БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Қорғаныс компанияларының акциялары өсті: Пентагон зымыран өндірісін арттырмақ

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Қорғаныс компанияларының акциялары өсті: Пентагон зымыран өндірісін арттырмақ

29 қыркүйектегі саудада АҚШ-тың Lockheed Martin мен RTX секілді ірі қорғаныс компанияларының акциялары 1–5% аралығында өсті. Инвесторлар қағаздарды жаппай сатып алды. Бұған The Wall Street Journal хабарлаған дерек түрткі болды: Пентагон қорғаныс мердігерлерінен зымыран өндірісін кемінде екі есе көбейтуді сұраған. Дегенмен кейбір сарапшылар мұны жүзеге асыру оңай болмайтынын ескертеді.

Егжей-тегжейі

Дүйсенбіде Lockheed Martin акциялары 2,3%-ға, RTX — 3%-ға, General Dynamics — 2,1%-ға, L3Harris — 1,6%-ға қымбаттады. Kratos Defense (дрон өндірушісі) қағаздары 4%-ға жуық, ал AeroVironment (АҚШ-тың қорғаныс және аэроғарыш компаниясы) акциялары 5%-ға көтерілді, бірақ сауда соңында өсімнің жартысын жоғалтты. Жыл басынан бері аталған компаниялардың нарықтық құны 25%-дан 236%-ға дейін артқан. Тек Lockheed ерекшелік болды — оның қағаздары небәрі 1% өскен. Инвесторлар F-35 жойғыштарына деген сұраныстың төмендеуінен қауіптеніп отыр, деп жазады Barron’s.

Неге АҚШ қорғаныс мердігерлерінің акциялары өсіп жатыр?

The Wall Street Journal дерегінше, Пентагон компанияларға болашақта Қытаймен ықтимал қақтығысқа дайын болу үшін зымыран өндірісін екі не төрт есеге көбейтуді тапсырған. «Президент Трамп пен қорғаныс министрі Хегсет әскери қуатты арттыру және оқ-дәрі өндірісін жеделдету үшін төтенше шараларды талқылап жатыр. Бұл — қорғаныс өнеркәсібі басшылары мен Пентагонның жоғары лауазымды өкілдерінің бірлескен жұмысы», — деді Пентагон өкілі Шон Парнелл WSJ-ға.

Barron’s атап өткендей, өндірісті арттыру қорғаныс саласының негізгі ойыншыларына қосымша мүмкіндік береді. Мысалы, Lockheed гипердыбысты зымырандардан бастап әуе қорғаныс жүйелері мен ұстап қалушы құрылғыларға дейін қару-жарақ шығарады. Northrop Grumman — континентаралық Sentinel баллистикалық зымыранын әзірлейді. RTX Patriot ұстап қалушы жүйесін өндіреді, General Dynamics өз зымырандарымен қатар қосалқы жүйелер жасайды, ал L3Harris зымыран өндірісіне қажет бөлшектер жеткізеді.

Алайда WSJ бұл процесті жеделдету оңай емес екенін айтады. Мысалы, бір зымыранды құрастыруға екі жылға дейін уақыт кетеді, ал сынақ пен сертификаттауға бірнеше ай және жүздеген миллион доллар қажет. Дональд Трамп әкімшілігінің «үлкен әрі ауқымды» заң жобасында бес жылға $25 млрд көлемінде оқ-дәрі өндірісін қаржыландыру қарастырылған. Бірақ Пентагон қойған жаңа мақсаттарға жету үшін қосымша ондаған миллиард доллар қажет болады, деп жазды WSJ сарапшылар есебіне сілтеме жасап.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары