БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Инвесторлар үшін тамаша уақыт»: Трамптың кідірісі туралы миллиардерлер пікірі

АҚШ президентінің стратегиясы ықпалды инвесторлардың бір бөлігінен қолдау таба бастады. Басқалары тәуекелді азайтуға кеңес береді

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

«Инвесторлар үшін тамаша уақыт»: Трамптың кідірісі туралы  миллиардерлер пікірі

Дональд Трамптың сауда стратегиясына байланысты инвесторлардың пікірі екіұдай. Билл Экманның пікірінше АҚШ-тың жоғары тарифтер енгізуі басқа елдерді келіссөздерге тезірек баруға мәжбүрледі. Pershing Square Capital Management негізін қалаушы Экман өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл қадамды «тамаша шешім» деп атады.

Билл Экман, Pershing Square Capital Management

«Дональд Трамптың тәсілі бізге кімнің қолайлы сауда серіктесі екенін, ал кімнің қиындық тудыратын ойыншы екенін анықтауға мүмкіндік берді. Мұны кім бірінші болып байланысқа шыққаны мен ұсыныс жасағанына, ал кім жауап ретінде қарсы шаралар қабылдағанына қарап байқадық. […] Қытай «жағымсыз ойыншы» ретінде оқшауланды, ал әрбір америкалық компания өзінің жеткізу тізбектерін Қытайдан АҚШ-қа немесе АҚШ-пен тиімді тарифтік келісімдерге баруға дайын серіктес елдерге жедел көшіруде. […] Сондықтан Қытайдың мүмкіндігінше тезірек келіссөз үстеліне отырып, ақылға қонымды тәсіл танытуға ынтасы бар», – деді Экман.

Экманның пікірінше, АҚШ-қа сауда жағдайларын талқылауға өздері келіп, баж салықтарын жоюды ұсынған елдер бизнес көлемінің өсуі түрінде марапат алады.

«Жоғарыда айтылғанның бәріне бар-жоғы бірнеше күндік нарықтық құбылмалылық нәтижесінде қол жеткізілді. […] Нақты деректерге қарасақ, бұл жағдайды сипаттайтын жалғыз сөз – «тамаша», – деп түйіндеді Экман.

Рэй Далио, Bridgewater Associates

Bridgewater Associates хедж-қорының негізін қалаушы Рэй Далионың пікірінше  Трамптың тариф енгізуді кідіртуді таңдауы дұрыс қадам болды. Миллиардердің айтуынша АҚШ осындай бағытты Қытаймен келіссөздерде де ұстануы тиіс. Далионың ойынша компромиске жетудің кілті — Қытайдың долларлық активтерін сату арқылы юань бағамын көтеру және экономиканы жұмсақ ақша-несие және бюджет саясаты арқылы ынталандыру. Бұл шешім екі тарап үшін де тиімді болар еді, дейді инвестор. АҚШ үшін келесі қадам — ​​бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 3%-ына дейін қысқарту. Бұл қаржылық тұрақтылыққа жетудің маңызды шарты, деп есептейді Далио.

«Қазір, болған оқиғалар мен болашақтағы ықтимал өзгерістерден есеңгіреп қалған инвесторлар үшін портфель құрылымдарын қайта қарастырып, шамадан тыс тәуекелдерді азайтудың тамаша уақыты. Уақыт өте келе қазіргі жағдайдан да үлкен нарықтық ауытқулар болатынына сенімдімін», — деді Далио.

Говард Маркс, Oaktree Capital Management

Oaktree Capital Management негізін қалаушы Говард Маркс АҚШ-тың сауда соғысын автоголмен салыстырды. Ол бұл жағдайды Брекситпен байланыстырды, оның ойынша, Брексит британдық экономика үшін апатты болды және оны британдықтар өздеріне өздері жасады. 78 жастағы инвестордың пікірінше Трамп тарифтерінің белгілі бір оң нәтижелері болуы мүмкін: АҚШ ішіндегі өндірістің артуы, саудадағы әділдік және салықтық түсімдердің өсуі. Бірақ сауда тапшылығын қысқарту сияқты негізгі мақсаттарға жету мүмкін емес: Маркс АҚШ-тың жоғары еңбекақысы бар бай ел ретінде әрдайым көбірек сатып алып, азырақ сататынын айтады.

«Күтілетін нәтижелер жүзеге асуы мүмкін, керісінше жағымсыз салдарлар пайда болуы мүмкін немесе екеуі де бір уақытта орын алуы мүмкін. Дегенмен тарифтердің жағымсыз әсері бірден сезілуі мүмкін, ал ықтимал пайда керісінше ұзақ мерзімді перспективада, бейімделу кезеңінен кейін ғана көрінеді, осыны есте ұстаған жөн», — деп атап өтті Маркс.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары