The Motley Fool үлкен әлеуеті бар үш кванттық акцияны атады

Кванттық есептеулерге қызығатын инвесторлар орташа капитализациялы D-Wave Quantum мен Rigetti Computing компаниясына, сондай-ақ ірілеу әзірлеуші IonQ-ға назар аударғаны жөн, деп санайды The Motley Fool. Әрқайсы технологиялық жарыс енді ғана басталып жатқан салада бәсекелестерінен артықшылыққа ие, деп түсіндіреді басылым. Алайда оларға инвестиция жасау тәуекелді, сондықтан инвесторлар портфеліндегі үлесін шектеуі керек.
D-Wave Quantum
Капитализациясы $9,2 млрд D-Wave басқа көп компания сияқты әмбебап кванттық компьютер жасамайды, тек ең өзекті салалардағы міндетті шешуге назар аударады. Оның кванттық күйдіру технологиясы күрделі мәселеленің ең жақсы шешімін табу үшін кванттық мехниканы қолданады. Бұл технологияны логистика саласында және статистикалық есептеуде — кванттық компьютерлердің негізгі екі қолданылу саласында пайдалы етеді, деп жазады Motley Fool.
MarketWatch дерегінше, D-Wave қызметін қадағалайтын он сарапшы да оның қағазын сатып алуды ұсынады. Орташа мақсатты баға $23,3, бұл ағымдағы котировкадан төмен.
Rigetti Computing
The Motley Fool дерегінше, капитализациясы $9,25 млрд Rigetti Computing уақыт өте келе кванттық есептеумен айналысатын компаниялар арасында инвесторлардың фаворитіне айналуы мүмкін. Компанияның қазіргі басты артықшылығы — саладағы ең ірі көпчипті кванттық компьютерге ие болуы, ол күрделі есептеулерді орындай алады, деп жазады The Motley Fool. Сондай-ақ Rigetti Computing қолданатын технология, олардың айтуынша, иондарды ұстау әдісіне қарағанда деректерді 1000 есе жылдам өңдей алады. Есептеулер жеткілікті дәл болғанда бұл фактор алдыңғы орынға шығады, деп санайды The Motley Fool.
MarketWatch дерегінше, Rigetti Computing қызметін қадағалайтын Уолл-стриттің сегіз сарапшысы да оның акциясын сатып алуды ұсынды. Орташа мақсатты баға $19,29, бұл ағымдағы котировкадан төмен.
IonQ
Кванттық компьютерлерді әзірлеуші IonQ — The Motley Fool тізіміндегі шағын компаниялар қатарына кірмейтін жалғыз ойыншы, оның капитализациясы $22,7 млрд. IonQ бәсекелестерінен кванттық есептеулерге деген ерекше тәсілі арқылы артықшылыққа ие. Компания қолданатын әдіс иондарды ұстауға негізделген, ал ірі бәсекелестерінің басым бөлігі асқынөткізгіштікке сүйенеді.
Демек, IonQ технологиясында кванттық есептеулерге пайдаланылатын бөлшекті абсолюттік нөлге дейін салқындатудың қажеті жоқ. Бұл шығынды азайтады және кванттық есептеулерді көбірек компания үшін қолжетімді етеді. Сонымен қатар, осы әдістің арқасында IonQ кванттық есептеулердің дәлдігі бойынша әлемдік рекорд орнатты. Қазір сала шешуге тырысып жатқан басты міндет осы болғандықтан, The Motley Fool қазіргі кезеңде оның қағазына басымдық береді.
MarketWatch дерегінше, IonQ акциясына қатысты Уолл-стрит сарапшылары тоғыз рейтинг берген: алтауы — «сатып алу», үшеуі — «ұстау». Орташа мақсатты баға $64,63, бұл ағымдағы котировкадан төмен.








