БастыЖаңалықтар
Бөлісу

S&P 500 индексіне үш жаңа акция кіреді. Олардың бірі биыл 136% қымбаттады

Ринат Таиров

Ринат Таиров

Oninvest тілшісі
S&P 500 индексіне үш жаңа акция кіреді. Олардың бірі биыл 136% қымбаттады

АҚШ-тың негізгі индексі S&P 500 құрамына 22 желтоқсаннан бастап үш жаңа акция қосылады, ал тағы үшеуі индекстен шығады, деп хабарлады S&P Dow Jones Indices. Әдетте индекс құрамына ену акция бағасына оң әсер етеді, өйткені индексті қадағалайтын қорлар өз портфельдеріне қосу үшін сол акцияларды сатып алуға кіріседі.

S&P 500-ге кімдер кіреді?

— CRH — құрылыс материалдарын жеткізуші. Оның акцияСы 5 желтоқсандағы кешкі саудада 6%-дан астам өсті. 2025 жылдың басынан бері 29% қымбаттады. Сарапшылардың көбі бұл акцияны «сатып алуға» кеңес берді: 22 Buy және 2 Overweight рейтингі бар, оған қарсы 3 Hold («ұстап тұру») және 1 Underweight («нарықтан төмен», яғни «сату») рейтингі берілген.

— Carvana — қолданыста болған автомобильдерді сатушы. Жұма күнгі постмаркетте акциясы 10% қымбаттады. 2025 жылы олар 96% өсті. Сарапшылардың көбі бұл ритейлердің акциясын да сатып алуға кеңес берді: 18 Buy және 1 Overweight, ал оған қарсы 6 Hold және 1 Sell бар.

— Comfort Systems — механикалық, электрлік және сантехникалық жүйелерді монтаждау және қызмет көрсету саласында қызмет көрсететін компания. Оның акциясы постмаркете 1,8% өсті, ал 2025 жылдың басынан бері 136% көтерілді. Компания акциясына сарапшылардан 10 рейтинг берілген: 6 Buy, 2 Overweight және 2 Hold.

S&P 500-ден кімдер кетеді?

— LKQ — автокөлік бөлшектерін жеткізуші. Жыл басымен салыстырғанда оның акциясы шамамен 20% минуста.

— Solstice Advanced Materials — мамандандырылған химикаттар мен материалдар өндіруші. Компания тек қараша айында Honeywell International құрамынан жеке бөлініп шыққан.

— Mohawk Industries — еденге арналған материалдар өндіруші. 2025 жылдың басымен салыстырғанда оның акциясы 7% минуста.

Контекст

S&P Dow Jones Indices бірнеше басқа индекстерге де өзгерістер жариялады. Мысалы, Pinterest суреттер сервисі S&P MidCap 400 индексіне қосылады, ал спорттық киім мен жабдық өндіруші Under Armour керісінше индекстен шығып, S&P SmallCap 600 құрамына ауысады.

CRH және Carvana S&P 500-ге кіруі мүмкін екені туралы желтоқсан басында KBW сарапшысы Шреянк Гандиге сілтеме жасап Barron’s жазған болатын. Оның айтуынша, индекстің ықтимал үміткерлері қатарында дата-орталықтарға арналған жабдық өндіруші Vertiv Holdings, биотех компаниясы Alnylam Pharmaceuticals және инвестициялық компания Ares Management те бар.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары