БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Jefferson Capital IPO-сы: қарыз коллекторының акциялары алғаш саудаға шықты

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Jefferson Capital IPO-сы: қарыз коллекторының акциялары алғаш саудаға шықты

АҚШ-тың проблемалық тұтынушылық және дебиторлық қарыздарын сатып алып, өндіріп алумен айналысатын Jefferson Capital компаниясының акциялары Freedom клиенттеріне арналған сауда жүйесінде қолжетімді болды. Құнды қағаздар JCAP.US тикерімен орналастырылған. Nasdaq биржасында олар бірнеше сағат ішінде саудалана бастайды.

Егжей-тегжейлі

Jefferson Capital IPO кезінде $150 млн тартты, акция бағасын бұған дейінгі мақсатты диапазонның төменгі шегі — $15 деңгейінде белгіледі. Bloomberg мәліметінше бұл компанияға $972 млн нарықтық капитал әкелді.

Бастапқыда Jefferson Capital биржадан $160 млн тартуды жоспарлап, әрқайсысы $15–17 болатын 10 млн акцияны орналастыруды көздеген. IPO ұйымдастырушылары ретінде Jefferies, Keefe Bruyette Woods, Citizens JMP, Raymond James, Truist Securities, Capital One Securities, DNB Markets, Regions Securities және Synovus Securities қатысты.

Компания несімен қызықты?

Jefferson Capital 2002 жылы құрылған. Компания өзін есептен шығарылған және банкроттық қарыздар нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі — аналитикалық тұрғыдан бағытталған сатып алушы және басқарушы ретінде сипаттайды. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Латын Америкасы елдерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, компанияның Мумбайда операциялық орталығы бар. Jefferson-ның бақылаушы акционері — бұрынғы Goldman Sachs серіктесі әрі миллиардер Дж. Кристофер Флауэрс басқаратын Нью-Йорктегі инвестициялық компания J.C. Flowers.

Jefferson проблемалық тұтынушылық қарыздарды дисконтымен сатып алып, борышкерлермен жұмыс істеу арқылы оны өндіріп алуға маманданған. Негізгі бағыты — бөліп төлеу несиелері мен несие карталары бойынша қарыздар. Портфельде сондай-ақ проблемалық автонесиелер мен коммуналдық қарыздар да бар. Компания көбіне бағасы қатты төмендеген активтерге инвестиция салып, қарыз алушылармен жеке жұмыс істеу арқылы олардың құнын қалпына келтіруге тырысады.

Компания табысты: 2024 жылы оның таза пайдасы 15,6%-ға өсіп, $128,9 млн-ға жетті. Түсім 34,1%-ға серпін беріп, $433 млн болды.

Сарапшылардың ұстанымы

Jefferson Capital IPO бағасынан 31% өсу әлеуеті бар инвестиция ретінде қызықты болуы мүмкін, әсіресе макроэкономикалық орта тұрақты болған жағдайда, деп санайды Freedom Broker сарапшысы Әлем Бектеміров. Оның айтуынша компания бизнесіне негізгі қатер — компания жұмыс істейтін нарықтардағы «экономикалық, саяси немесе инфляциялық жағдайлардың нашарлауы».

Jefferson Capital IPO — проблемалық қарыздарды сатып алумен айналысатын компанияның биржаға сирек шығуы, деп атап өтті Reuters. «Стандартты емес профилі бар компанияларды іздейтін инвесторлар бұл IPO-ға қызығушылық танытады», — деді агенттікке IPO Boutique аға сарапшысы Джефф Зелл. Оның пікірінше Jefferson жұмыс істейтін сала әдеттегі IPO инвесторы үшін аса тартымды емес, алайда компанияның артықшылықтары бар — мықты қаржылық көрсеткіштер мен тоқсан сайынғы дивидендтер.

Freedom клиенттері үшін сауда мүмкіндігі

Freedom клиенттері негізгі биржалық сессия ашылмай тұрып, Jefferson Capital акцияларымен сауда жасай алады. Сауда АҚШ биржалары ашылуына 2–3 сағат қалғанда ерте премаркет форматында басталады (Астана уақытымен 15:30–16:30). Қатысу үшін JCAP.US тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары