БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорк биржасының иесі Polymarket платформасына $2 млрд инвестиция салмақ

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Нью-Йорк биржасының иесі Polymarket платформасына $2 млрд инвестиция салмақ

Нью-Йорк қор биржасының (NYSE) иесі саналатын Intercontinental Exchange (ICE) корпорациясы нақты оқиғалар нәтижесіне болжам жасауға мүмкіндік беретін криптоплатформа Polymarket-ке $2 млрд-қа дейін қолма-қол қаржы салуды жоспарлап отыр. Бұл платформада қолданушылар саяси сайлаулар, спорттық матчтар және басқа да қоғамдық маңызы бар оқиғаларға қатысты ставкалар қоя алады.

Мәміленің нәтижесі

Жоспарланған келісім аясында ICE Polymarket платформасындағы нарықтық күтілімге негізделген деректердің жаһандық дистрибьюторына айналады. Бұл деректер компания клиенттеріне негізгі тақырыптар бойынша нарықтың жалпы көңіл-күйін көрсететін индикаторларды ұсынуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ICE Polymarket-пен токенизация саласында серіктестік орнатпақ.

«Нарықта ICE мен Polymarket бірлесіп барынша тиімді пайдалана алатын мол мүмкіндік бар. Бұл серіктестіктің бізді қай бағытқа жетелейтінін үлкен қызығушылықпен күтіп отырмыз», – деді ICE бас директоры Джеффри Спрехер.

Компания Polymarket-пен серіктестікке қатысты өз стратегиясын 30 қазандағы үшінші тоқсанға арналған қаржылық есеп барысында жариялайды.

Бағалау және болашағы

Келісім сомасына сүйене отырып, Polymarket-тің жалпы нарықтық құны шамамен $8 млрд деп бағаланған. Бұл — инвесторлардың платформа болашағына деген сенімінің жоғары екенін білдіреді, деп жазады The Wall Street Journal.

Әлемдегі ең ірі биржа операторларының бірі саналатын ICE (нарықтық құны $90 млрд-тан асады) сияқты алпауыттың мұндай инвестициясы Polymarket-тің беделін арттырып, компанияның АҚШ-тағы жұмысын қалпына келтіруіне жол ашуы мүмкін.

Айта кетейік, Polymarket бірқатар елде лицензиясы жоқ офшорлық құмар ойын платформасы ретінде тыйым салынған. Ал АҚШ-та оның қызметі 2022 жылдан бастап шектелген болатын. Бұл шектеулер Джо Байден әкімшілігі тұсында Тауарлық фьючерстер жөніндегі комиссиямен (CFTC) жасалған келісім нәтижесінде енгізілген.

Танымалдықтың артуы

Polymarket платформасы 2024 жылғы АҚШ президенттік сайлауынан кейін кең танымалдыққа ие болды. Сол кезде платформадағы сауда көлемі $2 млрд-тан асып, Дональд Трамптың жеңісі туралы болжамы нақты шықты.

Трамп әкімшілігі билікке келген соң, компания мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қарым-қатынас жақсарды: Әділет министрлігі мен CFTC жүргізіп жатқан тергеулер тоқтатылды. Сондай-ақ Polymarket директорлар кеңесіне Дональд Трамптың ұлы — кіші-Трамп қосылды. Оның венчурлық қоры 1789 Capital платформаның басты инвесторларының біріне айналды.

Сонымен қатар, компания лицензиясы бар шағын биржа мен клирингтік орталықты сатып алды. Бұл қадам Polymarket-ке АҚШ нарығына заңды түрде қайта оралуға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары