Freedom Holding халықаралық кеңею үшін 300 миллион доллар жинады.

Freedom Францияда лицензия алуға өтініш берді, бұл оған Еуропалық цифрлық банкинг нарығына шығуға мүмкіндік береді / Фото: freedom24.com
Freedom Holding Corp. компаниясының Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға ұсынған құжаттарына сәйкес, екіншілік акциялар орналастыру арқылы 300 миллион доллар тартты.
Компания 2,37 миллион акцияны әрқайсысын 126,35 доллардан орналастырды. Бұл мәміле АҚШ-тан тыс жерде өткендіктен, АҚШ азаматтары мен компаниялары қатыса алмады.
Bloomberg компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлағандай, жиналған қаражат халықаралық кеңеюді қаржыландыруға жұмсалады. «Мен және менің командам Қазақстанда құрған цифрлық инфрақұрылым біз жұмыс істейтін барлық аймақтарда сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті болады деп сенемін», – деді Freedom Holding компаниясының негізін қалаушысы және бас атқарушы директоры Тімур Турлов.
10 шілдеде Nasdaq биржасында Freedom Holding акциялары 3,4 пайызға өсіп, 2025 жылғы қазаннан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Контекст
Bloomberg Freedom компаниясының соңғы айларда халықаралық қызметін күшейтіп жатқанын атап өтті. Маусым айында компания Францияда лицензия алуға өтініш берді, бұл оған Еуропалық цифрлық банкинг нарығына шығуға мүмкіндік береді. Шілдеде Түркияның реттеушісі Turkish Bank A.S.-ті сатып алуды мақұлдады.
Сәуірде Астанадағы Freedom Inside форумында Турлов компанияның кеңеюін қаржыландыру үшін АҚШ-тан басқа Қазақстанда және бірнеше басқа елдерде екіншілік акциялар орналастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. «Біздің бизнестің өсуі одан да көп капиталды қажет етеді, оны біз жинауымыз керек. «Банкпен келесі кез келген мәміле немесе қандай да бір лицензия алу жиі жүздеген миллион доллар талап етеді», – деді ол.










