БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Таңғы шолу: OpenAI эротикалық контент саясатын жұмсартты, алтын рекорд жаңартты

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: OpenAI эротикалық контент саясатын жұмсартты, алтын рекорд жаңартты

OpenAI триллион долларлық шығындарды өтеу мақсатында жаңа серіктестіктер мен табыс көздерін қарастырып, контент саясатын жұмсартты — енді ересектерге арналған эротикалық материалдарға рұқсат беріледі. Ал алтын бағасы АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс пен ФРЖ мөлшерлемесін төмендету күтулерінің аясында унциясына рекордтық $4185-қа жетті. Осы және басқа да маңызды жаңалықтар — 15 қазан таңғы шолуда.

Алтын рекорд жаңартты

Bloomberg деректері бойынша алтынның бағасы унциясына $4185-қа дейін өсіп, жаңа тарихи максимум орнатты. Ал күміс $53,5-тен асты. Бұл өсім АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің күшеюімен және ФРЖ биылғы жылдың соңына дейін екі рет мөлшерлемені төмендетеді деген күтумен байланысты.

Қазынашылық облигациялар табыстылығының төмендеуі мен арзан қарыз алу күтулері пайыз әкелмейтін бағалы металдарға сұранысты арттырды.

Инвесторлар «қауіпсіз айлақтарға» бет бұрды — Дональд Трамп Қытаймен өсімдік майы саудасын тоқтатуға уәде беріп, ал Бейжің Вашингтонның 100% қосымша баж салығын енгізу қаупіне жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұл әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы сауда шиеленісі қайта күшейгенін көрсетті.

Walmart акциялары рекорд жаңартты

Walmart акциялары OpenAI компаниясымен серіктестік орнағаннан кейін 5%-ға жуық өсіп, рекордтық $107,21-ға жетті. Енді пайдаланушылар ChatGPT арқылы бірден сатып алу (Instant Checkout) мүмкіндігін пайдаланып, Walmart және Sam’s Club сайттарында чат-бот арқылы іздеу жүргізе алады.

Ритейлер басшысы Даг Макмиллонның айтуынша компания «жекелендірілген және мультимедиялық жасанды интеллект тәжірибесіне» бағыт алып отыр.

OpenAI бас директоры Сэм Альтман бұл серіктестік «күнделікті сауданы сәл жеңілдетеді» деді. Бұл қадам OpenAI-дың ірі платформалармен интеграция стратегиясына сай келеді: компания бұған дейін AMD, Broadcom, Etsy және Shopify-мен әріптестік орнатқан, ал Nvidia OpenAI-ға $100 млрд дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.

UBS сарапшыларының пікірінше ChatGPT технологиясын енгізу Walmart-қа бәсекелік артықшылық береді, себебі ChatGPT-дің апталық белсенді аудиториясы 700 млн пайдаланушыға жетті.

OpenAI жаңа табыс көздерін іздеуде

Financial Times-тың дерегінше OpenAI бес жылдық стратегия аясында $1 трлн-нан астам шығынды жабу үшін қарыз серіктестіктерін құрып, капитал тартудың жаңа кезеңін жоспарлап отыр. Компания мемлекеттік және корпоративтік келісімшарттар алуды, тапсырыспен өнімдер мен сауда құралдарын әзірлеуді, Sora бейнеқосымшасы мен ІІ-агенттер арқылы сатылымды дамытуды, сондай-ақ онлайн-жарнама мен тұрмыстық электроника нарығына шығуды көздейді.

Сонымен қатар, ChatGPT жасаушылары ересектерге эротикалық контентке рұқсат бермек. CNBC хабарлауынша, Сэм Альтман желтоқсанда цензурасы аз нұсқасын іске қосатынын мәлімдеді — ол «ересектерге ересекше қарау» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Альтманның айтуынша, бұрынғы нұсқалар пайдаланушылардың психикалық денсаулығына алаңдаушылықтан тым шектеулі болған, алайда енді компанияда шектеулерді қауіпсіз түрде жеңілдететін жаңа тетіктер бар.

Бұған қоса, OpenAI ChatGPT-тің жаңа нұсқасын дайындап жатыр — онда пайдаланушылар боттың «мінезін» өз талғамына қарай баптай алады: мысалы, ресми немесе бейресми, эмоцияға толы стильмен, эмодзилерді белсенді пайдалана отырып.

Нарықтағы ахуал

  • Жапонияның кең индексі Topix 1,4%-ға, Nikkei 225 — 1,6%-ға өсті.

  • Оңтүстік Кореяда Kospi 2,1%-ға, Kosdaq 1,4%-ға көтерілді.

  • Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,9%-ға артты.

  • S&P 500 фьючерстері 0,4%-ға, Nasdaq 100 — 0,5%-ға, ал Dow Jones Industrial Average — 0,2%-ға қымбаттады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары