БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Goldman Sachs акцияларға қатысты ұстанымын «өсуге бағытталған» деп өзгертті

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Goldman Sachs акцияларға қатысты ұстанымын «өсуге бағытталған» деп өзгертті

Уолл-стриттегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі — Goldman Sachs жаһандық акция нарығына берген бағасын «бейтараптан» үш айлық та, бір жылдық та болжам бойынша «жоғары нарық» (Overweight) деңгейіне көтерді.

Бұл — акцияларды «сатып алуға» берілген кеңеске тең. Сонымен бірге банк қысқа мерзімде қарыз құралдарына берген бағасын «төмен нарық» (Underweight) деңгейіне түсірді.

Егжей- тегжейі

Goldman Sachs сарапшысы Кристиан Мюллер-Глиссманның пікірінше, экономикалық циклдің кеш сатысында акциялар қарыз құралдарынан тартымдырақ көрінеді. «Себебі қарыз активтерін бағалау қиындайды, ал акциялар компаниялардың пайдасының артуы мен бағалаудың қайта қаралуы есебінен өсуін жалғастыра алады», — дейді ол.

Инвестбанк командасы: «Пайда өсімі, ФРЖ саясатының жұмсаруы және әлемдегі фискалдық қолдау акцияларды көтеріп тұр. Рецессия қаупі төмен болғандықтан, жыл соңына дейінгі құлдырауларды сатып алу мүмкіндігі ретінде пайдаланамыз», — деп жазды.

Goldman сарапшыларының болжамынша, S&P 500 индексі үш айда тағы 2% өсіп, 6800 тармаққа жетеді.

Мюллер-Глиссман АҚШ-тан тыс нарықтарда да мүмкіндік барын атап өтті: Еуропа мен Жапония акциялары өсімнен қалып келе жатқандықтан, оларда тактикалық әлеует бар. Ал Азия елдерінің нарықтары ФРЖ-ның жұмсаруынан, доллардың әлсіреуінен, Қытайдағы бюджет қолдауынан және жасанды интеллектке байланысты оптимизмнен ұта алады.

Сарапшының айтуынша, ФРЖ биылғы жылдың соңына дейін екі рет 0,25 пайыздық пунктке пайыздық мөлшерлермені төмендетуі мүмкін. Ал еңбек нарығы әлсіресе, бір реттік 0,5 п.п. қысқарту да ықтимал. 2026 жылы тағы екі рет төмендету болжануда — 3–3,25% диапазонына дейін.

Goldman Sachs тарихтан мысал келтіріп, 1960-жылдардың ортасы мен 1990-жылдардың соңында пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі жылдам өсімге жол ашқанын еске салды. Бірақ олар үш негізгі тәуекелді де атады:

— жұмыссыздық өссе немесе жасанды интеллектке деген сенім әлсіресе, экономикалық өсімге соққы;

— ФРЖ күткендей «жұмсақ» болмаса немесе ұзақ мерзімді облигациялар кірістілігі күрт өссе, пайыздық тәуекел;

— доллар әлсіресе, АҚШ активтеріне салым салған шетелдік инвесторларға соққы.

Бондтар мен металдар

Инвестбанк мәліметінше, корпоративтік облигациялар кірістілігі АҚШ-тың сенімді мемлекеттік облигацияларына жақындап қалды, сондықтан олардың бағасы айтарлықтай өспейді. Жағымсыз фактор ретінде қоқыс облигациялар бойынша дефолттар санының артуы айтылды.

«Кірістіліктің өсу әлеуеті таусылды. Біз тәуекелді акцияларға ауыстыруды жөн көрдік, сондықтан қарыз құралдарына берілген бағамызды үш айға Underweight деңгейіне түсірдік», — деп жазды сарапшы.

Ал тауар нарығына берілген баға Underweight-тен Neutral-ға көтерілді. Банк алтын мен мыстың бағасы өсуі мүмкін деп санайды. Шикізатқа сұраныс ұсыныстың шектеулігіне, валюталардың әлсіреу тәуекеліне және экономикалық өсімнің үдеуіне байланысты артуы ықтимал.

Ақша қаражаты үшін Goldman Sachs 12 айға Underweight бағасын сақтады. Себебі ФРЖ ставканы төмендеткен жағдайда, олардың кірістілігі портфель үшін тежегішке айналады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары