Papa John’s акциялары сатылым туралы хабардан кейін қымбаттады

Халықаралық Papa John’s пиццериялар желісінің акциялары 15 қазандағы саудада 13%-ға өсті. Инвестициялық компания Apollo желіні жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Бұған Reuters агенттігінің таратқан ақпараты себеп болды.
Егжей-тегжейі
Сәрсенбі күні Papa John’s акцияларының бағасы 54,95 долларға жетіп, 11 маусымнан бергі ең жоғары деңгейге шықты. Barron’s жазуынша, инвесторлар Apollo Global Management компаниясының пиццерия желісін сатып алып, оны жеке меншік компанияға айналдырады деген үмітпен акцияларды белсенді сатып ала бастады.
13 қазанда StreetInsider дереккөздерге сілтеме жасап, Apollo компаниясының бір акция үшін 64 доллар ұсынып, Papa John’s желісін жеке компанияға айналдыруға ниетті екенін хабарлады. 14 қазанда бұл ақпаратты Reuters те растады. Papa John’s пен Apollo бұл жаңалыққа түсініктеме беруден бас тартты. Ұсынылған баға соңғы сауда күніндегі (10 қазан, жұма) жабылу бағасынан шамамен 53% жоғары. Дегенмен, мәміле нақты жасалады деген сенімділік әзірге жоқ, деп жазады агенттік.
Сәрсенбі күнгі өсімнен кейін Papa John’s компаниясының нарықтық құны шамамен 1,7 миллиард долларға жетті. 2025 жылдың басынан бері акциялар 29%-ға қымбаттаған.
Сарапшылар не дейді?
Stephens компаниясының сарапшысы Джим Сэлира 13 қазандағы жазбасында: «Apollo-ның қатысуы ықтимал келісім төңірегіндегі әңгімелерге қаржылық салмақ пен сенімділік қосты», — деп жазды (MarketWatch дәйексөзі).
Өткен аптада BofA Securities Papa John’s акцияларының рейтингін «сатып алу» деңгейінен «бейтарапқа» түсірді (яғни акцияларды ұстай тұру ұсынылады). MarketWatch мәліметінше, қазір компания акцияларына 16 рейтинг берілген, олардың 10-ы — «Hold», яғни ұстау ұсынысы, ал қалған алтауы — сатып алуға кеңес береді (бесеуі «Buy», біреуі «Overweight»). Орташа мақсатты баға — 51 доллар, бұл шамамен 4,6%-дық өсу әлеуетін білдіреді.
Контекст
Reuters дереккөздері маусым айында Apollo мен Irth Capital Management инвестициялық қоры Papa John’s компаниясын бір акция үшін 60 доллардан сәл жоғары бағамен сатып алуды бірлесіп ұсынғанын хабарлаған. Сол кезде желіге басқа белсенді инвесторлар да қызығушылық танытқан.
Кейінгі жылдары жекеменшік инвестициялық компаниялар мейрамхана брендтерін белсенді сатып алып келеді. Reuters атап өткендей, олардың арасында Subway, Dave’s Hot Chicken және Jersey Mike’s сияқты танымал желілер бар.








