БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: сауда-саттық күту режимінде өтеді

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: сауда-саттық күту режимінде өтеді

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына күнделікті шолу мен болжам.

Бүгін не күтеміз?

Инвесторлар осы аптада жарияланатын маңызды макроэкономикалық деректер алдында ірі позициялар ашудан аулақ болуда. Бейсенбіде ұзақмерзімді тауарларға тапсырыстар бойынша алдын ала тамыз айының деректері жарияланады (күтілетін көрсеткіш: -0,3% айлық, шілде: -2,8%). Алдыңғы айдағы күрт төмендеуден кейінгі бұл қалыпты кему – өндіріс секторында тұрақтылықтың пайда болғанын көрсете алады.

Freedom Broker жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініштер саны 234 мың деңгейінде тұрақтайды деп болжап отыр (өткен апта: 231 мың). Бұл көрсеткіш және алдыңғы күні жарияланған жаңа үйлерді сату бойынша мықты есеп АҚШ экономикасының орнықтылығын тағы да дәлелдейді. Сонымен қатар, тамыз айындағы қайталама тұрғын үй нарығы бойынша мәліметтер де назарда болады (күтілетін нәтиже: -1,4% айлық, шілде: +2%).

Дегенмен, бұл макродеректердің маңыздылығына қарамастан, АҚШ үкіметінің жұмысын тоқтату қаупінің күшеюі инвесторлардың назарын басқа жаққа бұрып отыр. Ақ үй федералды агенттіктерге уақытша демалыстардан гөрі жаппай жұмыстан босатуға дайындалуды тапсырды, бұл бюджет төңірегіндегі саяси текетірестің шиеленіскенін білдірсе керек. Осы қауіптер, опциондардың тоқсандық экспирациясы және жұмада жарияланатын PCE индексі туралы деректерді күту – инвесторларды барынша сақ болуға итермелеп отыр.

Негізгі сауда сессиясы басталғанға дейін Jabil (JBL) және CarMax (KMX) өз қаржылық есептерін ұсынады. Ал кешкі уақытта есепті Costco (COST) жариялайды.

АҚШ индекстеріне арналған фьючерстер айтарлықтай өзгеріссіз. Құбылмалылық орташа, ал тәуекел балансы – бейтарап. S&P 500 индексінің 6600–6670 тармақ аралығында ауытқуын күтеміз (бұрынғы сессия жабылуынан -0,6%–дан +0,5%-ға дейін).

Басты азарда

  • Jane Street – Opendoor Technologies (OPEN) компаниясының 5,9% акциясына иелік ететінін жариялады. Бұл жаңалық компания акцияларының премаркетте 10%-ға өсуіне себеп болды.

  • Seastar Medical Holding (ICU) – акциялары шамамен 48%-ға құлдырады. Бұл – клиникалық зерттеулерді кеңейту бойынша тәуелсіз бақылау комитетінің ұсынымына байланысты. Нарық бұл ұсынысты бастапқы нәтижелердің сенімді болмаған белгісі ретінде қабылдады.

  • Stitch Fix (SFIX) – 4-тоқсандағы жақсы есепке қарамастан, акциялар шамамен 6%-ға төмендеді. Компания кірісі $311,2 млн болды (+4,4% жылдық), бір акцияға шығын $0,07 (күтілгені: $0,1). Алайда белсенді клиенттер санының 7,9%-ға азаюы инвесторларды алаңдатты.

  • KB Home (KBH) – негізгі сессия жабылғаннан кейін 0,2%-ға төмендеді. Есеп бойынша, құрылыс компаниясының кірісі $1,62 млрд, ал EPS – $1,61 (күтілген: $1,59 млрд және $1,5).

Кеше нарықта не болды?

24 қыркүйектегі АҚШ қор нарығы тағы да теріс аумақта аяқталды. S&P 500 –0,28%, Nasdaq 100 –0,31%, Dow Jones –0,37%, Russell 2000 –0,92% көрсетті.

«Ғажайып жетілік» акцияларының көбі құлдырады, алайда Tesla (TSLA) – айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл – федералды салық жеңілдігінің мерзімі бітуіне дейінгі жеткізілімдерге сұраныстың артуына байланысты. Энергетикалық сектор (XLE: +1,30%) көш бастаса, материалдар өндірушілері (XLB: -1,22%) ең көп жоғалтқандар қатарында болды.

Күннің басты макрооқиғасы – тұрғын үй нарығы бойынша күтпеген жерден мықты деректердің жариялануы. Тамыз айында жаңа үйлердің сатылымы 20,5%-ға (айлық) және 15,4%-ға (жылдық) өсті – бұл 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Күтілгені – шілдедегі -0,6%-дан -0,3%-ға дейін баяулау еді. Бұл өсім ипотекалық мөлшерлеме төмендемей тұрып тіркелген және орташа үй бағасы да 1,9%-ға өсіп, $413,5 мың болды. Сарапшылар бұл белсенділікті құрылыс компанияларының жеңілдіктері және арнайы ұсыныстарымен байланыстырады. Дегенмен, бұл мәліметтер ай сайын ауытқып отырады, нақты трендті келесі деректермен ғана бағалауға болады.

ФРЖ-ның «қатаң саясатын» жақтайтындар үшін бұл деректер қазіргі пайыздық мөлшерлемелер экономиканы аса қатты тежеп тұрған жоқ деген уәжге негіз болуы мүмкін.

Компания жаңалықтары

  • Alibaba (BABA: +8,2%) – келесі үш жылда ЖЖ (жасанды жады) саласына $53 млрд инвестиция салатынын жариялап, жаңа Qwen3-Max тілдік моделін таныстырды.

  • Intel (INTC: +6,4%) – Bloomberg-тің мәліметінше Apple компаниясынан инвестиция тарту үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл – бизнесін қалпына келтіруді жеделдетуге бағытталған әрекет болса керек.

  • uniQure NV (QURE: +247,7%) – Гентингтон ауруын емдеуге арналған AMT-130 препараты бойынша күшті зерттеу нәтижелерін жариялаған соң акциялары күрт өсті. Препарат аурудың даму қарқынын 75%-ға баяулатты (күтілгені: 50%).

  • Freeport-McMoRan (FCX: -17%) – шілдедегі болжаммен салыстырғанда мыс пен алтын сату бойынша жоспарын сәйкесінше 4% және 6%-ға төмендетті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары