БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morgan Stanley PayPal акцияларын сатуға кеңес береді

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Morgan Stanley PayPal акцияларын сатуға кеңес береді

Төлем қызметтері нарығындағы ірі компания PayPal Holdings осы айда сарапшылар тарапынан үшінші рет рейтингтің төмендеуіне ұшырады. SeekingAlpha жазуынша, 16 желтоқсанда Morgan Stanley компания акциялары бойынша ұсынымын «бейтараптан» «сатуға» дейін төмендетті.

Morgan Stanley талдаушысы Джеймс Фосетт бұл шешімін PayPal-дың фирмалық төлем рәсімдеу шешімдерін (checkout) жақсарту бағытындағы ілгерілеудің баяулығымен түсіндірді. Оның айтуынша, бұл өзгерістер күтілгеннен әлдеқайда күрделі әрі көп уақытты талап етіп отыр. Сонымен қатар, аталған жаңартулар әзірге сервисті пайдалану көлемінің өсуіне әкелмеген, ал сарапшылар дәл соны күткен еді.

Бұл бағалаумен Bank of America Securities те келісті. Ол да PayPal рейтингін төмендетіп, бұған компанияның онлайн төлемдер мен серіктес сайттардағы сатып алуларды рәсімдеуге арналған фирмалық checkout-сервисінің өсуін қалпына келтірудегі кешігулерді себеп етті.

Желтоқсан айының басында JPMorgan да PayPal акциялары бойынша ұсынымын «сатып алудан» «бейтарапқа» дейін төмендеткен болатын.

Неліктен сарапшылар PayPal-ға сенімсіз қарайды?

Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылға қарай PayPal екі негізгі факторға байланысты қосымша қиындықтарға тап болуы мүмкін.

— Біріншіден, компания танымал Venmo төлем қосымшасын табыс көзіне айналдыруда баяу ілгерілеп келеді, деп жазады SeekingAlpha.

— Екіншіден, PayPal үшін «агенттік коммерцияның» (agentic commerce) өсу қаупі бар. Бұл — пайдаланушылардың атынан автоматтандырылған ЖИ-агенттер сатып алу мен төлемдер жасайтын модель. Мұндай үрдіс дәстүрлі төлем делдалдарының рөлін әлсіретіп, компания бизнесі айналасында жағымсыз инвестициялық көзқарас қалыптастыруы мүмкін, деп атап өтті Фосетт.

Оның айтуынша, компанияның баяу өсуі аясында сарапшылар «бір акцияға шаққандағы түзетілген пайданың болжамы төмендетілуі мүмкін деген тәуекелдің артқанын» көріп отыр.

«Бұған қоса, PayPal осы мәселелерді шешу үшін инвестиция салуды жалғастырып, нарықтағы үлесін жоғалтуды баяулату мақсатында маркетингтік шығындарын арттыруға мәжбүр болады», — делінген Morgan Stanley-дің SeekingAlpha келтірген аналитикалық жазбасында.

18 желтоқсандағы сауда барысында PayPal акциялары шамамен 2%-ға төмендеді.

Morgan Stanley-дің Underweight рейтингі Уолл-стрит сарапшыларының ортақ пікірінен өзгеше. Қазіргі кезде Уолл-стриттің ортақ консенсус рейтингі бейтарап деңгейде болса, Seeking Alpha сарапшыларының орташа рейтингі — «сатып алу».

MarketWatch деректеріне сәйкес, PayPal акцияларын бақылап отырған 46 сарапшының 26-сы оларды портфельде ұстауды, 16-сы сатып алуды, ал 4-еуі сатуды ұсынады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары