Facebook пен Instagram АҚШ-та қызмет көрсетуде үзіліске ұшырады.

Фото: Солен Феййсса / Unsplash
АҚШ-та Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қысқа мерзімді ақау болды. Reuters Downdetector мониторинг қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға жексенбі күні кешке басталды.
Ақау шығыс уақыты бойынша 20 қыркүйекте шамамен 20:55-те (немесе Астана уақыты бойынша 21 қыркүйекте 05:00-де) басталды: ең жоғары кезеңінде Facebook-ке кірудегі ақаулар туралы хабарламалар саны 17 000-нан, ал Instagram-ға қатысты хабарламалар саны 5 000-нан асты. Шамамен бір сағаттан кейін Downdetector сайтындағы ақаулар туралы хабарламалар саны күрт азайды, бұл қызметтердің қалыпты режимге оралғандығын көрсетеді, деп хабарлайды Reuters.
Meta агенттіктің оқиғаға қатысты сұрауына жедел жауап бермеді.
Facebook, Instagram және Meta-ның басқа да қызметтерін қамтыған ұқсас ақау шілдеде тіркелді — сол кезде Downdetector Facebook-ке кірудегі ақаулар туралы 4 808-ге дейін, Instagram туралы 2 829 хабарлама қабылдады, деп хабарлайды Reuters.
Нарық алдындағы саудада Meta акциялары 2 пайыздан астамға өсті — Reuters хабарлауынша, Азияда мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан технологиялық акциялар өсіп жатыр. Investing мәліметі бойынша, Еуропа акцияларында да ұқсас үрдіс байқалады.








