БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Qualcomm Қытайда монополияға қарсы тергеуге ілінді. Акциясы құлады

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Qualcomm Қытайда монополияға қарсы тергеуге ілінді. Акциясы құлады

Қытай реттеушілері чип және байланыс технологиясын әзірлейтін Qualcomm компаниясы Израильдің Autotalks жартылай өткізгіш компаниясын сатып алуына байланысты монополияға қарсы тексеру бастады. Қытай нарығы Qualcomm үшін негізгі кіріс көзінің бірі болғандықтан тергеу қысымды күшейтуде — 2024 қаржы жылында компания табысының шамамен жартысы Қытайдан түскен.

Егжей-тегжейлі

Қытай Qualcomm-ды Autotalks компаниясын сатып алу бойынша мәмілені тексеруді бастады, деп жазады Bloomberg. Нарықты реттеудің мемлекеттік басқармасы (SAMR) хабарлауынша, мәміледе монополияға қарсы заң бұзушылық бар-жоғын анықтамақ.

Qualcomm биыл Autotalks компаниясын сатып алған, бірақ мәміленің сомасы жарияланған жоқ.

Qualcomm акциясы Нью-Йорктегі сауда басталған сәтте шамамен 2% құлады. Жыл басынан бері компания қағазы небәрі 8% шамасында өскен, ал кең нарық көрсеткіші — S&P 500 индексі — шамамен 15% көтерілген.

Тергеу туралы хабарлама сондай-ақ британдық чип өндіруші Alphawave IP Group акциясының құлауына әкелді. Qualcomm биыл осы компанияны $2,4 млрд көлеміндегі мәміле аясында сатып алу процесінде тұр, деп жазады Bloomberg. Alphawave IP Group акциясы Лондонда шамамен 6,5% азайын, кейін аздап қалпына келді.

Бұл не білдіреді?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздерге дайындық аясында Пекин смартфон мен желілік жабдық өндірісінде маңызды рөл атқаратын технологияларға ие Qualcomm компаниясына назарға алды. Екі ел де сауда келісімінде тіпті шиеленіске түссе де мерзімінен бұрын өз позицияларын нығайтуға тырысуда, деп жазады Bloomberg.

Qualcomm Қытай нарығына айтарлықтай тәуелді болғандықтан америкалық ең осал  компаниялардың бірі саналады, дейді WSJ. 2024 қаржы жылындағы компания табысының шамамен жартысы Қытайдан түскен — бұл ең соңғы қолжетімді дерек. Соңғы есепте компания «бизнестің елеулі бөлігі Қытайда шоғырланғанын және мұндай тәуелділік АҚШ пен Қытай арасындағы сауда әрі саяси шиеленістерге байланысты қауіпті күшейтетінін» атап өтті.

АҚШ пен Қытай арасындағы қарсылық тағы қалай байқалып жатыр?

Qualcomm-нан бөлек, Қытай реттеушілері бір ай бұрын Nvidia 2020 жылы жасаған Mellanox желілік жабдық өндірушісін сатып алу мәмілесіне қатысты тергеу бастағанын хабарлаған. Жаңалық Пекин мен Вашингтон өкілдері Мадридтегі кең ауқымды келіссөздер барысында сауда және басқа да мәселелер бойынша келісе алмай жатқан сәтте жарияланды, дейді агенттік.

Бұған қоса, Қытай сирек кездесетін элементтерге және олармен байланысты технологияларға экспорттық бақылауды күшейтті. Бұл материалдар автокөлік, қорғаныс және чип өндірісі сияқты жоғары технологиялық салалар үшін өте маңызды, деп жазады CNBC.

9 қазанда Пекин белгілі бір түрдегі литий батареяларына, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдық пен материалға қатысты экспорттық лицензиялау жүйесін енгізетінін мәлімдеді, деп жазады WSJ.

Келесі күні Қытай билігі АҚШ әкімшілігі қытай кемелеріне осындай алым енгізген соң, Қытай порттарына кіретін америкалық кемелерге арнайы порттық алым енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

АҚШ соңғы жылдары қытай тауарларына жаңа экспорттық шектеулер мен баж салығын бірінен соң бірін енгізіп келгендіктен, Пекин америкалық компанияларға қатысты мемлекеттік тергеуді Вашингтонға қысым жасау құралы ретінде пайдалануда, дейді WSJ.

Сарапшылар кеңесі

MarketWatch деректері бойынша, Qualcomm акциясы бойынша сарапшылардың консенсусы әлі де позитивті. Компания қағазын қадағалайтын 38 сарапшының ішінде 19-ы сатып алуға (Buy және Overweight), ұстауға (Hold) — 18, ал сатуға (Sell) — 1 ғана сарапшы кеңес берді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары