге бағытталған.
EVO301 — қанда ұзақ сақталатын, қабынуды төмендететін ақуыздық препарат. Ол атопиялық дерматит пен ойық жаралы колитті емдеуге бағытталған.
Екі препарат та клиникалық сынақтардың екінші фазасында — яғни, олар нақты пациенттерде тестіленуде. Бұл кезеңде препараттың тиімділігі мен әрі қарай зерттеу жүргізу қажеттігі бағаланады, деп атап өтеді Capital.com.
2024 жылы Evommune шамамен $7 млн көлемінде табыс тапты, алайда таза шығыны $66,8 млн болды. 2025 жылдың 30 маусымындағы мәлімет бойынша, компанияның қолма-қол қаржысы, баламалары және қысқамерзімді инвестициялары жалпы $86,8 млн құраған.
Нарық не дейді?
Атопиялық дерматитке қарсы дәрілер нарығы ірі әрі өсім үстінде. 2024 жылы оның көлемі $17,6 млрд-қа жетсе, 2030 жылға қарай шамамен $29,9 млрд болуы мүмкін. Орташа жылдық өсім — 9%.
Дегенмен, Evommune ірі фармкомпаниялар мен басқа биотех фирмаларынан қатаң бәсекеге тап болуда, деп жазады IPO сарапшысы, Seeking Alpha авторы Донован Джонс. Оның айтуынша, инвесторлардың сеніміне және капитализациясына қарамастан, коммерцияландыру мен бағалау тәуекелдері жоғары күйінде қалып отыр.
Capital.com-ның пікірінше Evommune-нің инъекциялық биологиялық препараттар емес, ауыз арқылы қабылданатын иммундық терапияға назар аударуы — денсаулық сақтау секторында ерекше әрі тартымды актив іздейтін инвесторлар үшін артықшылық.
Акциялардың болашақтағы қозғалысы клиникалық нәтижелердің табысына, қаржылық көрсеткіштерге, стратегияның тиімділігіне және кеш сатыдағы биотехкомпанияларға деген нарық көзқарасына байланысты болады. Егер зерттеу нәтижелері мықты болса, Evommune иммуномодуляциялық дерматология саласында көшбасшы бола алады.
Freedom Finance сарапшысы Әлем Бектеміровтың бағалауынша компания акцияларының әділ құны шамамен $16,5. Бұл IPO бағасынан 3% жоғары. Негізгі тәуекелдер — препараттардың регуляторлар тарапынан мақұлданбауы немесе зерттеу нәтижелерінің әлсіз болуы, сондай-ақ нарықтағы болашақ бәсеке.
Freedom клиенттері Evommune акцияларын негізгі биржалық сауда сессиясы ашылғанға дейін ала алады. Сауда АҚШ биржалары ашылардан 2–3 сағат бұрын, яғни Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін EVMN тикерін таңдасаңыз жеткілікті.








