БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Стратегтер: «Бәрі құлдырап жатыр» — қор нарығындағы дүрбелең күшейді

Швейцариялық франк, иена, сондай-ақ ішкі нарыққа бағытталған еуропалық және қытайлық акциялар стратегтер ұсынған қорғаныс активтері қатарына енді

Евгения Ватаманюк

Евгения Ватаманюк

Oninvest тілшісі
Стратегтер: «Бәрі құлдырап жатыр» — қор нарығындағы дүрбелең күшейді

Дональд Трамптың сауда саясаты әлемдік қор нарықтарындағы жаппай сатылымға себеп болды. Бұл құлдырау қатарынан үшінші күнге жалғасуда. 7 сәуір, дүйсенбі күні Hang Seng China Enterprises индексі 13,7%-ға, жалпыеуропалық Stoxx 600 индексі 5%-дан астамға төмендеді, ал АҚШ акцияларының индекстеріне арналған фьючерстер Wall Street-те өткен аптадағы $5 трлн шығыннан кейін тағы да күрт төмендеу күтілетінін көрсетіп отыр, деп жазады Bloomberg. Еуропа мен АҚШ-тағы стратегтердің пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

— «Жапон иенасы сауда тәуекелдері мен АҚШ-тағы рецессия жағдайында паналайтын актив ретінде жақсы, бәлкім ең жақсы таңдау болмақ», — дейді Absolute Strategy Research компаниясының пайыздық мөлшерлемелер стратегиясы жөніндегі жетекшісі Эбрагим Рахбари, CNBC келтіреді. — «Бұл валюта қазіргі уақытта бағаланбай отыр, АҚШ-та мөлшерлемелердің төмендеуі иенамен салыстырғандағы кірістілік айырмасын азайтады, ал Жапония ірі экспорттаушы ел болғанымен, қазіргі кезде сыртқы саудаға тәуелділігі төменірек, әсіресе елдегі жұмсақ бюджеттік саясатты ескерсек», — деп жазды сарапшы.

CNBC агенттігі LSEG деректеріне сүйене отырып, сәуір айының басынан бері иена долларға қатысты шамамен 3%-ға нығайғанын хабарлады. Рахбаридің пікірінше, швейцариялық франк те қорғаныштық инвестиция ретінде «айқын үміткер». Франк та 3%-дан астамға өсіп, 1 АҚШ доллары үшін 0,846 деңгейіне жетті — бұл соңғы алты айдағы ең жоғарғы көрсеткіш, басқа әлемдік валюталар әлсіреген кезде бұл валюта нығайды, деп жазады CNBC.

— Pella Funds Management жаһандық инвестициялық қоры әлемдік нарықтардағы сатылымды «акция таңдау үшін тамаша мүмкіндік» деп бағалайды.

«Біз ішкі нарыққа бағытталған қытайлық және еуропалық компаниялардың акцияларын сатып алып жатырмыз, себебі АҚШ-тан айырмашылығы бұл елдер нарықтарын бюджеттік шаралар арқылы қолдауға ашық», — дейді Pella Funds Management инвестициялар жөніндегі директоры Джордан Цветановски. Ол ең тұрақты компаниялар ретінде қытайлық спорт киімі өндірушісі Anta Sports, британдық инвестициялық 3i Group және француздық инфрақұрылымдық Vinci компанияларын атады.

Цветановскидің айтуынша, қор тарихи деңгейде қолма-қол қаражат жинақтап отыр және егер нарықтағы құлдырау жалғасатын болса, бұл қаржыны, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы америкалық акцияларға инвестиция құюды  жоспарлап отыр.

— «Нарықта жалпы үрей байқалады», — дейді EFG Asset Management басшысы Дэниэл Мюррей. — «Бәрі құлдырап жатыр, тіпті жақсы нәтижелер көрсетуі мүмкін сенімді компаниялар да». Stoxx 600 кең еуропалық акциялар индексіндегі барлық 20 сектор төмендеді, ең көп жоғалтқан сектор – банк, энергетика және сақтандыру компаниялары болды.

— Bloomberg Intelligence компаниясының бас акциялар стратегы Джина Мартин Эдамс АҚШ-тың «әлі де қымбат» нарығындағы үлесін 65%-дан 34%-ға дейін қысқартқанын айтты. «Инвесторлар сауда соғыстары мен экономикалық белгісіздік әсерінен тұрақсыздыққа тап болғанда, біздің активтерді бөлу стратегиямыз дауылдағы паналау орны бола алады», — дейді Эдамс. Оның айтуынша, бұл тәсіл 1988 жылдан бері жүргізілген тарихи сынақтарда нарықтық өлшем индекстерінен жоғары нәтиже көрсеткен, «АҚШ-тың үстем дәуірі» артта қалғанына қарамастан.

— «Жағдай одан әрі нашарлауы мүмкін», — дейді Pepperstone Group зерттеу жөніндегі аға стратегы Майкл Браун. — «Нарық саясаттағы өзгерісті қалайды — Ақ үйден немесе Федералдық резервтен, алайда бұл жақын арада орын алатын оқиғаға ұқсамайды».

Morgan Stanley стратегтерінің айтуынша егер сауда тарифтеріне қатысты алаңдаушылық басылмаса және ФРС өз ақша-несие саясатын өзгертпесе инвесторлар S&P 500 индексінің 7–8%-ға қосымша төмендеуіне дайын болуы керек. Стратегтер тобына Майкл Уилсон жетекшілік етеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары