БастыЖаңалықтар
Бөлісу

L’Oreal акциялары «тұманды» болжамнан кейін 8%-ға құлдырады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

L’Oreal акциялары «тұманды» болжамнан кейін 8%-ға құлдырады

Француздық косметика алыбы L’Oreal компаниясының акциялары үшінші тоқсанның қаржылық есебі жарияланғаннан кейін күрт төмендеді. Компания күтілгеннен әлсіз сату нәтижелерін көрсетті және инвесторларға болашақта бәсекелестерден қалай оза алатыны жөнінде ешқандай нақты бағдар бермеді.

Егжей-тегжейлі

22 қазан күні Париждегі сауда сессиясының алғашқы минуттарында L’Oreal акциялары 8%-ға дейін төмендеп, кейін шамамен −6,5 %-ға дейін қалпына келді. Егер бағамдар сауда соңына дейін өспесе, бұл құлдырау компания үшін 2024 жылдың ақпанынан бергі ең ірісі болмақ, деп хабарлады Reuters.

21 қазан кешінде L’Oreal үшінші тоқсан қорытындысы бойынша сатылым көлемін €10,33 млрд деп жариялады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2 % өсім, бірақ Visible Alpha консенсус-болжамынан төмен (онда 4,9 % өсім күтілген). Компания үшін басты нарық саналатын Қытайда екі жылдан кейін алғаш рет өсім тіркелді, ал АҚШ нарығы қалпына келуде. Алайда, Reuters дерегінше Солтүстік және Латын Америкасындағы сату қарқыны болжам деңгейіне жете алмады.

Сарапшылардың ұстанымы

The Wall Street Journal басылымының RBC банкіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша L’Oreal-дың тоқсандық нәтижелері кәсіби өнімдер сегментінен басқа барлық бағыттарда нарық күткен деңгейге жетпеді. «Жақсартулардың ауқымы көңіл көншітпеді», — деді банк аналитиктері.Олардың айтуынша, Солтүстік Азиядағы оң динамика Жаңа Дүниедегі (Америкадағы) әлсіз көрсеткіштердің орнын толтыра алмады.

Barclays сарапшылары өз есебінде: «L’Oreal жалпы сұлулық индустриясынан озық екенін мәлімдейді, бірақ бұл артықшылық нақты қай жерде көрініс табатыны түсініксіз», — деп жазды.

Reuters-тің хабарлауынша 2025 жылдың басынан бері L’Oreal-дың салыстырмалы сату өсімі небәрі 3,4 % болған, бұл компания басшысы Николя Иеронимус әлемдік нарық үшін берген бағалауға сәйкес келеді.

Компания жетекшісі Иеронимус жылдық өсімге қатысты да сақ пікір білдіріп, оның деңгейі бұрынғы болжамға (4 %) «жақын болатынын» айтты. Сондай-ақ ол АҚШ пен Еуропадағы жаңа жыл алдындағы маусымға, әрі Қытайдағы 11.11 жеңілдіктер фестиваліне үміт артатынын атап өтті. «Кеше өткен конференц-қоңырау көңілге қонбады: сұлулық нарығының болашағы одан сайын тұманды бола түсті», — деді Barclays талдаушылары.

Уолл-стрит не дейді

FactSet деректері бойынша соңғы айларда L’Oreal акцияларының консенсус-рейтингі нейтралды (Hold) күйінде қалуда.

Тоқсандық есеп жарияланғаннан кейін JPMorgan Chase, UBS және Bernstein банктері компания акцияларын «ұстау» (hold) жөніндегі ұсыныстарын растады және олардың мақсатты бағасын өзгертпеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары