БастыReview
Бөлісу

Криптонарыққа не қажет? АҚШ-тағы салықтар, ЖИ кімнің қолында: экономистер блогынан

Артур  Арутюнов

Артур Арутюнов

Криптонарыққа не қажет? АҚШ-тағы салықтар, ЖИ кімнің қолында: экономистер блогынан

Биткоин жаңа рекорд орнатты, бірақ әрі қарай өсуі үшін заңнама қажет. Дональд Трамп жүргізіп жатқан «үлкен керемет» бюджет жобасы экономикалық серпіліс емес, бұл мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі. Ірі технологиялық компаниялар ЖИ-ды құрудан бастап ендіруге дейінгі барлық кезеңдерді өз бақылауларына алды. Бұл неліктен алаңдату керек? экономистердің блогтарынан не түйдік — біздің шолуымызда.

Биткоин жаңа рекорд орнатты. Крипто нарығын не күтіп тұр?

22 мамыр, бейсенбі күні биткоин бағасы $111 мыңнан асып түсті. Айналымдағы барлық биткоиндердің жалпы құны $2,2 трлн-ға жетіп, тіпті Google-дің бас компаниясы Alphabet-ті басып озды. Бұл туралы Fuller Treacy Money инвестициялық бюллетенінің баспагері Йон Триси жазды. Оның айтуынша, «мұндай бағалау биткоинді әлемдегі ең ірі компаниялар қатарына қосады».

Дегенмен, олардың арасында маңызды айырмашылық бар: бизнестің нарықтық құны болашақ табыстар мен инвесторлардың қызығушылығына негізделеді. Биткоин табыс, баланс немесе дивиденд әкелмейді — яғни, оның нақты іргелі құны жоқ. Криптовалюталардың тәулік бойы сауда жасау немесе жедел халықаралық төлемдер секілді мүмкіндіктері бұрыннан талқыланып келеді, мұндай жүйені іске асыру үшін триллиондаған инвестиция қажет, деп жазады Триси.

Трисидің пікірінше, криптовалютаға деген қызығушылықтың артында екі негізгі фактор бар. Біріншісі — жаһандық өтімділіктің өсуі. 2008 жылдан бері әр төрт жыл сайын жаңа бір серпін пайда болып отырады: бұл – монетарлық жеңілдету бағдарламаларынан бастап, фискалдық ынталандыруға дейін. Өтімділіктің бұл толқындары әдетте халвинг кезеңдерімен сәйкес келеді — яғни, майнингтен түсетін сыйақы жоспарлы түрде екі есе азаятын уақытпен. Бұрын мұндай кезеңдерде биткоин бағасы айтарлықтай өскен. Мысалы, 2020–2021 жылдары оның құны $10 мыңнан $60 мыңға дейін көтерілді.

Екінші фактор — инфрақұрылым мен реттеу саласының дамуы. Соңғы жылдары нарықта биткоин фьючерстері, ETF және опциондар пайда болды, бұл институционалдық инвесторларға жол ашты. Трисидің пікірінше, мұндай құралдарсыз нарыққа жаңа капиталдың келуі мүмкін емес, демек тұрақты өсу де болмайды. Сол себепті реттеуші қолдау — нарықтағы тұрақты «бұқа» трендінің маңызды ажырамас бөлігіне айналды.

Трамп биткоинмен стратегиялық резерв құру туралы шешім қабылдап, АҚШ-тың Қаржы нарығын қадағалау комиссиясына (SEC) криптовалюта жақтаушысы Пол Аткинсті тағайындады.

Алайда мамыр айының басында Bitwise компаниясының бас инвестициялық директоры Мэтт Хоуганның ескертеуінше, егер АҚШ Конгресі криптонарықты реттейтін маңызды заң жобаларының бірін де қабылдамаса, индустрияны «қиын жаз» күтіп тұр дейді. Оның пікірінше, бұл АҚШ-тағы сайлаудан кейін криптовалютаға серпін берген үдерістерді тоқтатып тастауы мүмкін. Негізгі басымдық — стейблкоиндерге қатысты заң жобасы (GENIUS Act). Бастапқыда демократтар заң жобасын қолдаудан тосын түрде бас тартқанымен, осы аптада АҚШ Сенаты оны алға жылжытуға дауыс берді. Енді құжат Сенаттағы пікірталас пен соңғы дауыс беруден өтіп, Өкілдер палатасында мақұлдануы тиіс. «Егер заңнамалық бастамалар жүзеге аспай қалса, криптонарық үшін жаздағы жағдай қиын болуы мүмкін. Бірақ егер Вашингтон нақты қадамдарға барса, меніңше, бұқа трендін тоқтату қиын болады. Қалай болғанда да, Вашингтондағы оқиғаларды бақылауда ұстаңыз», — деп жазды Хоуган.

Трамптың «үлкен керемет» заң жобасы қандай салдарға әкелуі мүмкін?

АҚШ Өкілдер палатасы осы аптада бюджетке қатысты «үлкен керемет» (Big Beautiful Bill) заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасын Дональд Трамп пен республикалық партияның көпшілігі қолдайды. Құжат салықтарды айтарлықтай қысқартуды, 2017 жылы Трамп енгізген кейбір жеңілдіктерді ұзартуды, сондай-ақ шекара қауіпсіздігі мен қорғаныс саласына шығындарды арттыруды көздейді. Салықты азайту — АҚШ президентінің басты сайлауалды уәделерінің бірі.

Конгресстің Бюджеттік басқармасының есебінше, ұсынылып отырған шаралар алдағы он жылда бюджет түсімін $4 трлн-ға азайтып, мемлекеттік қарыз $3,8 трлн-ға өсуі мүмкін. Пенсильвания университетінің тәуелсіз бюджеттік моделі (Penn Wharton Budget Model, PWBM) ескертеді: егер бұл өзгерістер тұрақты болса, АҚШ-тың федералдық қарызы 10 жылда 11,1%, ал 30 жылда 24,3% өседі.

Заң жобасын қолдаушылар мен Трамптың өзі де, салықты азайту экономикалық өсімді ынталандырады деп есептейді. Алайда PWBM-нің есептеуінше, бұл реформа ЖІӨ-ге айтарлықтай әсер етпейді — 30 жыл ішінде өсім небәрі 0,2%-ды құрайды, ал сол кезеңде орташа жалақы 0,5–0,6%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл ұсынылып отырған стратегияның тиімділігіне күмән тудырады.

Фискалдық саясат пен макроэкономикалық тиімділік арасындағы мұндай теңгерімсіздік инвесторлардың мінез-құлқына әсер ете бастап жатыр. Заң жобасының қабылдануы мүмкін деген жаңалықтар аясында АҚШ-тың 30 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 5%-дан асты. 16 мамырда халықаралық Moody’s рейтинг агенттігі, АҚШ-тың несиелік рейтингін ең жоғарғы Aaa деңгейінен Aa1-ге дейін төмендетіп, бұл шешімге негізгі себептердің бірі ретінде мемлекеттік қарыздың өсуін атады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Барак Обаманың бұрынғы экономикалық кеңесшісі Джейсон Фурман жоғары мемлекеттік қарыз бен салықты қысқартудың тәуекелдері туралы мақала жазған. Оның айтуынша, 2017 жылғы салықтық жеңілдіктерді ұзартуынан, бюджет ЖІӨ-нің 1,5% кірісінен айырылуы мүмкін. Ал мемлекеттік қарыз одан әрі жедел өсе бастайды. Қазіргі ұстаным бойынша мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығы, экономиканың жылдам өседі. Бұл елдің қаржылық жүйесіне қауіп төндіреді деп ескертеді.

Big Tech компаниялары ЖИ нарығын қалай бақылауға алды?

ЖИ-дің түрлі салада жедел дамуы бір маңызды мәселені елеусіз қалдыруда: бұл нарықтағы барлық кезең бойынша ірі технологиялық алпауыттардың үстемдігі. Ресурстар мен бақылаудың мұндай шоғырлануы инновация мүмкіндіктерін шектеуге, бірнеше компанияға тәуелділікті арттыруға және жүйелік тәуекелдердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Леонардо Гамбакорта, Emerging Markets Bank For International Settlements басшысы, Ватсала Шрити және Bank For International Settlements экономисі Экономикалық саясатты зерттеу орталығы (CEPR) үшін мақалада жазылған.

Олардың жазуынша, ЖИ-моделін жасау үдерісі бес компоненттен тұрады. Бірінші компонент — аппараттық жадбық, арнайы чиптер, рафикалық процессорлар, серверлер және орасан зор көлемдегі ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін дата-орталықтар. Оларды NVIDIA, Google және Amazon секілді алпауыт компаниялар әзірлеп, шығарады. Екінші конпонент — бұлтты есептеулерге қатысты. Көптеген компаниялар ірі бұлтты қызмет провайдерлерінің — Amazon (AWS), Microsoft (Azure) және Google Cloud-тың қызметін пайдаланады. Бұл ойыншылар әлемдік бұлтты инфрақұрылым нарығының шамамен 75%-ын бақылайды.

Үшінші компонент — деректер. Олар ЖИ- модельдері үшін отын іспетті. Сапалы әрі көлемді деректерсіз оны оқыту мүмкін емес. Бұл жерде Big Tech басымдығы айқын — олар деректерді өздерінің сервистері арқылы жинайды: іздеу жүйелері, әлеуметтік желілер, бейнеплатформалар мен кеңселік қосымшалар. Мысалы, Google — Gmail және YouTube іздеу жүйесіндегі ақпаратты пайдаланады. Ал Meta — Instagram мен Facebook қолданушыларының деректерін пайдаланады.

Төртінші компонент — бұрыннан жасалып, оқытылған ірі тілдік модельдер: GPT, Bert, Llama, Claude секілді. Қазіргі заманауи ЖИ-жүйелерінің барлығы осы модельдер негізінде құрылады. Мұндай модельдерді өндіру $100 млн-ға жетуі мүмкін.

Сонымен, бесінші компонент  — пайдаланушыға арналған қосымшалар. Олар ірі тілдік модельдер негізінде жасалған өнімдер — ChatGPT, Gemini, Claude, Copilot және т.б.

Ірі технологиялық компаниялар жасанды интеллектті дамытуға белсенді түрде инвестиция салып жатыр: 2023 жылы олар ЖИ-ге жаһандық инвестициялардың үштен бірін, ал генеративті ЖИ сегментінде — үштен екісін қамтамасыз етті. Ірі ойыншылардың шоғырлануының артуы бәсекелестік, тұрақтылық және жүйелік тәуекелдерге қатысты маңызды сұрақтар туындатып отыр, деп жазады Гамбакорта мен Шрити.

Олардың пікірінше, бұл жағдай өздігінен сақталатын циклді қалыптастырады: компаниялардың бұлтты инфрақұрылымға қолжетімділігі бар болғандықтан, олар қуатты ЖИ-модельдер жасай алады. Модельдер жаңа деректерді өңдеу арқылы өз өнімділігін арттырады. ЖИ неғұрлым жақсы жұмыс істесе — оны қолданушылар да соғұрлым көбейеді. Қолданушы артса — дерек пен табыс та көбейеді.

«Желілік және ауқымдық әсер жүйені бәсекелестер үшін алынбас қамал етеді», — деп жазады мақала авторлары.

ЖИ-ді бақылаудың бірнеше технологиялық алпауыттың қолында шоғырлануы экономика мен қоғамға бірдей қауіп төндіреді, деп жазады Гамбакорта мен Шрити. Мұндай жағдай бәсекені шектеп, инновацияның дамуын тежейді, инфрақұрылымды кибершабуылдар мен ақауларға осал етеді және қаржылық тұрақтылыққа қатер төндіреді.

Бұл жағдайды өзгерту үшін, авторлар бірнеше шара ұсынады: ашық оқу деректер жиынтықтарын құру, ірі және шағын компаниялар арасында дерек алмасуды ынталандыру, барлық қатысушыларға бұлтты ресурстар мен базалық модельдерге тең қолжетімділік беру, сондай-ақ платформаларды ауыстыру шығындарын азайтып, қызметтердің үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары