Tesla акциясының үздік таргеті тағы томендеді: 50%-ға дейін түсуі мүмкін
Инвесторлардың шыдамы таусылуда, өйткені компанияның бас директоры Илон Маск саясатқа тым қатты араласады, бұл брендке зиян тигізуде

JPMorgan әлем бойынша бойкоттар мен наразылықтарға орай Tesla акцияларының бағасының тағы да төмендейтінін болжап отыр. Инвестициялық банк автокөлік өндірушісінің акцияларының мақсатты бағасын түсіріп, олардың құнының екі есе төмендеуін күтеді. Marketwatch деректеріне сәйкес бұл Уолл-стриттегі Tesla акцияларының ең нашар бағалануы. Сонымен қатар 12 наурыздағы сауда-саттықта акциялар Трамптың қолдауы нәтижесінде 8%-ға өсті.
Толығырақ
JPMorgan-ның сарапшысы Райан Бринкман Tesla акцияларының мақсатты бағасын $135-тен $120-ға төмендетті, бұл 12 наурыздағы сауда жабылуынан 51%-ға төмендеу болжамын білдіреді. Marketwatch мәліметтеріне сәйкес Tesla акцияларының 58 бағасы бар, оның ішіндегі ең төмені – $120.
CNBC сайтында жарияанған Бринкманның жазбасына сәйкес электрокар өндірушісінің көлемі мен баға саясаты тұрғысынан келешегі әлсіз болып тұр, өйткені Илон Масктың Ақ үй әкімшілігіндегі белсенді үлесі сын мен қоғамдық наразылық тудырып отыр. Мұның бәрі 2025 жылдың басындағы бүкіл нарық үшін тұнжырау тудырды: екі ай ішінде биржалық индекстер импорттық кеден баждарын енгізу, экспорттаушы елдерден жауапты баждар, сондай-ақ рецессияға деген алаңдаушылыққа байланысты төмендеді. Бұл технологиялық сектордың акцияларының кең көлемде сатылуларына әкелді.
JPMorgan сарапшысы Tesla бірінші тоқсанында шамамен 355 мың автокөлік сатады, бұрынғы болжам 444 мың болатын. Жаңа баға 2024 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 28%-ға, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендеуді білдіреді.
«Көлік өнеркәсібі тарихында брендтің осы мөлшерде құнсызданғанын еске түсіру қиын», - деді Бринкман, электрокөліктер, автосалондар мен зарядтау станцияларының бойкоттары мен вандализм туралы түсініктеме беріп. Ол 2012 және 2017 жылдары дипломатиялық шиеленіс нәтижесінде қытай нарығында жапон және корей көліктеріне қатысты бойкоттардың шектеулі болуы мүмкін болғанын айтты, алайда 2025 жылы Tesla сатылымының төмендеуі жаһандық сипатқа ие болуда.
Акцияладың жағдайы не болуда
Сәрсенбі күні акциялар 7,6%-ға, $248,1-ге дейін көтерілді. Қосымша сату аяқталған соң, тағы 1,5%-ға өсті. Акциялар Дональд Трамптың әлеуметтік желіде Тесланы қолдау үшін сатып алатыны туралы жазбасынан кейін көтерілді.
Алайда қаңтар айының басынан бері автоконцерннің акциялары 38,6%-ға арзандады. Morgan Stanley деректеріне сүйенсек, Tesla инвесторларының 80%-ы Илон Масктың даулы саяси әрекеттері брендке «теріс» немесе «өте теріс» әсер етеді деп санайды. Дегенмен инвестициялық банк акцияларды құлдыраудан кейін сатып алуға кеңес береді.
Басқа сарапшылар не дейді?
— Guggenheim сарапшысы Рональд Джусикау MarketWatch-қа берген пікірінде сәрсенбі күнгі өсім ұзаққа созылмайды деп есептейді. Ол Tesla акцияларын одан әрі сатуды ұсынды және олардың 30%-дан астамға құлдырайтынын болжап, бағасын $170 деңгейінде болжайды. Сондай-ақ Tesla бірінші тоқсанда 358 мың электромобиль жеткізеді деп күтіп отыр. FactSet деректері бойынша Уолл-стриттің консенсус-болжамы — 430 мың көлік. Джусикау Tesla брендіне Масктың саяси ұстанымы зиянын тигізіп жатқанын, енді демократтар оны сатып ала қоюы екіталай екенін айтады.
— CFRA сарапшысы Гарретт Нельсон Tesla-ның 2025 жылғы бір акцияға шаққандағы табысы бойынша болжамын $2,9-дан $2,5-ке дейін төмендетті. Дегенмен компания акцияларын сатып алуды ұсынуын сақтап қалып, олардың мақсатты бағасын $540-тан $385-ке дейін түсірді. Бұл 55%-ға өсу әлеуетін білдіреді. Barron's мәліметінше Нельсон 2018 жылдан бері Tesla акциялары 40%-ға дейін сегіз рет құлдырағанын, бірақ әр кезде бұл инвесторлар үшін тиімді сатып алу мүмкіндігіне айналғанын атап өтті.
— Wedbush Securities сарапшысы Дэн Айвз 6 наурызда Tesla акцияларын өздерінің «ең үздік инвестициялық идеялар» қатарына қосты. Алайда 11 наурызда ол мүлде басқа реңктегі жаңа баяндама жариялады. The Street жазуынша Айвз пен оның командасы Маск соңғы айларда Tesla өндірістік нысандарына бармағанын атап өтті, ал инвесторлардың сабыры таусылуда. Соған қарамастан Wedbush Tesla-ға оң баға беруді жалғастырып отыр, әсіресе Трамптың қолдауымен автономды жүргізу технологиясының дамуын күтіп.
MarketWatch мәліметінше 28 сарапшы Tesla акцияларын сатып алуды, 17-сі оларды портфельде ұстауды, ал 13-і сатуды ұсынады. Уолл-стриттің консенсус бағасы $373,2 — бұл қазіргі бағадан 50%-ға жоғары.








