БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Meta шабуылға шықты, Alphabet қорғаныста»: Цукербергтің ЖИ-ға ставкасы ақталды ма?

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
«Meta шабуылға шықты, Alphabet қорғаныста»: Цукербергтің ЖИ-ға ставкасы ақталды ма?

Meta Platforms, Facebook пен Instagram-ның иесі, жасанды интеллектке инвестицияны белсенді арттыруда. Бұл инвесторларға ұнап отыр: олар компания акцияларын сатып алып, ЖИ-ға жасалған ставканың ақталуына үміттенуде. Сәуірден бері акциялар 40% қымбаттады, алайда сарапшылардың пікірінше, қысқа мерзімді перспективада одан әрі өсу мүмкіндігі шектеулі — мұндай ралли ұзаққа созыла бермейді, дейді олар.

ЖИ Meta үшін неліктен соншалықты маңызды?

Meta жасанды интеллект саласындағы көшбасшылық үшін жарыста шығындарын барған сайын арттырып жатыр, деп атап өтеді Bloomberg. Өткен аптада компания ЖИ саласындағы Scale AI стартапына $14,3 млрд инвестиция салды. Бұл белсенді инвестиция стратегиясының жалғасы болды: бұған дейін Meta 2025 жылға арналған күрделі шығындар болжамын$72 млрд-қа дейін көтерген.

Meta жасанды интеллектті жарнаманы дәлірек бағыттау үшін — яғни негізгі табыс көзін оңтайландыру және Instagram-нан бастап WhatsApp-қа дейінгі сервистеріндегі қолданушы белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жатыр. Компания болашақта жарнамалық хабарландыруларды жасауды толықтай ЖИ көмегімен автоматтандыруды жоспарлап отыр.

«Қолданушылар туралы деректерді өңдеу арқылы табысты арттыру мақсатында ЖИ-ды пайдалану — Meta үшін шабуылға шығуға мүмкіндік беретін қисынды қадам. Ал [Google иесі] Alphabet болса, қорғаныста қалуға мәжбүр», — деді Jensen Investment Management портфельдік менеджері Аллен Бонд. Нарықтағы кейбір ойыншылар Alphabet компаниясы ChatGPT секілді ЖИ-сервистердің кесірінен іздеу жүйесі арқылы табыс табатын тиімді нарықтағы үлесінен айырылып қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Ал Meta-да ондай тәекел жоқ.

Инвесторлар Meta-ның ЖИ-ге құйып жатқан инвестицияларын құштарлықпен қабылдап, бұл салымдар алдағы уақытта да жемісін береді деп үміттеніп отыр, деп жазады Bloomberg. Компания акциялары сәуір айындағы минимумнан бері 40%-дан астамға қымбаттап, тарихи максимумға жақындады. Ал жыл басынан бері шамамен 17% плюсте, «Керемет жетілік» компаниялары арасында ең үздік нәтиже көрсетті.

Алда не болмақ?

Жасанды интеллектті жарнамалық контент жасауға пайдалану алдағы бірнеше жылда Meta-ның жылдық жарнама табысының өсімін 1–2%-ға, ал 2030 жылдың басына қарай 4%-ға дейін арттыруы мүмкін, деп есептейді New Street Research сарапшысы Дэн Самон. Дегенмен ЖИ-дың ұзақмерзімді әлеуетіне қатысты жалпы оптимизм сақталғанымен, бір маңызды сұрақ туындайды: акциялардың өсуі қысқа мерзімді перспективада қанша уақытқа созылады? — деп жазады Bloomberg. Қазіргі таңда компания акцияларының баға/пайда (P/E) коэффициенті 24,5 деңгейінде — бұл өзге технологиялық алпауыттармен салыстырғанда төмен болғанымен, соңғы онжылдықтағы Meta-ның орташа көрсеткішінен (шамамен 22) жоғары, деп атап өтеді Bloomberg.

«Акциялар әлі де тартымды көрінеді — өсім айтарлықтай, ал баға толық негізделген, — дейді Carnegie Investment Counsel зерттеу бөлімінің директоры Грег Халтер. — Алайда мұндай ралли ұзаққа созылмайды, және қазіргі таңда бұл акциялар жақында ғана болғандай «татымды тілім» емес».

«Инвестиция көлемі сәл сақтық тудыру мүмкін, бірақ біз Meta-ның ЖИ-ді табысты арттыру мен бизнесті жеделдетудің көзі ретінде пайдалана алатынына сенеміз, — дейді Allspring LT Large Growth ETF қорын басқаратын Джейк Селтц. — Бұл компанияның [ЖИ саласында] көшбасшылықты сақтау үшін ірі көлемде қаржы құюға дайын екенін көрсетеді. Иә, акциялар қазірдің өзінде айтарлықтай өсті, бірақ ұзақ мерзімді перспективада біз олардың әлеуетіне әлі де сенімдіміз».

Уолл-стриттегі жалпы көңіл-күй жағымды: сарапшылардың шамамен 90%-ы Meta акцияларын сатып алуды ұсынады. Дегенмен бағаның одан әрі өсу әлеуемтіне оптимизм аз: орташа мақсатты бағасы — $699,45 құрайды, бұл 16 маусымдағы сауда кезінде $700-ден асып түскен ағымдағы бағадан төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары