БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Sanofi вакциналық бизнесті кеңейтеді: Dynavax-ты $2,2 млрд-қа сатып алады

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Sanofi вакциналық бизнесті кеңейтеді: Dynavax-ты $2,2 млрд-қа сатып алады

Францияның фармацевтикалық компаниясы Sanofi америкалық вакциналар өндірушісі Dynavax Technologies-ті шамамен $2,2 млрд (€1,9 млрд)-қа сатып алатынын хабарлады. Мәміле бойынша Sanofi Dynavax-тың бір акциясы үшін $15,50 төлейді. Бұл 23 желтоқсандағы жабылу бағасынан шамамен 39%, ал соңғы үш айдағы орташа бағадан 46% жоғары. 24 желтоқсанда Париж биржасында Sanofi акциялары 0,2%-ға төмендеді.

Мәміленің мәні неде

Reuters-тің жазуынша осы сатып алу арқылы Sanofi: АҚШ-та мақұлданған В гепатитіне қарсы Dynavax вакцинасына, сондай-ақ әзірлеудің ерте сатысындағы белдеме теміреткісіне (опоясывающий лишай) қарсы эксперименттік вакцинаға қол жеткізеді.

Dynavax вакцинасының артықшылығы

Тамыз айында Dynavax белдеме теміреткісіне қарсы вакцинасы клиникалық зерттеудің ерте–орта кезеңінде GSK компаниясының Shingrix препаратымен салыстырмалы иммундық әсер көрсеткенін хабарлаған. Shingrix нарықтағы ең тиімді әрі табысты вакциналардың бірі саналады.

Сонымен қатар Dynavax вакцинасы қауіпсіздік жағынан қолайлырақ, яғни жанама әсерлері жеңілірек болған. Бұл әсіресе егде жастағы адамдарды жаппай вакцинациялау үшін маңызды артықшылық болуы мүмкін.

Қаржыландыру және стратегия

Sanofi Dynavax-ты сатып алу келісімін 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр және мәмілені өз қаражаты есебінен қаржыландырады. Компания бұл сатып алу 2025 жылға арналған қаржылық болжамға әсер етпейтінін атап өтті.

Бұл мәміле Sanofi-дің 2025 жылғы бірқатар сатып алуларының жалғасы болып отыр. Компания бизнесін әртараптандырып, өсім көздерін негізгі табыс әкелетін Dupixent (астмаға қарсы препарат)-тен тыс кеңейтуді көздейді. Reuters дерегінше, шілде айында Sanofi британдық жеке биотехнологиялық ViceBio компаниясын $1,5 млрд-қа сатып алған.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары